ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА КӘСІБИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАР ҚАЖЕТ Избранное

Среда, 05 Октябрь 2022 08:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 874 раз

Қазіргі қоғамда кәсіби және техникалық мамандықтарды еңбек нарығының сұранысына қарай бейімдеу мәселесі жиі қозғалады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында кеңірек айтылды. Осы тақырып аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Ел экономикасына кәсіби және техникалық мамандарды даярлаудағы оқу орындарының рөлі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

355

 

Басқосуға Шымкент қаласы бойынша референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың төрағасы Еркін Сатқанбаев,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының кандидаты Сәкен Мәжінбеков және оқу орнының студенттері мен оқытушылары қатысты. Мұндағы мақсат – «Ел экономикасына кәсіби және техникалық мамандарды даярлаудағы оқу орындарының рөлі» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізіп, пікір алмасу болды.
– Қазіргі таңда жастарға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар берудің маңызы өте зор. Жоғары немесе орта білім беретін оқу орнын бітірген жас бір маман иесі атанады. Бірақ, ол таңдаған мамандық қоғамның сұранасына жауап бере ала ма? Қазіргі таңда электрші, сантехник, токарь, автоэлектрші деген мамандықтар тапшы. Бұл мамандықтарды жастар 9-сыныпты бітіргеннен кейін кәсіптік-техникалық колледждерде меңгеріп шығады. Сондықтан, осы мәселені кеңінен дамытып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Болашақ – жастардың қолында дейміз. Қазір жастарға барлық мүмкіндік бар. Тек дұрыс бағыт-бағдар беру керек, – дейді Шымкент қаласы бойынша референдумы қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың төрағасы Еркін Сатқанбаев.
Мемлекет басшысы еліміздегі осы бағытта білім беретін оқу орындарының жаңа экономикалық бағдардың міндеттеріне сай болу қажеттігін баса айтты. Бұл ретте М.Әуезов атындағы ОҚУ – дамыған білім беру және зерттеу инфрақұрылымы бар көп профильді жоғары оқу орны. Маман даярлауда материалдық-техникалық базасы мен оқытушылар құрамы жеткілікті. Бүгінде аталған оқу орны еліміздегі үздік ЖОО тізіміне енеді.
– «Ел экономикасына кәсіби және техникалық мамандарды даярлаудағы оқу орындарының рөлі» атты түсіндірме жұмыстарын жүргізу үлкен рөл атқарады. Осы жоба аясында көптеген іс-шара іске асып жатыр. Солардың бірі және бастамасы – осы конференция. Кәсіби-техникалық мамандықтар тапшы болғандықтан, осы саланы тереңінен оқытып, жастарды мықты маман иесі етіп шығару керек. Сонда халыққа да, қоғамға да өз үлестері тиеді, – дейді М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, философия
ғылымдарының кандидаты Сәкен Мәжінбеков.
Конфренция соңында қатысушылар жиын аясында көтерілген мәселелер төңірегінде спикерлерге сұрақтарын қойып, жауап алды.

А.ӘБДРАХМАН

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.