ДӘРІГЕРЛЕР САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗУДЕ Избранное

Пятница, 09 Август 2024 05:45 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 609 раз

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Шымкент қаласы филиалының ұйымдастыруымен «Денсаулық бұрышы» акциясы өтуде.

densauik

 

Шара барысында қалалық емханалардың бейінді дәрігер мамандары сауда орталықтарында сатушылар мен қала тұрғындарын қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуде. Акция алғашқы күні «Студенттік емхана» дәрігерлерінің Орталық әмбебап дүкен сауда орталығында қабылдауымен басталды. Хирург, акушер-гинеколог, гастроэнтеролог сынды бейінді мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына қатысты бағыт-бағдар көрсетті.
«Денсаулық бұрышы» акциясы алдағы уақытта қаладағы бірқатар сауда орталықтарында жалғасатын болады.
Жалпы, МӘМС жүйесі төменде көрсетілген медициналық қызметтерді қамтиды:
– профилактикалық медициналық тексерулер;
– учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
– созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
– уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
– халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
– диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
– мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
– медициналық оңалту;
– стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Шара барысында қордың жергілікті филиалының мамандары МӘМС жүйесі туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.