«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ҮШІН САНАМЫЗ ӨЗГЕРУІ КЕРЕК»
Суббота, 28 Сентябрь 2024 17:36
⠀
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешітте қала имамдарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелерін талқыға салды. Дін саласындағы мемлекеттік саясат, ұлттық идеология, ұрпақтар сабақтастығы жөнінде еркін форматта әңгімелесті. ⠀
⠀
Басқосуда Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. М.Отарбаев қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, мемлекеттік саясат, қоғамдық сананы дамыту бағытында өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. ⠀
⠀
-Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан, адал азамат қағидасын әрдайым айтып келеді. Әділетті Қазақстанды құру үшін санамыз өзгеруі керек. Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды насихаттап, тарихи сананы жаңғырту, жалпы мемлекетшілдік дәстүрді халыққа жеткізуіміз керек. Сіздер діни ғана емес, ұлттық идеология жолында да қызмет етіп келесіздер. Мемлекет басшысы айтқандай, біз озық ойлы ұлтқа айналуымыз қажет. Бүгінде қоғамдық мәдениетті дамыту, ұлттық бірлік пен ынтымақты сақтау - маңызды міндет. 6 қазанда өтетін жалпыұлттық Референдум саяси мәдениетті қалыптастыру жолы, - деді Мәлік Нұржанұлы.⠀
⠀
Сондай-ақ, жиында қоғамдық мәдениетті дамыту, ұрпақтар сабақтастығын жалғау, мемлекетшілдік дәстүрді жалғастыру мәселелері талқыға түсті. ⠀
⠀
Шаһарда бүгінде 94 мешіт жұмыс істейді. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуде тиісті жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.
“ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТҚА АЙНАЛУ ҮШІН…”
Суббота, 28 Сентябрь 2024 17:30Қалалық Жастар ресурстық орталығында ҚР Президентінің кеңесшісі М.Отарбаевтың Президент Жолдауын түсіндіру бойынша жастармен кездесу іс-шарасы өтті. ⠀
⠀
Мәлік Нұржанұлы кездесуде қоғамдағы өзгерістерге жастардың қатысуы қажет екенін айтты. Сондай-ақ, жастардың саяси өмірге араласуын ынталандыру, пікір алмасу және идеяларды жүзеге асыру үшін бірлескен күш-жігердің маңызын жеткізді. Жастарды кітап оқуға ынталандыру, қоғамдық сананы дамыту бағытында өз ойларымен бөлісті.⠀
⠀
– Қазіргі бәсекелестік заманында жастардың нақты мақсаты болуы тиіс. Біз кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек. Кітап оқыған жастар, азаматтар өз ұлтын сүйеді, өмірге деген құштарлығы артады. Қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеп, озық ойлы ұлтқа айналу үшін кітапқа, білім-ғылымға қызығушылық артуы керек, – деді М.Отарбаев.⠀
⠀
Спикерлер алдағы Референдумның және Президент Жолдауының негізгі аспектілерін түсіндіріп, жастарды белсенділік танытуға шақырды.⠀
Кездесу соңында қатысушылар алдағы Референдумға дайындықты жеделдету және жастар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтіп, көкейдегі сұрақтарын қойды.
«Атом электр станциясының құрылысы» медиа кеңістігіндегі ең танымал тақырып
Суббота, 28 Сентябрь 2024 10:32
Қазақстан интернет қауымдастығының басшысы Шавкат Сабиров «Facebook» желісіндегі парақшасында «mediametrics.kz» сервисінің индикаторлары бойынша желілік БАҚ пен әлеуметтік желілерді бақылау нәтижелерін жариялады. ⠀
⠀
«Әр 5 секунд сайын біз 1500-ден астам онлайн БАҚ-тан мәліметтер аламыз. Атом электр стансасын салу жөніндегі референдум тақырыбы бойынша Қазақстанның ақпараттық өрісін талдадық», – басылымда атап өтілді.⠀
Атап айтқанда, Ш. Сабиров 16-22 қыркүйек аралығындағы апталық мониторинг мәліметтерін ұсынды. Талдау үшін іздеу кілт сөздері таңдалды: «атомдық электр станциясы», «энергия тапшылығы», «атомдық электр станциясы», «атомдық энергия», «бейбіт атом», «ядролық реактор», «референдум», «Үлкен ауылы» және т.б.⠀
⠀
Сервистің қызмет көрсету нәтижесінде желілік БАҚ-та 3 мыңнан астам жарияланым тіркелді, оның 80%-ға жуығы бейтарап, 18%-ы оң, қалғаны (2%) теріс.⠀
⠀
Әлеуметтік желілерде, автор атап өткендей, цифрлар әлдеқайда жоғары: 80 мыңнан астам ескертпелер, олардың көпшілігі бейтарап (82%), 16% оң және 2% теріс.⠀
⠀
Сонымен қатар, автордың жарияланымы интернет-БАҚ-та талқыланатын негізгі тақырыптарды көрсетеді:⠀
⠀
- электр энергиясының тапшылығы проблемасы;⠀
- ⠀
- АЭС жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздігі;⠀
- ⠀
- елдің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру (орта және ұзақ мерзімді перспективада);⠀
- ⠀
- экономиканың, ғылымның дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға әсер ету;⠀
- ⠀
- экономикалық өсу үшін елдің энергетикалық әлеуетін арттыру;⠀
- ⠀
- «атом энергетикасының» жаңа саласын қалыптастыру және құру;⠀
- ⠀
- ядролық медицинаның дамуы.⠀
⠀
Зерттеудің қорытындысында автор АЭС тақырыбы мен Республикалық штаб қызметінің кеңінен қамтылғанын (интернеттегі БАҚ-та айтылғандардың 30%-дан астамы), сондай-ақ сарапшылардың, қоғам белсенділерінің, депутаттардың және белгілі бір тұлғалардың ядролық энергетиканы қолдаудағы жоғары белсенділігін атап өтеді (басқа тақырыптар: армия реформасы, құқық қорғау органдарындағы өзгерістер, жекелеген банктердің проблемалары, суицид және т.б.).
КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ
Суббота, 28 Сентябрь 2024 09:48Бүгінгі таңда Қазақстан үшін атом электр станциясын салу мәселесі өзекті болып отыр. АЭС салу әлемдік тәжірибе⠀растап отырғандай, маңызды бағыттардың бірі.⠀
⠀
Қазақстан экологиялық энергия көздеріне мұқтаж. Өздеріңізге мәлім, бүгінгі таңда күнделікті тұрмыста да электр қуатына деген тәуелділік артып отыр.⠀
⠀
АЭС жобасы Қазақстан экономикасының көптеген салаларына серпін беріп, импортты азайтып, энергетикалық тұрақтылыққа, білікті жұмыс орындарының ашылуына және ядролық физика бағытындағы ғылыми-зерттеудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзекті. ⠀
Қазақстанға АЭС салу мәселесі 90-жылдардан бері⠀күн тәртібінде тұрған тақырып. АЭС құрылысын бастап, жүйеге салу да уақытты талап етеді. Шамамен, он жылға жуық уақытты алатын құрылыс оңай басатама емес екені де рас. ⠀
⠀
Медицина маманы ретінде айтарым қазіргі таңда медицина саласында бүкіл аппараттар электр қуатына тәуелді, зерттеу жұмыстарын электр қуатынсыз жүзеге асыру мүмкін емес екенін жақсы білесіздер. Сондықтан атом электр станциясын салу қажет деп есептеймін. Шымкент қаласы үшінші мегаполис болғанына да бірнеше жылдар өтті. Бізде онкологиялық ауруларды анықтайтын аппарат жоқ, себебі ол аппартты орнатайын десек үлкен электр қуатын талап етеді. Электр қуатымыздың жетіспеуіне байланысты бұл аппаратты орната алмадық және тұрғындарымыз тексерілу үшін Астана, Алматы қалаларына немесе көрші Өзбекстан елінің Ташкент қаласына баруға мәжбүр болып отыр. Біз электр қуатына да үлкен қаржы төлейміз, егер өзімізде атом электр станциясы салынса экологиялық таза қуатқа қол жеткізер едік. АЭС азаматтардың денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді. Сіздерді 2024 жылдың 06 қазанында өтетін мемлекеттік маңызы бар АЭС салу бойынша референдумға қатысуға шақырамын.⠀
⠀
Бақытжан Позилов,⠀
№2 қалалық емханасының бас дәрігері, ШҚ мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясы фракциясының мүшесі
Ел тарихындағы маңызды стратегиялық шешім
Суббота, 28 Сентябрь 2024 09:466 қазан күні елімізде атом электр станциясын салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Әрине, бұл бүкіл халықтың, мемлекеттің өміріндегі аса маңызды стратегиялық мәселе. Сондықтан референдумға дейін атом энергетикасы саласындағы сарапшылар мен мамандардың пікіріне сүйене отырып, оң және теріс жақтарын таразылауымыз керек. Бұл мәселе бойынша объективті ақпарат халыққа қолжетімді болуы керек. Өйткені, атом электр стансасын салу қаншалықты қауіпсіз деген сауал әрбір саналы азаматты толғандырады. ⠀
⠀
АЭС мамандардың түсіндіруінше, базалық генерацияның экологиялық ең таза түрі, атом электр стансасынан экология еш зардап шекпейді, ол көміртексіз энергияның негізгі құрамдас бөлігі саналады. Керісінше, бұл электр орталығы парниктік газдың әсерін азайтуға көмектеседі. Айталық, 1000 МВт болатын атом электр станциясын жыл сайын пайдаланса да, парниктік газдар шығыны 8 миллион тоннаға азайып отырады. Атом электр стансалары көмір немесе табиғи газ қондырғыларына қарағанда отынды әлдеқайда аз тұтынады, бұл көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Оның үстіне ол сарқылмас қуат көзі.⠀
⠀
Қазіргі таңдай көпшілікті мазалайтын сұрақ, бұл, қай⠀елдің реакторын таңдайтынымыз және қай жерге салынатыны. Бұл мәселн елімізде референдум өтіп, оны халық қолдаған соң ғана белгілі болмақ. Сондықтан еліміз үшін маңызды шарадан тыс қалмай, 6 қазанда өтетін референдумға белсене қатысайық. ⠀
⠀
Нұргүл Қобланова,⠀
Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі
«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ҮШІН САНАМЫЗ ӨЗГЕРУІ КЕРЕК»
Пятница, 27 Сентябрь 2024 10:32ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешітте қала имамдарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелерін талқыға салды. Дін саласындағы мемлекеттік саясат, ұлттық идеология, ұрпақтар сабақтастығы жөнінде еркін форматта әңгімелесті. ⠀
⠀
Басқосуда Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. М.Отарбаев қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, мемлекеттік саясат, қоғамдық сананы дамыту бағытында өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. ⠀
⠀
-Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан, адал азамат қағидасын әрдайым айтып келеді. Әділетті Қазақстанды құру үшін санамыз өзгеруі керек. Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды насихаттап, тарихи сананы жаңғырту, жалпы мемлекетшілдік дәстүрді халыққа жеткізуіміз керек. Сіздер діни ғана емес, ұлттық идеология жолында да қызмет етіп келесіздер. Мемлекет басшысы айтқандай, біз озық ойлы ұлтқа айналуымыз қажет. Бүгінде қоғамдық мәдениетті дамыту, ұлттық бірлік пен ынтымақты сақтау - маңызды міндет. 6 қазанда өтетін жалпыұлттық Референдум саяси мәдениетті қалыптастыру жолы, - деді Мәлік Нұржанұлы.⠀
⠀
Сондай-ақ, жиында қоғамдық мәдениетті дамыту, ұрпақтар сабақтастығын жалғау, мемлекетшілдік дәстүрді жалғастыру мәселелері талқыға түсті. ⠀
Шаһарда бүгінде 94 мешіт жұмыс істейді. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуде тиісті жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.⠀
⠀
«Шымкент келбеті»
АЭС – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІК
Пятница, 27 Сентябрь 2024 10:26Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі Нұргүл Қобланова Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубы КММ мекемесіне барып, мекеме қызметкерлері мен спорт клубының жаттықтырушыларына елімізде АЭС соғылуына қатысты талқылау өткізді. Талқылауда АЭС-тің пайдасы мен зиянды тұстарын, сондай-ақ, ел экономикасына тигізер әсері сөз болды. ⠀
⠀
– АЭС маманының түсіндіруінше, базалық генерацияның экологиялық ең таза түрі, атом электр стансасынан экология еш зардап шекпейді, ол көміртексіз энергияның негізгі құрамдас бөлігі саналады. Керісінше, бұл электр орталығы парниктік газдың әсерін азайтуға көмектеседі. Айталық, 1000 МВт болатын атом электр станциясын жыл сайын пайдаланса да, парниктік газдар шығыны 8 миллион тоннаға азайып отырады. Атом электр стансалары көмір немесе табиғи газ қондырғыларына қарағанда отынды әлдеқайда аз тұтынады, бұл көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Оның үстіне ол сарқылмас қуат көзі, – дейді Нұргүл Төрезқызы. ⠀
⠀
Сондай-ақ, жиналған қауым өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Атап айтқанда, көпшілікті АЭС соғылса, онда қандай мамандар жұмыс істейді деген сұрақ мазалайды. ⠀
«Қай елдің реакторын таңдайтынымыз да, қай жерге салынатыны да елімізде референдум өтіп, оны халық қолдаған соң ғана белгілі болады. Сондықтан еліміз үшін маңызды шарадан тыс қалмай, 6 қазанда өтетін референдумға белсене қатысайық» деген қоғам белсендісі референдумға келіп,өз таңдауларын жасауды ұсынды.
«Кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек»
Пятница, 27 Сентябрь 2024 06:10Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен “Сенің ортаң” жобасы аясында Дулат Исабековтің танымал “Сүйекші” шығармасының талқылауы өтті.