ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ Избранное

Среда, 09 Октябрь 2024 05:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 373 раз

Ұстаз болу аса жауапты міндет. Алғаш қалам ұстатып, әріп танытқан, жаңа өмірге жетелеп, болашаққа қадам бастырған ұстаздарымыз бәріміздің де есімізде.

mugaliM

 

Қаламызда ұстаздар отбасында қуанышты оқиға болды. Шымкенттегі №23 мектеп-лицейінің директоры Жанар Тойлыбаева «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» атағын алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, Қазақстанда білім беруді дамытуға жасалып жатқан ауқымды жұмыстарды атап өтті. Ол оқу орындарында қоғам игілігі үшін күнделікті, жан-тәнімен еңбек етіп жүрген ұстаздарға ерекше ілтипат білдірді.
Мерекенің ең жарқын сәттерінің бірі педагогика саласының үздік өкілдеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» атағын беру болды. Марапатталғандардың қатарында еңбегі мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланған Шымкенттегі Зоя Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінің директоры Жанар Тойлыбаеваның болуы қуантарлық жайт. Бұл құрметті атақ жерлесіміздің көп жылғы еңбегі мен білім беру жүйесін дамытуға қосқан қомақты үлесінің жемісі десек, қателеспейміз.
Жанар Тойлыбаеваның өзі қаламыздағы ұстаздар әулетінде өскен. Қаладағы мектепке дейінгі, мектепте және мектептен тыс мекемелер мен колледждерде барлығы 30 362 педагог жұмыс істейді, оның 75,8 пайызы әйелдер, 24,2 пайызы ерлер. 115-і зейнеткерлік жасқа жеткен тәжірибелі ұстаздар болса, 7423-і жас мамандар. Олардың әрқайсысы өз мамандығының шыңына жетуге ұмтылып, жас ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне күн сайын күш-қуаты мен білімін сарп етіп келеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.