Расим АХМЕДОВ, жеке кәсіпкер: «Еңбек етемін дегенге барлық жағдай бар»

Среда, 01 Март 2017 08:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3942 раз
IMG-20170228-WA0004– Өзге ұлт өкілдері секілді, біздің де қазақ жұртына айтар алғысымыз мол. Өзім және бауырларым осында туып, осында қызмет етіп жатырмыз. Әкем Васип 1944 жылы Грузиядан осы өңірге жер аударылған екен. Содан бері тұрақтап қалып қойған. Түрік халқын сол кезде жатсынбай, құшақ жая қарсы алғаны үшін Қазақ еліне қарыздармыз. 
Қазіргі таңда құрылыс саласында қызмет ететін «Достық» ЖШС-ін басқарамын. Онда 30 адам жұмыс істейді. Бүгінде Түркия елімен алыс-берістігіміз дамып келеді. Елде кәсіппен шұғылдануға барлық жағдай бар. Тек еңбек етіп, елдің дамуына асталысуымыз қажет. Келешекте жұмыс ауқымын кеңейтіп, жылыжай өндірісін дамыту жоспарымызда бар. 
Барлық мақсат-мүддеміз – елге қызмет ету. Ұлттық мерекелерге, тағылымды іс-шараларға белсене қатысуды, ұлттар арасындағы татулықты дәріптеуді міндет санаймын.
Последнее изменение Среда, 01 Март 2017 09:01
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.