ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Пятница, 27 Сентябрь 2024 06:09Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша негізгі капиталға инвестиция тарту жөніндегі жұмыстардың нәтижесі және 2024 жылы атқарылатын жұмыстар, А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағының директоры Е.Достияровтың саябаққа келушілерге арналған кіру ақысына қатысты мәселелер қаралып, талқыға түсті.
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Пятница, 27 Сентябрь 2024 06:07№2 Оқушылар сарайында ата-аналармен ынтымақтастықты арттыру мақсатында ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында ата-аналар концерттік бағдарлама тамашалап, ойындар ойнады, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген оқырмандарға сыйлықтар таратылды. Ашық есік күніне келген ата-аналарды №2 оқушылар сарайының директоры Данияр Дүйсенбайұлы күтіп алып, ғимаратты толық таныстырып өтті.
Өнімді 220 миллион жұмыртқаға ұлғайтпақ
Пятница, 27 Сентябрь 2024 06:05Шымкент қаласындағы ең ірі құс фабрикаларының бірі «АйМар Құс» ЖШС –і 2024 жылдың наурыз айында қала әкімі Ғ.Сыздықбековтың қатысуымен ашылған болатын. Бүгінге дейін ілкімді істерді артқа қалдырған «АйМар Құс» фабрикасының мақсаты жоспарға сай орындалуда.
ЖАСЫЛ ЭКОЛОГИЯҒА ЖОЛ
Пятница, 27 Сентябрь 2024 06:02Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жолдауында Атом электр станция құрылысына қатысты мәселені жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды. АЭС салу тек энергетикалық қауіпсіздік емес, экологиялық қауіпсіздік, ғылыми-техникалық саясат, дамыған елдердің геосаяси мүдделерімен де астасып жатыр. Жасыратыны жоқ, қазіргі жаһандық климат проблемасы әлем елдерінің күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды. Сол себепті адамзат экологиялық тұрғыда таза әрі қауіпсіз энергия көздерін дамытуды қарастырып жатқаны мәлім.
ЭНЕРГЕТИКА ТӘУЕЛСІЗДІГІН ШЕШУДЕ БАСТЫ ҚАДАМ
Пятница, 27 Сентябрь 2024 06:01Шымкент қаласында АЭС салуды қолдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды жалғасуда. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова, Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев бастаған Халықтық штаб өкілдері Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп ұжымымен кездесті. Ұстаздар қауымымен өткен басқосуда АЭС салу мәселесіне қатысты референдум көздеген міндеттер талқыланды.
ЭКОНОМИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫ СЕКТОРЛАРЫН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
Пятница, 27 Сентябрь 2024 06:00АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері «Мәртөбе» шағын ауданында орналасқан сүт өнімдерін өндіретін «Intermilk Kazakhstan» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова және ҚР Мәжілісінің депутаты Данабек Исабеков бастаған Халықтық штаб өкілдері еңбек ұжымына Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылай келе, энергетика саласындағы мәселелер, электр өндірісін өркендетудегі кедергілер және атом электр станцияларының пайдалы тұстары жайында пікір білдірді.
АЭС ИГІЛІГІН БАРША ЖҰРТ КӨРЕДІ
Пятница, 27 Сентябрь 2024 05:59Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Tulip Hаll сарайында АЭС мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті.
КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҚОЛДАЙДЫ
Пятница, 27 Сентябрь 2024 05:58Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы университетінің колледжінде «АЭС: Жастардың болашақ энергетикаға дайындығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті.