ҚАЛА ӘКІМІ ЖАЗУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Среда, 16 Октябрь 2024 08:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 177 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қазақ әдебиетінің корифейлері – Дулат Исабеков, Мереке Құлкенов, Төлен Әбдік, Қасымхан Бегманов, Момбек Әбдәкімұлы және Қазыбек Исамен кездесті.

ҚАЛА ӘКІМІ

Кездесу барысында отандық әдебиеттің дамуы және қаламгерлердің ұлттық бірлікті нығайту мен құндылықтар қалыптастырудағы рөлі туралы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталған іс-шаралар мен фестивальдер өткізу, Шәмші Қалдаяқовты және басқа да белгілі тұлғаларды еске алу шараларын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Қала әкімі өз кезегінде, шығармашылық интеллигенция өкілдері жастарды рухани тұрғыда тәрбиелеуде және адами құндылықтарды поэзия мен проза арқылы қоғамның санасына сіңіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Ғ.Сыздықбеков кездесу соңында әдебиет майталмандарына тың идеялары үшін алғыс айтып, алдағы уақытта мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұруды ұсынды. Сондай-ақ шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуге және жалпы мәдениетті дамытуға ерекше назар аударуға дайын екенін жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз
қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.