Білікті мамандар даярлау – ел дамуының кепілі Избранное

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1114 раз

Елімізде орын алып жатқан рухани жаңғыру үдерісі өскелең ұрпақты халық шығармашылығы мен әлемдік классиканың үздік үлгілерімен тәрбиелеу - қоғам алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі.

133

 

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: «Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа», - дей келе, бүгінгі жас мамандардың кәсіби іскерліктерімен қарулануы әрбір жоғары оқу орындарының даярлайтын білім бағдарламаларының сапасына баса назар аудару қажеттігілігін айтады.
Білім министрі А.Аймағамбетов биылғы мектеп бітіруші түлектерге арнап жазған дәстүрлі хатында оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шаралардың дайындалғандығын мәлімдеді. Сондай-ақ бас педагог өз хатында бітіруші түлектерге «Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?» деген сұраққа жауап та берді. Өз кеңесінде министр ең алдымен ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен оқу жағдайымен танысу қажеттілігін, түлектерге қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін мұқият қарауды айтады. Университеттің беделін бағалау маңызды қадам болып саналатындығы және ЖОО беретін өз үлгісіндегі дипломдардың болашақта қандай мамандарды дайындап шығаратыны өте маңызды екендігін айқындап шықты. Сапалы алынған білімнің әр кезде жоғары бағаланатыны мәлім. Осы ретте университеттің аккредитациясына, қандай ұйымнан өткендігі сапаның сенімділігіне негіз болады. Отандық ЖОО таңдап білім алу – көрші мемлекеттердің бірнеше университеттерінен асып түсетіндігін айтады.
А.Аймағамбетов оқу мен кәсіптің 3 түрін үлкен әлеуетке ие болатындығына тоқталады – жас мұғалім, жас инженер және жас ғалым. Президенттің техникалық мамандықтарға сұраныстың жоғары екендігін айта келе, министр мықты инженердің кез-келген бәсекеге қабілетті маман болатындығын айтты.
Табиғат ресурстары мен жер қойнауындағы байлықтарды игеруге білікті техникалық мамандық түлектерінің қоры керек. Бүгінде индустриалды аймақтардағы жұмыстарды жандандыру өзіміздің университеттерде білім алған жас іскер мамандармен толықтыру арқылы жоғары білікті мамандардың резервін қалыптастырамыз.
Әлемде коронавирустық инфекцияның (COVID-19) салдарынан орын алған пандемия жағдайы, түрлі деңгейдегі орын алған тәртіпсіздіктердің бейбіт елдің тыныштығы мен денсаулығына тікелей қауіп төндіргені анық. Осы орайда, университеттің жалпы білім беру үдерісінде «Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» білім беру бағдарламасын тереңдетіп оқытудың қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Тіршілік қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау негіздерін оқыту – біртұтас мақсатты педагогикалық қызметтің үздіксіз жүйесі ретінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның өмір сүруінің қауіпсіздігі аймағында адамның даярлығын тиісті деңгейде қамтамасыз етеді. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мемлекеттік, әлеуметтік және қорғаныс қызметі саласындағы жергілікті халықты және оның мүлкін түрлі қақтығыстардан, табиғи апаттар мен қарсыластардың жаугершілік әрекеттерінен қорғау мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы маман үшін табиғи апаттардың мәнін түсініп, оның сипатын нақты ұғынғаны абзал. Тіршілік ету әрекетіне әсерін тигізетін түйткілді жағдайлар мен бірқатар экстремалды іс-әрекеттер орын алған жағдайда жауапты мамандар өзін-өзі ұстауды, халықтың қауіпсіздігін және қорғаныс құралдарын жетік игергені дұрыс.
Бүгінде, төтенше жағдайлар күнделікті қоғамдық орталарда орын алуына байланысты әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бұл жағдайларды реттеу әлеуметтік қауіпсіздік мамандарының жұмылдырылған кәсіби қызметтеріне сәйкестендіріледі. Бұл саланың мамандары әлеуметтік-психологиялық құзыреттілікке ие бола тұрып, халыққа шынайы көмек қолын созатындай болуы қажет.
«Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» білім беру бағдарламасы экономика, құқық және халық шаруашылығының барлық салаларының мамандарын даярлайтын кілттік негіз болып табылады. Техника, гуманитарлық, жаратылыстану–педагогикалық бағыттағы мамандар үшін ғана емес, Қазақстанның әрбір азаматы кез-келген табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан бөлек, техногенді және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларда шұғыл шешімдер қабылдауға дайын болуы тиіс.
«Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» білім беру бағдарламасы аясында білімгерлермен Қазақстан республикасының Конституциясы, Білім туралы заңы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік концепциясын және қауіпсіздік саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық құжаттардың негізгі ережелері оқыту үдерісінде толыққанды шыңдалады. Осы орайда, жоғары оқу орындары білікті мамандарды даярлау мақсатында игерілген білім дағдыларының нағыз практикалық қолданысқа ие болуды басты стратегияға айналдырып келеді.

Акбөпе Ермекбаева,
М.Әуезов атындағы ОҚУ доценті, PhD доктор

Лаззат Раматуллаева,
техника ғылымдарының кандидаты

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.