Қаланың туристік әлеуетi бар

Среда, 24 Февраль 2016 05:59 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3630 раз

«Болашақтың энергиясы» тақырыбын ұран еткен «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің басталуына да аз қалды. Соған сай еліміздің барлық аймағында дайындық шаралары қыза түскен. Астанада үш айға созылатын іс-шараға бес миллионға жуық адам келеді.

 expo-2017-1
 expo-2017-2
 expo-2017-3

Облыста іс-шаралар жоспары кезең-кезеңімен атқарылады. Бүгінде жұмыс тобы құрылған. Үшінші мегаполис – Шымкент қаласында да атқарылуы тиіс жұмыс жоспары бекітілген. Биылдан бастап қала көшелері бойына «Экспо-2017» жарнамалық билбордын ілу, көше аялдамалары мен автобустарына, қала үйлерінің қабырғаларына да логотиптер қойылады. Бұл жұмыстар жыл бойы жүргізіледі.
Мәселен, Қ. Төлеметов көшесі бойында экологиялық ойын-сауық орталығын салу жоспарланып отыр. Онда велосипед, мотоцикл, квадроцикл, ат, гольф, пэйнтбол ойындарына арналған жасыл және сары аймақтар орналасады.
2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін өтетін халықаралық көрмеге дайындық аясында туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру, көрме қонақтарын өңірге тарту жауапты сынның бірі.
Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімі Туризм секторының меңгерушісі Нұргүл Мамырбайдың айтуынша, көрмеге келушілерді қызықтыруға қаламыз дайын. Қазір қалада 9 саябақ, 58 қонақүй, он демалыс аймағы, отыздан астам туристік нысан бар. Шетелдік кәсіпкерлер, туристерді тарту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Халықаралық қонақтарды «Риксос Хадиша Шымкент», «Мегаполис», «Жібек жолы» қонақүйлері қабылдайды.
Көрмеге дайындық іс-шараларын халыққа жеткізу үшін бірқатар үгіт-насихат жұмыстары да жылдың басынан қолға алынды. Жарнама роликтерін, ақпараттық брошюркалар дайындау, ақпан айынан бастап жергілікті арналарда («Қазақстан-Шымкент», «Отырар», «ТВК») бейнероликтер ұсыныла бастайды.
Маусым айында гольфтан жұлдыздар арасында «EXPO CUP-2016» турнирі, мамыр айында «Silk Road Fair» туристік жәрмеңкесі өтеді. «SITF» халықаралық туристік форум қыркүйек айына жоспарланған. Сонымен бірге, қыркүйекте «Болашақтың энергиясы» тақырыбында республикалық инновациялық жобалар көрмесі де ұйымдастырылады.
Қазірдің өзінде облыста 100 ерікті іріктеліп, алынды. ОҚО әкімдігі еріктілерді іріктеу бойынша комисия құрған. Олар үшін арнайы тренингтер, халықаралық мамандар тарапынан дәрістер өткізу де басты назарда.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.