Әйел - тіршіліктің тірегі

Вторник, 03 Март 2015 04:03 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5782 раз

52fc821dc0396

 

Құрметті қыз-келіншектер, әпке-қарындастар және замандастар!

Сіздерді жылы шырайлы көктемнің алғашқы күндері барша жұрттың көңілін жадырата келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіз еліміздің  нығайып, әлем таныған мемлекетке айналуына асыл аналарымыз, ардақты жеңгелеріміз бен апа-әпке, қарындастарымыздың өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Ақ жаулықты аналарымыз еріне – тірек, ел бірлігіне – тұтқа болған. Қыздарымыз адалдық пен сұлулықтың, батырлық пен ерліктің өшпес өнегесін көрсеткен.
Елбасының «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі» деп атап өтуі зор сүйіспеншілік туғызады. Қазіргі кезде қоғамдық өмірдің кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Сіздер отбасы берекесімен бірге шы­райлы Шымкент қаласын нығайту ісінде де еселі үлес қосып келесіздер. Білім беру, ден­саулық сақтау, мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік салаларында да әйелдер абыройлы қызмет атқаруда. Сонымен қатар, еліміздің демографиялық ахуалына мол үлес қосуда.  

Қадірлі аналар, аяулы қыз-келіншектер!

Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің үлгісі болып, бақытты да баянды ғұмыр кешіңіздер!
Мереке құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының амандығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз!

Дархан САТЫБАЛДЫ,
Шымкент қаласының әкімі.

Нұрлан БЕКНАЗАРОВ,
қалалық мәслихаттың хатшысы.

Последнее изменение Четверг, 12 Март 2015 09:11
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.