«Шабыт шеруіне» 15 мың оқушы қатысты

Пятница, 02 Июнь 2017 08:18 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4847 раз

Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше салтанатты шеру өтті. Облыстық әкімшілік-іскерлік орталығының алаңында балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің «Шабыт шеруі» атты іс-шарасы көңілді көтерді.

shabyt-sherui-43

Мұндай жиын облыста алғаш рет қолға алынып отыр. Барабаншылар отряды, үрмелі аспаптар оркестрі мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары жүріп өтті.
Шараға жалпы 15 мың оқушы мен 210 студент қатысты. Қызықты репертуар, музыкалық инструменттердің әртүрлілігі, шығармалардың түпнұсқалығы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтің бірігуі музыкалық-театрландырылған шеру мерекелік көңіл күй сыйлады. Әр білім ошағының балалары жүріп өткен кезде сол мектептің жетістіктері айтылды.
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев балаларды мерекемен құттықтап, мұндай іс-шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.
– Облыста соңғы жылдары бала санының арта түскені байқалады. 2016 жылы 80 мыңға жуық нәресте дүниеге келіп, аймағымыз демографиялық көрсеткіштермен көш бастады. Өңірде мектеп жасындағы балалар саны 611 мыңнан асты. Сонымен бірге жыл сайын мектептердегі оқушылар саны шамамен 30 мыңға артуда. Осыған орай, алдағы бес жылда 205 жаңа мектептің құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз, – деді Жансейіт Қансейітұлы жиынның ашылу салтанатында.
Айта кетсек, бүгінде облыста өнерлі жастардың шабытын шыңдайтын 26 арнайы мектеп жұмыс істейді. Жалпы онда 15 мыңға жуық оқушы білім алуда. Аталған оқу орындарының жетістіктері де баршылық. Өнерпаз оқушылар республикалақ сайыстарда 6 рет бас жүлдені жеңіп алса, 9 мәрте халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.