«Келісіп пішкен тон келте болмайды» Избранное

Среда, 02 Октябрь 2019 05:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 113 раз

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамы 2019 жылғы 29 наурызда құрылып, бүгінге дейін 40 ұсыныс əзірлеген. Бұл туралы Қоғамдық кеңес төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мəлімдеді.

 DSC4074

Қазақстанда республикалық және жергілікті деңгейде 229 қоғамдық кеңес бар. Оның 16-сы республикалық деңгейде, ал 213-і облыстық деңгейде маңызды стратегиялық проблемаларды қарап, жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз етуде. Жалпы, елімізде Қоғамдық кеңес жұмыстарына 4 мыңға жуық адам жұмылдырылса, оның 22%-ы мемлекеттік, 20 %-ы үкіметтік емес ұйым өкілдерінен тұрады.

Елбасының «Бес институционалды реформа – елді дамытуда және оны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында құрылған Шымкенттегі кеңес құрамында 25 мүше бар.

– Аз ғана уақыт өткенімен Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің алғашқы құрамынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бір депутаты, бір қала əкімі жəне орынбасары шықты. Бұл кеңес құрамының сапалылығын дəлелдейді. Қоғамдық кеңестің құрамын толықтыру туралы алдағы уақытта shymkent.gov.kz ресми сайтында жарияланады, - деді кеңес төрағасы.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес көпшіліктің талқысына жиі түсетін балалар теміржолының орнына жүгіруге арналған жол салуды ұсынған.

– Күні кеше қаламызда марафон өтті. Қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын іс-шараға қатысушылар саны да артқан. Олар белгіленген шақырымды жүгіріп өткенше жол жабылды. Егер қалада осындай марафон ұйымдастыратын орын болса, жол жабылмас еді əрі халық салауатты өмір салтын ұстауға бет бұрар еді. Ал теміржолды қайта қалпына келтіру мүмкін емес.

Оның айналасындағы бос жатуы тиіс жердің бəрі сатылып кеткен. Жекеменшік үйлер салынған. Оның бəрін қайтаруға бюджет қаржысы жетпейді, – дейді Н.Бұхарбаев.
Нұрғазы Бақтыбайұлының айтуынша, Кеңестің алғашқы отырысында қала жастарының мәслихатын құру туралы шешім қабылданған. Қазір жастар мәслихаты құрамына 29 депутат сайланды.

Последнее изменение Среда, 02 Октябрь 2019 05:40
Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.