Бұл тұмау бұрынғыдан өзгерек...

Пятница, 13 Январь 2023 05:45 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 652 раз

tumau

Қалада, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, тұмаумен ауырғандар саны екі есеге көбейген. Жалпы елімізде ЖРВИ және тұмау ауруларының мониторингі жыл сайын 1 қазаннан 30 сәуірге дейін жүзеге асырылады. Шымкент қаласы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан осы уақытқа дейін ЖРВИ-дің 110 370 жағдайы тіркелген.

Санитар мамандар, тұмау мен жіті респираторлы вирусты ауруға шалдыққандардың 60,5 пайызы 14 жасқа толмаған балалар деп отыр. Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Ж.Жақсылықованың айтуынша, қалада тұмаудан басқа да вирустар тіркелуде.

– Тұмауға жатпайтын инфекцияларға 134 сынама тексеріліп, оның ішінде 60 сынамада (44,02%) оң нәтиже анықталған. Олар риновирус – 19, парагрипп - 21, ротавирус – 12, аденовирус – 2, коронавирус - 6. Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – уақытылы екпе салдыру. Тұмаудың алдын алу барысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 134580 доза вакцина алынған, ол тұрғындардың 12,6 пайызын тұмауға қарсы егумен қамтуға жеткілікті. Тәуекел тобына жататын 134580 адам егумен толық қамтылды, – дейді Ж.Жақсылықова.

Дәрігерлер тұмаудың белгілері тыныс алу жолдарының зақымдануымен өте тез басталып, жалпы әлсіздік, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С жоғары болуы, бастың қатты ауыруы (ауруды басатын препараттарды қабылдаған күнде де), сондай-ақ демікпе, аяқ-қолдың тартылуы, аяқта геморрагиялық бөртпелер пайда болуы сияқты белгілермен өтуде дейді.

Тұмаудың асқынуы вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда өліммен аяқталады деп, мамандар сақ болуға шақырады.

Дер кезінде дәрігерге қаралып, ем-дом алып, жеке гигиеналық талаптарды сақтауды ұмытпаңыздар!

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.