×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Сот процестерi бейнебақылауда болады

Пятница, 29 Январь 2016 06:31 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3848 раз

Өткен жылы сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар бойынша 51 адамға айыппұл салынып, нәтижесінде, мемлекет пайдасына жалпы сомасы 250 миллион теңге көлемінде қаржы өндірілген. Жергілікті БАҚ өкілдерін жиып, өткен жылды қорытындылаған облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов Ұлт Жоспарында көрсетілген негізгі міндеттерді де атап өтті. Яғни, заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытында 2-реформада белгіленген 11 қадам тікелей сот жүйесіне қатысты болып отыр.

g12dfd– Бүгінгі таңда облыс соты жаңа Заңнамаға сәйкес, үш сатылы жүйеде сот төрелігін жүзеге асыруға кірісті, – дейді Нұрсерік Кәрімұлы. – Осы бағытта, қылмыстық істердің аппеляциялық тәртіппен қаралу мәселесі бойынша өткен жылы 33 тұлғаға қатысты үкім бұзылған. Оның 10-ы жәбірленуші мен айыпталушының татуласуына байланысты қысқартылған.

Жыл есебінен белгілі болғандай, облыс аумағында қылмыстық істерде айтарлықтай өсім бар екені байқалады. Яғни, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға артқан. Осы орайда, облыстық соттың төрағасы сот процестерінің әділдігін қамтамасыз ету мақсатында 110 залдың 46-сына бейнебақылау құрылғылары орнатылғанын атап өтті. Ондағы жазбаны өзгертуге, тоқтатуға ешкімнің құқығы жоқ. Абай аудандық сотында пилоттық жоба ретінде бастау алған жұмыстар өз нәтижесін де беріп отыр. Облыстық соттың өткен жылда атқарған жұмыстары жоғары бағаланып, республика деңгейінде үздік үштіктің қатарынан көрініпті. Айта кетейік, ондағы жұмыс нәтижелері 8 критерий бойынша анықталған.