ТАУ ТҰЛҒАЛЫ ТӘЖІБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШ-БЮСТІ АШЫЛДЫ Избранное

Среда, 16 Октябрь 2024 08:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 186 раз

Қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының академигі Төлеген Тәжібаевқа Шымкент қаласының көрнекті жерінен ескерткіш-бюсті ашылды.

ТӘЖІБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШ

Өткен ғасырдың басында дүние есігін ашып, кеңестік дәуірдің барлық қиын кезеңдерін басынан кешіріп, артында өлмес ғылыми мұра қалдырып кеткен қазақтың көрнекті қайраткеріне қандай құрмет көрсетілсе де артық болмайды. 

Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, сөз сөйледі. 

– Қазақ топырағынан шыққан жарық жұлдыздарымызды ұлықтап, оларға лайықты құрмет көрсету – біздің перзенттік парызымыз. Бұл ескерткіштің Шымқаланың көркіне көрік қосып, жастарымыздың бойына патриоттық сезім беретін рухани орынға айналатынына сенеміз, – дейді Сәрсен Абайұлы.  

Мемлекет және қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев ғалымның қазақ еліне сіңірген еңбектеріне тоқталды. 

– Көзі қарақты қауымға Төлеген Тәжібаевты таныстырып жату артықтау көрінеді. Отызында республика Халық ағарту министрі, отыздан сәл асқанда Республика үкіметі төрағасының орынбасары, әлі қырыққа толмаған кезінде Сыртқы істер министрлігін өз қолымен құрып, оған басшылық етуі, елдің бас оқу орны – Ұлттық университеттің ректоры болуы көптің емес, ілуде біреудің ғана маңдайына жазылатын сәттер. Оның жолы даңғыл болған жоқ, аяқтан шалушылар да болған. Оған Мәскеу де араласып, сүріндірген, құлатқан да кезі болған. Көбіне құлаған адамның тұруы, қайта биікке көтерілуі қиын. Ал Төлеген Тәжібаев қайта көтерілген адам. Қайтадан үкімет төрағасының орынбасары болып, мәдениет министрінің қызметін қоса атқарған. Академик болып сайланды. Ғылымды да ұмытпай, республикада психология ғылымының негізін қалады,– дейді қоғам қайраткері. 

Айта кетейік, Төлеген Тәжібаевтың К.Ушинскийдің, Л.Выгодскийдің психологиялық көзқарасы туралы зерттеулерінің зор ғылыми маңызы болды. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің, оқу-ағарту ісінің дамуы және мектептер тарихын, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастарын жан-жақты зерттеген ғалым. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы оқу-ағарту ісімен педагогикалық ой-пікір дамуы жөніндегі зерттеулері көлемді, әрі маңызды зерттеулер қатарынан саналады. Бүгінде оның қазақстандық педагогика мен психология теориясының дамуына қосқан үлесі баға жетпес, ғылыми еңбектері жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулерде бүгінге дейін оқу құралдарының қосымшасы түрінде қолданып келеді.

Ескерткіш-бюстінің ашылуынан кейін Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Т.Тәжібаевтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған конференция да өтті.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

 

Өткен ғасырдың басында дүние есігін ашып, кеңестік дәуірдің барлық қиын кезеңдерін басынан кешіріп, артында өлмес ғылыми мұра қалдырып кеткен қазақтың көрнекті қайраткеріне қандай құрмет көрсетілсе де артық болмайды. Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, сөз сөйледі. – Қазақ топырағынан шыққан жарық жұлдыздарымызды ұлықтап, оларға лайықты құрмет көрсету – біздің перзенттік парызымыз. Бұл ескерткіштің Шымқаланың көркіне көрік қосып, жастарымыздың бойына патриоттық сезім беретін рухани орынға айналатынына сенеміз, – дейді Сәрсен Абайұлы.  Мемлекет және қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев ғалымның қазақ еліне сіңірген еңбектеріне тоқталды. – Көзі қарақты қауымға Төлеген Тәжібаевты таныстырып жату артықтау көрінеді. Отызында республика Халық ағарту министрі, отыздан сәл асқанда Республика үкіметі төрағасының орынбасары, әлі қырыққа толмаған кезінде Сыртқы істер министрлігін өз қолымен құрып, оған басшылық етуі, елдің бас оқу орны – Ұлттық университеттің ректоры болуы көптің емес, ілуде біреудің ғана маңдайына жазылатын сәттер. Оның жолы даңғыл болған жоқ, аяқтан шалушылар да болған. Оған Мәскеу де араласып, сүріндірген, құлатқан да кезі болған. Көбіне құлаған адамның тұруы, қайта биікке көтерілуі қиын. Ал Төлеген Тәжібаев қайта көтерілген адам. Қайтадан үкімет төрағасының орынбасары болып, мәдениет министрінің қызметін қоса атқарған. Академик болып сайланды. Ғылымды да ұмытпай, республикада психология ғылымының негізін қалады,– дейді қоғам қайраткері. Айта кетейік, Төлеген Тәжібаевтың К.Ушинскийдің, Л.Выгодскийдің психологиялық көзқарасы туралы зерттеулерінің зор ғылыми маңызы болды. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің, оқу-ағарту ісінің дамуы және мектептер тарихын, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастарын жан-жақты зерттеген ғалым. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы оқу-ағарту ісімен педагогикалық ой-пікір дамуы жөніндегі зерттеулері көлемді, әрі маңызды зерттеулер қатарынан саналады. Бүгінде оның қазақстандық педагогика мен психология теориясының дамуына қосқан үлесі баға жетпес, ғылыми еңбектері жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулерде бүгінге дейін оқу құралдарының қосымшасы түрінде қолданып келеді.Ескерткіш-бюстінің ашылуынан кейін Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Т.Тәжібаевтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған конференция да өтті.
Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.