«Қазақ тiлiн үйретiңiзшi!»

Пятница, 27 Февраль 2015 06:14 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3716 раз

Ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік үрдісі бар қазақ халқының тәрбие мектебі отбасындағы бала тәрбиесінен «дала академиясына» дейінгі сатылардан өткендіктен, бір ғана ұлт емес, жалпы адамзат тәрбиесіне қатысты құнды қағидаттар қалыптастырғанын білеміз. Өйткені, ол – өткеннің өсиеті ғана емес, сонымен бірге сол халықтың зейін-зердесін, парасат-пайымын айғақтайтын құнды дерек, ертеңгіге бағдар берер шамшырағы іспеттес.

33333333Мемлекеттік тілді үйретеміз дегенде, шоши қарап,  есікті тарс жабатындар аз емес. Біздің орталыққа өзі іздеп келіп, «мен қазақ тілін оқығым келеді, маған қазақ тілін үйретіңіз» дейтіндер сирек болса да кездеседі. Солардың бірі – Наталья Сергейқызы Матвеева.
 Осы сары қызбен жұмыс жасай бастағаныма көп болмаса да,  күнделікті жұмыс барысында талабы да тәрбиесі де өзгеше екені аңғарыла бастады. Наташа қазақ отбасына келін болып түскен. Артықшылығы – қазақтың мәдениетін, салт-дәстүрін бес саусақтай біледі. Әр сабақта  отбасындағы жаңалығымен бөлісіп, мені еріксіз тәнті етіп отырады. Ата-енесіне деген құрметін, жақсы қарым-қатынасын жасырмайды. Жалпы отбасындағы жағымды жаңалықтарын қазақ тілінің грамматикалық, морфологиялық ерекшеліктерімен байланыстыра жеткізетін болды. Бір сабақта енесінің сырқаттанып қалғанын, тапсырманы үйге беруін өтінді. Онда «енеңіз жазылғанша келмей-ақ қойыңыз» деп едім, «жоқ, олар менің тез арада қазақша үйреніп кеткенімді қалайды. Ертерек нәтижесін көрсетуім керек» дегенде кәдімгідей риза болдым.
Өзге этнос өкілінің қазақ жігітімен бас қосып, қазақ тілін құрметтеп, ата-анасын ерекше құрметтейтінін көріп, қалайша сүйсінбессің!

Гүлшахар Өтебайқызы,
Тілдерді оқыту орталығының
оқытушысы. 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.