«ЖЕҢІМПАЗ БОЛ»: ӨНЕРЛІ ЖАСТАРДЫҢ ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ Избранное

Пятница, 26 Июль 2024 07:09 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 785 раз

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қолдауымен қала жастарының арасында «Жеңімпаз бол» тақырыбында футболдан жолдастық кездесуі өтті.

Fut

 

Тартысты кездесуге қаламыздың өнерпаздары, әншілер мен жайдарманшылар, белсенді жастары қатысты.
–Турнирдің мақсаты – жастарды дене шынықтыру және спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырып, нашақорлық және есірткіге қарсы күресуге үйрету және бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Жастар арасында бұқаралық спортты насихаттауды көздеген ойын қызықты, тартысты өтті. Наурыз Рсымов, Әли Байжұмат, Әліш Рауан бастаған жігіттердің дайындығы бабында. Ойынның демеушілеріне де алғысымыз мол, – дейді Еңбекші ауданы жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Серікбай Қуаныш.
Айта кетейік, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі іс-шаралар одан әрі өз жалғасын табатын болады.

С.ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.