«Әр тұрғынның ұсыныс-пікірі партия назарында болады»

Пятница, 23 Июнь 2023 03:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 758 раз

amanat

Жақында AMANAT партиясының 2023-2027 жылдарғаарналған «Халықпенбірге!» аттысайлауалдыбағдарламасынжүзегеасыружөніндегіреспубликалықжолкартасыбекітілгенболатын. Осыған байланысты, AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов БАҚ өкілдерін партияның қалалық жол картасымен таныстырды.

Партияның қалалық сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген жол картасы 4 басымдық, табысты арттыру, өмір сапасын көтеру, өмір сүру жағдайын жасау, экологиялық ахуалды жақсарту бойынша 100 тармақ, 452 индикаторлық бағыт пен 43 245 нақты іс-шараларды қамтып отыр. Барлық жобалар мен бастамалары қоғамның дамуына, барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Партия қоғамдық қабылдаулар мен халықпен кездесулерде келіп түскен 10 мыңға жуық өтінішті зерделеу кезінде қаламыздағы ТОП-10 өзекті мәселелерді анықтады. Олардың қатарында әлеуметтік мәселелер, жалақының төмендігі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, ардагерлерді, көпбалалы және жалғызбасты отбасыларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй мәселелері бар.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының халқы 1,2 млн адамды құрайды. Қала тарихи және мәдени орталық, ішкі және сыртқы туризмнің дамуына, инвестицияның өсуіне қолайлы болып табылады. Соңғы жылдары инвестиция тарту бойынша Шымкент қаласы республика көлемінде алғашқы орында келеді.

Осыған орай, бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік іс-шаралардың тиімділігінің басты нәтижесі азаматтардың табысын арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, өзін-өзі жұмыспен қамтуға жағдай жасау, әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға динамикасын төмендету болуы тиіс. Қаладағы жаңа өндірістерді, көлік инфрақұрылымын дамыту өңір экономикасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Осыны ескере отырып, тұрғындарды жұмыспен қамтуды басты назарда ұстау партияның негізгі ұстанымдарының бірі.

Жастар мәселесі де партия назарында. Қалада 245,2 мың жас бар. Яғни, қала халқының 21,7 пайызын құрап отыр. Жұмыссыз жастардың үлесі 3,7 пайызды, яғни 14 мың жасты құрайды. Осыған орай партия жастарға жан-жақты қолдау көрсете отырып, оларға арналған бағдарламалардың іске асуын бақылайды.

–Қалалық сайлауалды бағдарлама тұрғындардың 10 мыңға жуық өтініштерін зерделей келе дайындалды. Сонымен бірге, сайлауалды науқан кезеңінде үміткерлеріміз қоғамдық қабылдау мен кездесулер өткізіп, нәтижесінде 2581 ұсыныс-тілектер түскен. Сол өтінімдер назарға алынды. Әлі де алдағы уақытта жол картасына тұрғындардың ұсыныстары мен тілектері түсіп жатса, депутаттық сауалдар арқылы жүзеге асыратын боламыз, – деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Айта кетейік, жол картасына сәйкес, қалада 90 мың жұмыс орны ашылып, кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 230 мың адамнан асады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,2%-ға дейін төмендеп, 18 медициналық мекеме, 50 мектеп пен 10 қосымша ғимараттар салынады деп күтілуде. Жол картада инфрақұрылым жүйесін жақсарту мәселесі де шет қалмаған. Атап айтсақ, халықты тұрғын үймен қамту мақсатында бес жылдың ішінде 5,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, халықтың әлеуметтік осал тобындағы азаматтар мен жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген.  

–Барлық талап-тілектердің орындалуын бақылауға алу үшін фракция мүшелері бекітіліп, тұрғындармен кездесудің кестесі түзілді. Дегенмен, халықпен жүйелі түрде кездесуді ұйымдастырып, көшпелі отырыстардың санын арттыруға назар аударамыз. Жұмысымыздың сапалы әрі дер кезінде орындалуы үшін ауыл билері мен жергілікті белсенді тұрғындармен тығыз байланыс орнатамыз. Әр тұрғынның өтінімі – партия назарында болатынын жеткіземін,- деді төраға.

Жиынды қорытындылаған партия филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов көздеген межеге қол жеткізу үшін жол картаны іске асыруға партияның барлық әлеуеті жұмылдырылатынын атап өтті.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.