ӘЛЕУЕТТІК ҚАУІП ЖАҒДАЙЛАРЫНДА НЕМЕСЕ ТЕРРОРИСТІК АКТ ЖАСАЛҒАНДА, СОНДАЙ-АҚ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОПЕРАЦИЯ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ІС-ҚИМЫЛЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Пятница, 24 Март 2017 09:11 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2385 раз

     - Күдікті адамдарға, заттарға, кез келген күдікті ұсақ-түйектерге назар аударыңыздар. Барлық күдікті нәрселер туралы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне хабарлаңыз;

  • бейтаныс адамдардан пакеттер мен сөмкелер ешқашан қабылдамаңыздар, өз қолжүктеріңізді қараусыз қалдырмаңыз;
  • төтенше жағдайларда отбасының іс-әрекет жоспары болуы тиіс, отбасының барлық мүшелерінде телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары болуы қажет;
  • шұғыл жағдаяттарда өз отбасыңыздың мүшелерімен кездесе алатын кездесу орнын белгілеу қажет;
  • үй-жайдан шығатын резервтік шығу орындарының қайда орналасқанын әрқашан біліп жүріңіз;
  • лифтіні пайдаланбаңыз;
  • қандай жағдай болса да үрейге берілмеңіз.
  • әңгімені сөзбе-сөз есте сақтап қалуға және оны қағазға жазып алуға тырысыңыз;
  • әңгіме барысында телефон соғушының жынысын, жасын және оның сөйлеу ерекшелігін белгілеп алыңыз;
  • міндетті түрде дыбыстық фонды белгілеп алыңыз (автомашиналардың немесе теміржол көлігінің шуылы, теле-радиоаппаратура дыбысы, дауыстар, басқалар);
  • қоңырау шалу сипатын   белгілеңіз - қалалық па немесе халықаралық па;
  • міндетті түрде әңгіменің басталуының дәл уақытын және оның ұзақтығын белгілеңіз;
  • Өзіңіз шешім қабылдау немесе қандай да бір іс-әрекет жасау үшін телефон соғушыдан барынша көп ықтимал уақыт аралығына қол жеткізуге тырысыңыз;
  • әңгіме туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыз;
  • әңгіме фактісі және оның мазмұны туралы хабарды таратпаңыз;
  • ақпаратқа ие адамдардардың санын барынша шектеңіз;
  • нөмірді автоматты түрде анықтау (НАА) мүмкіндігі бар болғанда анықталған телефон нөмірін дәптерге жазып алыңыз, бұл оны кездейсоқ жоғалтып алуды болдырмауға мүмкіндік береді;
  • дыбысты жазып алу аппаратурасын пайдалану кезінде әңгіме жазылған кассетаны (минидискіні) бірден шығарып алыңыз және оның сақталуы бойынша шара қабылдаңыз. Оның орнына басқасын орналастырыңыз.
  • Бұл адам қайда, кімге, қандай телефонмен қоңырау шалып тұр?
  • Ол қандай нақты талаптар қояды?
  • Талаптарды жеке өзі қоя ма, делдал рөлінде ме немесе қандай да бір адамдар тобын танытып білдіре ме?
  • Ол немесе олар ойластырған әрекеттерінен қандай шарттарда бас тартуға келіседі?
  • Онымен қалай және қашан байланысуға болады?
  • Бұл қоңырау шалу туралы Сіз кімге хабарлай аласыз немесе хабарлауға тиіссіз?
  • Егер сіздің пікіріңізше табылған зат бұл жерде болмау керек болса, бұл фактіні назар аударусыз қалдырмаңыз.
  • Егер сіз қоғамдық көлікте ұмыт қалған немесе иесіз затты тапсаңыз, жанындағы адамдардан сұрап шығыңыз. Оның кімдікі және оны кім қалдыруы мүмкін екенін анықтауға тырысыңыз. Егер қожайыны анықталмаса, табылған зат туралы жүргізушіге (машиниске) дереу хабарлаңыз.
  • Егер сіз белгісіз затты өз үйіңіздің кіре берісінде тапсаңыз, көршілерден сұраңыз, мүмкін ол көршілерге тиесілі болар. Егер иесі анықталмаса – дереу полицияның тірекпунктіне хабарлаңыз.
  • Егер сіз белгісіз затты мекемеде тапсаңыз, табылған зат туралы дереу әкімшілікке немесе күзетке хабарлаңыз.
  • табылған затты ұстамаңыз, жылжытпаңыз, ашпаңыз;
  • затты анықтау уақытын белгілеңіз;
  • адамдар табылған заттан мейлінше алысырақ кетуі үшін барлық мүмкіндікті жасауға тырысыңыз;

     • эвакуация жағдайында, өзіңізбен бірге бірінші қажеттіліктегі заттардың жиынтығын және құжаттарды алыңыз;

 

Террористік сипаттағы қорқыту мазмұндағы хабарламаны телефонмен қабылдау тәртібі

Қоңырау шалушының сөйлеу ерекшелігін белгілеңіз

 

Даусы: қатты/жай, төмен/жоғары.

Сөйлеуі: анық, бұрмаланған, кекештенумен, шолжың, акцентпен немесе диалектімен.

Сөйлеу қарқыны: тез / жай.

Сөйлеу мәнері: әдепсіз, келемеждеумен, балағат сөздермен.

 

 

Әңгіме барысында келесі сұрақтарға жауап алуға тырысыңыз:

Жарылғыш құрылғы болып шығуы мүмкін күдікті затты табу

 

Соңғы уақытта азаматтардың жарылғыш құрылғы болып шығуы мүмкін күдікті заттарды табу жағдайлары жиі анықталуда. Мұндай заттарды көлікте, саты алаңшаларында, пәтер есіктерінің жанында, мекемелерде және қоғамдық орындарында табады.

Олар табылған кезде адам өзін қалай ұстау керек және қандай іс-әрекет жасауы қажет?

Барлық аталған жағдайларда:

•   міндетті түрде жедел-тергеу тобының келуін күтіңіз

Есте сақтаңыз: заттың сыртқы түрімен оның ішкі мазмұны сәйкес келмеуі мүмкін. Жарылғыш құрылғыға бүркеме ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар пайдаланылады: сөмкелер, пакеттер, қорапшалар, ойыншықтар және т.б.


Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан прокуратурасының
прокуроры кіші әділет кеңесшісі Е.Т.Сейтбеков

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.