Тұрғындар талабы орындалады Избранное

Пятница, 20 Январь 2017 06:37 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3659 раз

16114338 1450614338281907 7846785444572630802 n 1Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың жылдық есебінің кезекті жиыны Қ. Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейде өтті. Аудан әкімі тұрғындарды бір жылда атқарған жұмыстарымен таныстырды.


Қаланың орталығы саналатын ауданда коммуналдық мәселелер біршама шешімін тапқан. Ауданда халыққа күнделікті қажетті инфрақұрылым толық шешілген деуге болады. Бүгінгі кездесуге келгендер әкім жұмысына баға беріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. 

– Балакиреев көшесін жауып тастап, шағымданғанымыздан кейін қайта ашты. Біз Мәметова көшесінің бойына аяқжол салуды сұрадық, оны салып берді. Әсіресе, аулалардың жарықтандырылғаны көпшіліктің көңілінен шықты. Жоғарыға орнатылған жарық прожекторлар үшін қала басшылығына деген ризашылығымыз шексіз, – дейді зейнеткер А. Тазутдинов.

Дегенмен өзекті мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, Рысқұлбеков көшесі жолының ойықтарын жөндеу жұмыстары қолға алынуы тиіс. Тұрғындар мұнда жөндеу жұмысының жыл сайын жүргізілетінін, нөсер жаңбырлардан кейін қайта ойылатынын, себебі ирригациялық қашыртқылардың жоқ екенін айтады. Ал, қаптаған жеке хабарландырулар бағаналарға, аялдамаларға, тіпті көпқабатты үйдің кіреберіс сыртқы есіктеріне дейін жапсырылып тасталуы шектен шыққандықтың көрінісі. «Хабарландыру иелерін бұл үшін ақы төлеуге міндеттейік, бұл да бюджет үшін қосымша кіріс көзі», – дейді А. Тазутдинов. 

Жиынға келгендердің қатарында әкімге сауал жолдап, көмек сұрағандар да бар. Аудан тұрғындары кәріз жолдарына гараждардың кедергі келтіріп отырғанын жеткізді. Әкім бұл мәселені қарап, шешімін табатынын айтты. Сонымен қатар, кездесуге келген Меруерт Ашева №79 мектептің 1938 жылы салынғанын, ескі екенін, жаңа мектеп салуға өтінішін білдірді.

DSCN0568

Екі сағатқа жуық өткен кездесуде аудан әкімі өткен жылы жасаған тірліктері мен алдағы жоспарын тәптіштеп түсіндіріп берді. Әкімнің 40 минуттық баяндамасын тыңдап, көкейдегі сауалдарын қойған көпшілік атқарылған жұмысқа жақсы деген баға берді.

 Әл-Фараби ауданы бойынша жалпы 4156 көп балалы ана бар, олардың 423 «Алтын алқа» және 1152 «Күміс алқа» иегерлері.

Последнее изменение Пятница, 20 Январь 2017 09:35
Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.