Опера және балет театрының XVII маусымы ашылды
Понедельник, 30 Сентябрь 2024 09:38Шымкент қалалық опера және балет театры XVII маусымның шымылдығын Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсымен ашты.
«Домалақ ана» – алғаш рет 2021 жылы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында көпшілікке жол тартқан еді. Көрерменнің көңілінен шыққан опера, бүгінде еліміздің көптеген қалаларында сахналанған. Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры, идея авторы Майра Мұхамедқызы әр жаңа маусымның шымылдығын дәл осы «Домалақ ана» операсымен ашуды дәстүрге айналдырдық дейді.
- Жаңа маусымда жаңалық көп. Соның бірі әлемдік үздік 10 операның алды болған Пушинидің «Мадам баттерфляй» операсын көрерменге ұсынбақпыз. Қазір театр әртістері дайындық үстінде. Жоспар бойынша премьера желтоқсан айының 13-15 аралығында сахналанбақ. Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтың және Мәдениет басқармасының қолдауымен театрымызға жас буындар келіп, ортамыз кеңейіп жатыр. Мәдениетке деген көзқарастың түбегейлі өзгеріп, жан-жақты қолдаудың болуы бізді қуантады. Өркенниеттің дамуы мәдениетпен ұштасуы тиіс,-дейді Майра Мұхамедқызы.
Қойылым екі актілі, 160 әртіс рөл сомдайды. Операның композиторы – ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық байқаулардың лауреаты Тасқын Жармұқамет. Либреттосын жазған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Асхат Маемиров. Идея авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы. Қоюшы-режиссер – ресейлік «Үлкен театр» режиссерлік тобының меңгерушісі, Ресей және әлем опера театрларының опера қоюшысы Михаил Панджавидзе.
Жалпы, қазақ тарихындағы аты аңызға айналған әйелдердің ішінде қасиетті «Домалақ ана» туралы оқиға тарихи шындығымен дараланып тұратын шығарма. Қазақ халқының өзіне тән қасиетті ана бейнесі «Домалақ ана» операсында тереңдікпен жеткізген.
Гүлжауһар БАЖАҚАЙ
Туризм саласында білім алатын жастарға жол көрсетті
Понедельник, 30 Сентябрь 2024 09:32Шымкент қаласыныңтуризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен қаламыздың туризм саласында білім алған студенттер ментүлектерді қолдау тұрғысында осы саладағы білікті мамандармен кездесуі өтті.
Аталған форумның мақсаты жас мамандардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау, ішкі туризм саласы мен, «Visit Shymkent» ТАО қызметімен таныстыру, студенттерді өндірістік тәжірибеге тарту, одан әрі жұмысқа орналастыруға ықпалету болып табылады. Еркін форматтағы жиынға қаламыздың жоғары және колледж студенттері мен түлектерінен жиналға 400-ге жуық жастар қатысты.
Іс-шара барысында жастар туризм саласында тәжірибелі мамандардан пайдалы кеңестер мен нақты бағыт-бағдар алды. Әрбір қатысушы көкейіндегі сұрағына жауап алып, кәсіби және шығармашылық идеяға толы талқылауға қатысты. Бұл өз кезегінде бизнес байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік бермек.
Келген қонақтар жетістікке жету жолындағы еңбектері мен тәжірибелі сабақтарымен бөлісіп, жастарға жол көрсетті. Сарапшылар өздерінің білім қорымен және жастарға біліктіліктерін дамытуға көмектесетін сәтті жобаларымен бөлісті. Тіпті гид қызметіне нақты мысалдар келтіріп, кездесудің маңызын ашты.
– Туризм көптеген елдерде ерекше басымдыққа ие сала. Елімізде енді дамып келе жатқан салада шағын, орта және ірі бизнестің бірқатар алатын орны бар. Мәселен, жол бойы сервисі желілерін, қонақүйлер ашу сияқты. Дегенмен негізгі міндет – адамдарды қаламызға тартып, бірнеше күнге қалуға, қаржыларын осында жұмсап, кәдесыйлар алуына, мейрамханаларға баруына жағдай жасау. Осындай тәжирибелерімен бөлісіп келген спикерлерге рахмет, жастар үшін маңызды болды деп есептеймін. Сондай-ақ, жастарға біздің орталықтың есігі әрдайым ашық, орталықта өндірістік тәжірибеден өтуге, біздің тарапымыздан бағыт-бағдар беруге, жұмыспен қамтуға да әзірміз, – дейді «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Умаров.
Салтанат Тұрғантайқызы
Маймыл шешегі туралы не білеміз!?
Четверг, 15 Август 2024 09:09‼️Бүгінгі таңда әлемде, дәлірек айтсақ, денсаулық сақтау саласында, коронавирустық инфекциядан кейін, ең өзекті тақырып – «маймыл шешегі» - сирек кездесетін вирустық зоонозды ауру (яғни, жануарлардан адамға берілетін инфекция), оның белгілері табиғи шешектің клиникалық көріністеріне ұқсас, бірақ аурудың барысы маймыл шешегіне қарағанда әдетте онша ауыр емес. Маймыл шешек вирусы-Poxviridae тұқымдасының Orthopoxvirus тұқымдасына жататын екі-спиральді ДНҚ вирусы.
‼️Маймыл шешегі Батыс Африка елдерінде таралған (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан). Африкада маймыл шешегінің жағдайларының саны тез өсуде. 2016 жылдан бастап, ресми ақпарат көздеріне сәйкес, ауру 20 есе өсті. Ең үлкен індеттер Нигерия мен Конгода тіркелді.
✅Маймыл шешегі ауруының негізгі көзі жабайы жануарлар:
✅приматтар мен кеміргіштер. Инфекция ең алдымен ауа тамшыларымен, сондай-ақ жұқтырған адамның қанымен немесе оның биологиялық сұйықтықтарымен байланыста болған жағдайда, ауру жануардың етін сою және пайдалану кезінде пайда болуы мүмкін.
‼️Берілу жолдары.
✅жабайы жануарлармен байланыс – приматтармен (маймылдармен) және кеміргіштермен байланыс;
✅науқас адаммен тығыз физикалық байланыс (вирус ағзаға зақымдалған тері, тыныс алу жолдары, көз, мұрын және ауыз арқылы, сондай-ақ биологиялық сұйықтықтар арқылы енеді);
✅ауа-тамшы жолымен (жабық үй-жайда науқаспен болған кезде) және тері қабатын зақымдау немесе науқастың биологиялық сұйықтықтары бар заттармен жанасу жолымен жүзеге асырылады.
✅Маймыл шешегінің инкубациялық кезеңі (инфекция уақыты мен белгілердің басталуы арасындағы аралық) әдетте 6-дан 13-ке дейін , бірақ 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін.
‼️Инфекцияның дамуының екі кезеңі бар:
✅инвазия кезеңі (ұзақтығы 0-5 күн), оған қызба, қатты бас ауруы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы (лимфоденопатия), арқадағы ауырсыну, бұлшықет ауыруы және әлсіздік тән.
✅Лимфаденопатия-ұқсас бастапқы белгілері бар басқа аурулармен (желшешек, қызылша, табиғи шешек) салыстырғанда маймыл шешегінің айрықша белгісі болып табылады;
терідегі бөрту кезеңі, әдетте температура көтерілгеннен кейін 1-3 күннен кейін басталады.
✅Бөртпелер көбінесе денеге қарағанда бет пен аяқ-қолдарға шоғырланады. Олар негізінен бетке (95% жағдайда), қолдың алақандары мен табанға (75% жағдайда) әсер етеді. Сонымен қатар, ауыз қуысының шырышты қабаттары (70%), жыныс мүшелері (30%), конъюнктивалар (20%), сондай-ақ көздің мүйізгек қабығы бөртпелерге ұшырайды.
✅Бөртпелер дамудың бірнеше кезеңдерінен өтеді: тегіс негізі бар терінің зақымдануынан бөрпеге (сәл көтерілген қатты түзілімдер), везикулаларға (мөлдір сұйықтықпен толтырылған қабыршықтар) және пустулаларға (сарғыш сұйықтықпен толтырылған қабыршықтар), содан кейін құрғап, түсіп кететін қыртыстарға дейін. Адам ағзасындағы тері зақымдануларының саны бірден бірнеше мыңға дейін өзгереді. Ауыр жағдайларда зақымданулар біріктірілуі мүмкін, бұл терінің үлкен жерлерінің қыртыстануына әкелуі мүмкін.
✅Маймыл шешегінің алдын-алудың негізгі стратегиясы-қауіп факторлары мен вирустың байланысын шектеу шаралары туралы хабардарлықты арттыру. Маймыл шешегінің ең жақын туысы - табиғи шешек 1980 жылы ДДҰ ұйымдастырған ғаламдық вакцинация арқылы жойылды.
ДДСҰ-да маймыл шешегін тіркеуге байланысты вакцинацияны қайта бастау мәселесі қарастырылуда.
Ә. Төлебаев - Шымкент қ. СЭБД басшысы
Кәріз жүйесі не үшін керек?
Среда, 14 Август 2024 09:01Ешқандай тұрғын үй, жылусыз, су жүйесімен жабдықтаусыз, керек болса канализациясыз болуы мүмкін емес. Қажет болған жағдайда, басқа шаруашылық-тұрмыстық жүйелерді қоспағанда, ғимарат қалалық коммуникациялардан алыс орналасқан жағдайда да, тұрғындар жайлы жағдай жасауға тырысады.
Кәріз жүйесі - адам тіршілігінің шаруашылық-тұрмыстық және жаңбырлы сарқынды суларды, сұйық өнімдерді шығаруға арналған сумен жабдықтау мен су бұру жүйесінің құрамдас бір бөлігі.
Шымкент қаласының орталығы және көп қабатты үйлер, жаңа ықшам аудандар орталықтандырылған кәрізбен қамтамасыз етілген. Көбінде бұл қаланың орталық бөлігін қамтып отыр. Қаланың өркендеуімен қала шетіндегі жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандар да септиктермен жабдықталады. Кәрізденбеген және ішінара кәрізденген жерлерде жергілікті су бұруды орнатуға рұқсат етіледі. Бұл сарқынды суларды жинау, уақтылы тазалау жүргізілетін жалпы немесе бөлек жерасты су өткізбейтін гидравликалық сифондары бар қақпақтармен жабдықталған шұңқырларда (септикте) жүзеге асырылуы тиіс. Шұңқырлар (септик) 2/3 бөлігіне дейін толғанда, жиналған сарқынды су ағызу станциясына арнайы автокөлікпен шығарылуы тиіс.
Сарқынды суларды ашық су айдындарына, іргелес аумаққа, сіңіргіш құдықтарға жинауға, ағызуға жол берілмейді. Жан-жағы бетондалған (шұңқырларда немесе септиктерде) жүзеге асырылу қажет.
Бірақ, септиктер әрдайым талаптарға сәйкес жабдықтала бермейді. Көбінесе арнайы жабдықталмаған, жай ғана қақпақсыз, бетон негізі жоқ шұңқырлар қазылып қолданылып жатады.
Септиктерден лас су сарқыны уақтылы сорып шығарылмаған жағдайда, септиктің толып кетуінен сарқынды сулардың төгілуі топырақтың ластануы, жағымсыз иістің болуы, сонымен қатар жұқпалы аурулардың таралуына алып келуі мүмкін.
Мұның бәрі көршілердің шағымдануына әкеліп соқтырады, қаламыздың эстетикалық келбетін бұзады.
Соңғы жылдары қаланың жаңа шағын аудандары мен тұрғын үй алаптарында орталықтандырылған кәріз жүйелерінің құрылысы жүріп, пайдалануға беріліп жатыр. Орталықтандырылған кәріз жүйелеріне қосылу тұрғындарды септиктерді тазалау, шайынды суларды сыртқа ағызу, арнайы автокөлікпен шығару, көршілермен келіспеушілік сияқты мәселелерден құтқарады.
Мәселенің оңтайлы шешімі - тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік объектілерін орталықтандырылған кәріз желілеріне қосу.
автор: А. Ахметов - Шымкент қ.
СЭБД басшысының орынбасары
АБАЙЛАҢЫЗ, БОТУЛИЗМ!
Пятница, 20 Сентябрь 2024 08:56Қазір көкөністер мен жеміс-жидектерден салаттар, тұздықтарды қысқа дайындау (консервілеу) маусымы басталды. Уақыт өте келе үй жағдайында дұрыс дайындалмаған өнімдерді тұтыну салдарынан ботулизммен ауыру қаупі бар.
Осыған байланысты Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботулизмнің алдын алу үшін үйде консервілеу кезінде барлық ережелерді қатаң сақтау керектігін еске салады.
Ботулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын нерв жүйесінің зақымдануымен жүретін, уақтылы емдеу мекемесіне қаралмау нәтижесінде тез арада өлімге әкелетін тамақтан уланудың ауыр түрі.
Ботулизмнің қоздырғышы анаэробты жағдайда көбінесе ауа жоқ жерде көбейеді. Ерекшелігі де міне осында, яғни тағамның түсі, түрі еш өзгеріссіз қалпында қалады. Аурудың ерте белгілеріне аз уақыт ішінде байқалатын тамақтан улану симптомдары жатады ( жүрек айну, құсу, бас ауру) бара-бара бұл ботулизм ауруына тән жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы белгілеріне ауысады (көз еттерінің жансыздануы, қарашығының үлкеюі, заттарды қосақтап көру (диплопия), жарыққа реакцияның болмауы, таңдай еттерінің, тамақтың, кеңірдектің жансыздануы, жұту, шайнау актілерінің бұзылуы және т.б).
Адамның ағзасының улануы көбінесе үй жағдайында технологиялық әзірлеу талабы сақталмай әзірленген азықтарды: баялды (баклажан), қияр, саңырауқұлақ, балық, салаттар, шұжықтар, қақталған балықтарды, т.б. пайдаланғаннан болады.
Ботулизмнің негізгі симптомдары, клиникалық көріністері:
- көздің көруінің нашарлауы «бұлыңғырлану», көз алдының «торлануы», затты екеулеп көруі, қабағының түсуі (птоз);
- сілекей секрециясының бұзылуы, ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, шашалып қалу, көмейінде бірдеңе тұрып қалғандай сезіну;
- дауыс желбезегінің зақымдануы, мұрыннан сөйлеу, тілінің күрмелуі;
- тыныстың бұзылуы.
Ботулизмнің алдын алу жолдары:
- сатып алынған өнімдерді топырақтарын тазалап, ағынды судың астында бірнеше рет тазалап жуу қажет;
- банкілерді, қақпақтарды стерилизациялау әдісіне аса назар аудару қажет;
- өнімдерді консервілеудің режимін сақтау, уксус немесе лимон қышқылын міндетті түрде пайдалану;
- қақпағы көтерілген, түсі бұзылып иісі шыққан банкілерді жедел түрде жою қажет, тіпті дәмін де татудың қажеті жоқ;
- үй жағдайында консервіленген көкөністерді, жемістерді және саңырауқұлақтарды пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
- көшеден үй жағдайында дайындалған салаттар мен консервіленген тағамдарды сатып алмау.
Ботулизмнің алғашқы белгілері айқындалса ТЕЗ АРАДА медициналық көмекке жүгіну керек және өнім қалдықтарын тастамай, зертханалық бақылау үшін сақтаған жөн.
А. Ахметов,
Шымкент қ. СЭБД басшысының орынбасары
Маймыл шешегі
Понедельник, 02 Сентябрь 2024 08:52Маймыл шешегі – вирустық зооноздық ауру (яғни адамға жануарлардан беріледі) және ауру адамнан сау адамға жұғуы мүмкін.
Маймыл шешек алғаш рет 1958 жылы зертханалық маймылдар колониясында табылған. Ал, 1970 жылы бұл аурумен адамдар ауыра бастаған. Маймыл шешегі ауруы әлі күнге дейін Африканың тропикалық орманы көп аймақтарында кездеседі. Конго Демократиялық Республикасындағы алғашқы эпидемия кезінде кем дегенде 450 адам қайтыс болды. Содан бері ауру орталық және шығыс Африка аймақтарына таралған. 2024 жылдың 7 тамызында Швецияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы тіркелді.
Клиникалық көріністері:
Инкубациялық кезеңі – 7-21 күн, көбінесе екі аптаны құрайды.
Клиникалық көріністері дамыған адамдарда ауру бас ауру, әлсіздік, қалтыраудан, дене температурасының 39,5-40°C-қа дейін көтерілуімен сиппаталады. Қатты интоксикацияның салдарынан тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, құсуы мүмкін, үшінші және төртінші күні қызба 38,5°C-қа дейін төмендейді, бетте, аяқтарда, алақандарда, бөртпе пайда болады. Бөртпе бет пен кеудеден басталады, содан кейін аяқтардың алақандары мен табанда пайда болып, аяқтарға таралады. Бөртпе әдетте дақтар мен папула түрінде басталады, содан кейін екі-төрт апта ішінде везикулаларға, пустулаларға дейін дамиды, содан кейін бөртпе элементтері қыртыспен жабылады. Жұтқыншақтың шырышты қабығында бөртпелердің болуына байланысты жөтел, тамақтың құрғауы пайда болады. Науқастардың 70%-на дейін ауыз қуысының шырышты қабатында бөртпе пайда болады, бұл тамақты шайнау кезінде, сілекеймен күшейтілген ыңғайсыздықпен көрінеді. 30% жағдайда жыныс мүшелері, 20% – көз, қабақтарға әсер етеді, бұл сәйкесінше жыныс мүшелері мен көз аймағында өткір ауырсынумен бірге жүреді. Маймыл шешегі әдетте өздігінен кетеді, бірақ кейбір адамдарда, мысалы, балалар, жүкті әйелдер немесе басқа денсаулық жағдайларына байланысты иммунитеті төмен адамдарда ауыр жағдайда пайда болуы мүмкін.
Алдын алу іс-шаралары:
1. Африка елдеріне барған адамдар арасында ауру белгілері байқалса, медициналық көмекке жүгіну, аурудың алдын алу мақсатында қырағылық таныту;
2. Ауру адаммен немесе жануарлармен қарым-қатынаста болған жағдайда жеке бас гигиенасын сақтау;
3. Маймыл желшешек ауруын тасымалдайтын жануарлармен байланыста болмау;
4. Науқастарды күту кезінде жеке қорғаныс құралдарын қолдану.
Ә. Төлебаев,
Шымкент қ. СЭБД басшысы
АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ НЕЛІКТЕН 11 ЖАСТАН БАСТАП ЕГІЛЕДІ?
Понедельник, 30 Сентябрь 2024 08:52Соңғы жылдары елімізде жатыр мойны обырына шалдыққан әйелдер саны артып келеді. Онколог-дәрігерлердің мәліметінше, ол дерт сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр екен. Оған кеселдің «жасарып», қыз балалар арасында анықталып жатқан жағдайлар жиі кездесіп жүр. Қоғамда онкология десе, қорықпайтын адам жоқ. Сондықтан бүгінде мұның алдын алудың бірден-бір жолы – екпе. Ал жатыр мойны қатерлі ісігін тудырушы негізгі фактор – адам папиллома вирусы. 2024 жылдың күз айынан бастап елімізде 11 жастағы қыз балаларға адам папиллома вирусына қарсы екпе салынады бастады. «Адам папиллома вирусы» дегенеміз не, ол неліктен 11 жастан асқан қыздарға егіледі? Осы сауалдарға жауап берсем.
Адам папиллома вирусы – адамның терісін және шырышты қабаттарын зақымдайтын вирус түрі. Қазіргі таңда аталған вирустың 200 астам түрі анықталып, тіркелген. Вирустар 14-тен астам түрі жоғарғы онкогенді қауіп тудырады. Бұл вирус көбіне терінің шырышты қабаттарында дамитындықтан, обырмен асқыну қауіпі жоғары. Әсіресе, жатыр мойнының обырына әкеп соқтыруы мүмкін. Жатыр мойны обырының дамуы әйел адамның папиллома вирусын жұқтыруымен байланысты.
Әлемдік медицинада тәжірибе көрсеткендей, жаппай АПВ қарсы екпе алатын тұрғындардың негізгі бөлігі - 9-13 жас аралығындағы жасөспірім қыздар. Бұл кезең қыздарды жыныстық белсенділіктің басталғанға дейін жаппай егу мақсатында таңдалды. Ең дұрысы, әйел заты жыныстық қатынасқа бармай тұрып вакцинаны алуы керек. Жалпы адам папиллома вирусы тұрмыстық жанасу жолымен – қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар мен жыныс жолдары арқылы жұғады. Әсіресе, вирус ылғалды ортада тез таралуға бейім. Бала туу кезінде, вирус анадан сәбиге оның босану жолдарымен өту кезінде берілетін жағдайлар да кездеседі. Сондықтан қоғамдық орындарда сауна, монша, спорт залдары, дәретханалар, бассейндерге барғанда сақтық шараларын ұстанып, өзіңізді ұқыпты ұстағаныңыз абзал.
Екпенің қауіптілігі жайында алып-қашпа әңгімелер бар. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде АПВ-на қарсы егілген вакциналардың ешқайсысы жағымсыз реакциялар тудырмаған.
Вакцина 2006 жылдан бері әлем бойынша 100 млн аса адам алған, 270 млн доза вакцина қолданылған. ТМД елдері бойынша адам папиллома вирусына қарсы екпе Армения, Грузия, Молдава, Түркіменстан, Қырғыстан, Өзбекстан елдерінде күнтізбеге енгізіліп, қолданылауда. Әлемнің 135 елі АПВ қарсы екпені күнтізбеге енгізген. АПВ белгілері көбінесе клиникалық көріністері байқалмауы мүмкін. Көп жағдайларда дерт скрингингтің тексерулер кезінде анықталып, ем-дом кеш жүргендіктен, өлім-жітімге соқтырады. Аурудан қорғанудың жоғарыда атап өткендей бірден-бір жолы – вакцинациялау. Вирусына қарсы егу тегін жүргізіледі. Аталған екпе ата-ананың рұқсат қағазына қол қойылғаннан кейін ғана салынады.
Ұлт саулығы әйел адамының денсаулығына тікелей байланады. Сол себепті қатерлі дерттің алдын алу үшін екпе салдырып, тиісті шараларда белсенді болған абзал.
А.ҚЫЛЫШБАЕВА, Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігері
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ БІЛІМ САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Суббота, 28 Сентябрь 2024 17:38ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев ұлағатты ұстаздармен жүздесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. “Түркістан” сарайында өткен іс-шараға қаладағы мектеп және колледж директорлары, білім саласы қызметкерлері қатысты. ⠀
⠀
Президент кеңесшісі Жолдау болашақ бағдарымызды айқындап берген құжат екенін, соңғы жылдары білім саласына көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.⠀
⠀
-Еліміздің саяси, идеологиялық бағытын жан-жақты түсіндіру мақсатында өздеріңізбен жүздесіп отырмын. Президенттің кезекті Жолдауының негізгі тақырыбы - Әділетті Қазақстанды құру. Қоғамдағы барлық қордаланған мәселенің түбінде әділетсіздік жатады. Әділеттілік қағидасы алға шығуы үшін жалпы дүниетаным, ой-сана өзгеруі тиіс. Біз өткеніміз бен бүгінімізді түгендеп, болашақты ойлауымыз керек. Ұстаз - ұлттың зияткерлік қуаты. Ұстаздарды мемлекеттік идеологияны жүргізетін тұлға деп санаймыз. Сол себепті де сіздерге үлкен міндет жүктеліп отыр. Мемлекетшілдік ұстанымға назар аударыңыздар, - деді Мәлік Нұржанұлы.⠀
⠀
Сонымен қатар, М.Отарбаев қоғамдық мәдениет білім мен ғылым арқылы дамитынын, ұстаздарға тарихи сананы жаңғыртып, оны ұрпаққа насихаттау керектігін айтты.⠀
⠀
Жиында мектеп және колледж директорлары энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін АЭС салудың маңызын, жалпы болашақты ойлауымыз керектігі жөнінде баяндама жасады. Қазіргі уақытта әлемде 400-ден астам реактор жұмыс істейді. Атом энергетикасын пайдалану - уақыт талабы. ⠀
⠀
Спикерлер жалпыұлттық референдум саяси мәдениетті қалыптастыру бағытында өтетінін, оған азаматтарды белсене қатысуға шақырды.