«Шымкент зообағынан» – «Оңтүстік циркке» Избранное

Понедельник, 26 Сентябрь 2016 04:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5481 раз

Зообақта осыдан бір ай бұрын жыртқыш аңдардың саны екі абданмен толыққан еді. Абдан – Арыстанның баласы. «Шымкент зообағы» мекемесінің басшысы Нұрғазы Бұхарбаев сүйкімді қос абданды «Оңтүстік-Циркке» тапсыруға ұсыныс жасады.

kushikterМұндай ұсынысты қуана қабыл алған цирк директоры Арман Әлиев аңдарды үйретуші маманмен бірге кішкентай жыртқыштармен танысып қайтты. Олардың денсаулығы жақсы. Қала тұрғындарының қызығушылығын оятқан абдандар енді цирк алаңында көрермен көзайымына айналады. Қос басшы қолға алған игі іс алдағы уақытта да жалғасатынын хабарлады.
– Келесі апта арыстанның балаларын толығымен «Оңтүстік цирк» мекемесіне жайғастырамыз. Ал оларға ат қоюға байқау жариялауды көздеп отырмыз, – дейді Арман Махмұтұлы.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.