ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ Избранное

Среда, 16 Октябрь 2024 08:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 155 раз

Жақында Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні аталып өтті. Бұл мереке Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен 1992 жылы пайда болды және жыл сайын халықтың психикалық денсаулық проблемалары мен оны нығайту тәсілдері туралы хабардар ету, сондай-ақ психикалық бұзылулардың алдын-алу және емдеу мақсатында атап өтіледі.

 ПСИХИКАЛЫҚ   ДЕНСАУЛЫҚ

Мерекеге орай, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Психикалық денсаулық орталығы» мекемесінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Мыңбаев және психиатр-дәрігерлер мен жастар қатысты.
Жиынның ашылуында сөз сөйлеген Серік Ибрагимұлы Шымкент қаласында психиатриялық есепте тұратын науқастар саны және психикалық ауруға шалдығатындар жөнінде баяндама жасады.
– Қазіргі әлемде ең көп таралған психикалық бұзылыс - депрессия. Депрессиялық жағдайдан туындаған одан да күрделі мәселе - өз-өзіне қол салу. Жыл сайын әлем бойынша 800 мыңнан астам адам өз-өзіне қол жұмсайды. Адамдар психикалық белсенді заттарды қолданумен байланысты психикалық бұзылыстан зардап шегеді (алкоголизм, нашақорлық). Әйелдер ерлерге қарағанда екі есе дерлік ауыр депрессиядан зардап шегеді. Дегенмен, ерлер мен әйелдерде биполярлық бұзылыстың дамуы ықтималдығы бірдей. Күрделі депрессия кез келген жаста дами береді. Ал, бастапқы кезеңдегі орташа жас 20 жастың ортасынан басталады. Көп жағдайда шизофрения алғаш рет жасөспірімдерде немесе 20 жастың басында пайда болады. Олардың барлығы білікті психиатриялық көмекке мұқтаж,-дейді Серік Мыңбаев
Жалпы, Шымкент қаласында психиатриялық есепте тұратын науқастар саны – 12 190 құрайды. Олардың ішінде жастар – 2 883 адам екен. Мамандар бұл деректердің нақты болмауы мүмкін екенін, әлі де есепке алынбаған адамдар бар екенін алға тартады.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.