Жергiлiктi полиция қызметiне үмiткерлер таңдалды Избранное

Среда, 03 Февраль 2016 05:31 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4166 раз

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 56-шы сессиясында жергілікті полиция бөлімдері басшылығына үміткерлер ұсынылды. Сессия жұмысына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, ОҚО әкімдігінің бас инспекторы Шоқан Қоңырбаев қатысып отырды.

preview-imageСессияда баяндама жасаған ОҚО әкімдігінің бас инспекторы Шоқан Қоңырбаев Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция бөлімінің бастығы лауазымына үміткерлерді ұсынды. Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті әкімшілік полиция қызметінің бастығы лауазымына полиция подполковнигі Мейрхан Данияр Мейрханұлы үміткер деп танылды. Ал Абай ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция майоры Арыстанбеков Руслан Бектайұлы, Әл-Фараби ПБ бастығы лауазымына полиция полковнигі Кенжебаев Ерғали Мамырұлы,
Еңбекші ПБ бастығы лауазымына полиция подполковнигі Серікбай Бегалы Серікбайұлы, Қаратау ПБ бастығы лауазымына полиция майоры Жұманов Сейдалы Оразалыұлы ұсынылды. Депутаттар жергілікті полиция бөлімі бастығына ұсынылған үміткерлерді бірауыздан қолдады.
– Бүгін біз маңызды шешім қабылдап жатырмыз, – деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. – Қаладағы экономика саласындағы мәселелерден бөлек, халықтың қауіпсіздігі өте маңызды. Елбасы Н. Назарбаевтың Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 30 және 31-қадамдарында жергілікті полиция қызметін құру керектігі туралы тапсырма жүктегені белгілі. Осы уақытқа дейін ішкі істер саласында біраз жұмыстар атқарылды. Енді бұл жұмысты ары қарай жандандырып, биік деңгейге көтеруіміз қажет. Биыл қазына қаржысынан қомақты қаражат бөлінді. Жол инспекторларына жаңадан көлік алынып, бейнебақылаулар қойылып, техникалық базасы нығайтылады.