Көрме қазақ хандығына арналды

Вторник, 03 Март 2015 04:34 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4461 раз

Шымкентте алғаш рет бейнелеу өнері мұражайының көрмесі ашылды. Шығармашылық ұжымның еңбегі Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды.

kormeeМұражайдың қабырғаларына ілінген 300-ге жуық туынды көпшіліктің ықыласына бөленді. Ерекше маңызға ие картиналарда терең мағына, келелі ой жатыр. Суретшілер бір атаның баласындай ғұмыр кешкен отандастарымыздың татулығы мен достығынан сыр шертеді. Қазақ хандығында Керей мен Жәнібектің билік құрған жылдары мен халықтың тұрмыс-тіршілігі кеңінен қамтылған. Сондай-ақ көрмеге ҚР мәдениет және өнер қайраткері Әнуарбек Айдосовтың «Ордабасы»,  Әбубәкір Исмайловтың «Жас шопандар» атты еңбектері қойылған.
– Қылқалам шеберлерінің еңбектерін табу оңай болған жоқ. Байқаулар мен іс-шаралардың нәтижесінде 775 картина жиналды. Жалпы, картиналарды шымкенттіктердің ыстық ықыласпен қабылдағаны қуантады, – дейді облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры Айнабек Оспанов.
Тарихи көрме бірнеше ай бойы келушілердің назарына ұсынылады.

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.