АЛИМЕНТТЕН ЖАЛТАРАТЫНДАР АЗАЙМАЙ ОТЫР Избранное

Пятница, 09 Август 2024 05:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 621 раз

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Алимент өндіріп алу жағдайы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Онда Шымкент қаласы прокуратурасының әкімшілік және атқарушылық өндірісті қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Мырзалиев аталған мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

aliment

 

–Қаламызда алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер саны азаймай отыр. Бүгінгі күнде осындай әкелердің саны 2 913-ке жетіп, олардың алимент бойынша берешегі 3 млрд. 807 млн. теңгегі құраған. Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеуінің негізгі себебі – борышкердің тұрақты, ресми табыс көздерінің болмауынан және тұрғылықты мекен жайының анықталмауы, яғни, борышкерлердің іздеуде болуы, – дейді Бауыржан Қуанышбекұлы.
Оның айтуынша, сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес 624 алимент борышкерлеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқтылған. Прокуратура тарапынан іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған атқарушылық өндірістер бойынша полиция органдары қандай шаралар қабылдағаны зерделенуде. Одан бөлек, сот орындаушыларының ұсыныстары негізінде 147 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде сот қаулысымен 92 борышкерге 5 тәулікке дейін қамаққа алу, 55 борышкерге – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (17 250 теңге) айыппұл салынған.
Айта кетейік, алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақтылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілген.
Б.Мырзалиевтің айтуынша, прокуратура органдары тарапынан сот орындаушылардың алимент өндіру туралы атқарушылық өндірістері бойынша қабылдаған шараларының толықтығына тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылы Шымкент қаласының жеке сот орындаушылар палатасы прокурорлардың заңдылықтың бұзылуын жою туралы 10 ұсынымын қараған. Нәтижесінде 58 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, прокуратура тарапынан анықталған кемшіліктерді жою нәтижесінде 418 млн. теңге алимент берешегі өндірілген.

Г.БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.