ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ БІЛІМ ҰЯСЫ Избранное

Пятница, 11 Октябрь 2024 07:28 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 334 раз

Мектеп – болашақтың негізін қалыптастыратын, елге қызмет етер азаматтарды тәрбиелеп шығаратын құтты мекен, алтын ұя. Шымкент қаласындағы №18 жалпы орта мектебі Шымкент қаласында 1966 жылдың қыркүйек айында өз жұмысын бастаған. Мектепке құрылған күннен бастап қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Уәлихановтың есімі берілген.

bylyb uasy

2004 жылы Шымкент қаласының әкімінің бұйрығымен №18 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің құрамына қимыл-қозғалысы қиын балаларға арналған арнайы мектеп қосылды. Қазіргі таңда қимыл-қозғалысы қиын балаларға арналған мектепте 122 оқушы білім алып, оларға осы мектептің педагогтері психологиялық және педагогикалық көмек көрсетіп келеді. 2021 жылы арнаулы мектеп Оқу-ағарту министрлігі және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның ұйымдастыруымен өткен жалпы орта білім беретін мектептерде арнайы мектептерде, психо-педагогикалық жетекшілік ету бойынша мониторингке қатысты.
Мектепте деңгейлі курстарды тәмамдаған тәжірибелі мұғалімдердің көптігі мектеп жұмысының алға басуына өз септігін тигізіп отыр. Атап айтатын болсақ, мұғалімдердің даму ортасын құрып, кәсіби шеберлік арттыру, қолдау мен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында мектепте «Даму» командасы жұмыс атқарып отырса, командада «Заманауи технология», «СМАРТ», «Кладовая талантов», «Болашақ», «Бірлік», «Жаңа білім», «Искра», коррекциялық сыныптардың мұғалімдерінен құралған «Үміт ұшқыны», сонымен бірге мектеп басшысы Фарида Кеңесқызының өзі жүргізетін «Парасат» топтары құрылып, өз жұмыстарын жалғастыруда.
Жаңа оқу жылының басында құрылған мектепті дамыту жоспары негізінде мұғалімдер арасында ай сайын коучинг-сессиялар, шебер-сыныптар мен семинар сабақтар ұйымдастырылып, тәлімгерлік үдерісі кеңейіп, мұғалімдердің құзіреттіліктері артуда. Қоғамдастық жұмысы тек мектеп ішінде ғана емес, көршілес жетекші мектептер арасында да ұйымдастырылып тұрады.
Ұстаздар өздерінің шығармашылықтарын, мақалалары мен ғылыми жұмыстарын қалалық басылымдарда жариялап отырады. «Ғылымға жол ашамын» жобасы мектеп мұғалімдері мен оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ғылыми жұмыстармен айналысуына ықпал етеді.

Эльмира СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.