Сахнада – «Iнжу-Маржан»

Вторник, 03 Март 2015 04:39 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3776 раз

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай облыстық опера және балет театрында «Інжу-Маржан» премьералық қойылымы өтті.

opera operaБес бірдей опера симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен сахналанды.Спектакль хандық дәуірдің шежіресімен ғана шектелмеді. «Қыз Жібек», «Абай», «Біржан -Сара» «Қамар сұлу», «Айсұлу» операларының жинақталып ұсынылуымен де ерекшеленді.
Көрермен  Ұлы Абайдың кемеңгерлігіне  тағы бір куә болды. Жырларына сусындады. Ұлы тұлғаның бейнесін әртіс Марат Оразмет шебер сомдады.  
Опера және балет театрының өнер ұжымы 5 бірдей қойылым арқылы Қазақ хандығының шежіресін баяндады. Қоюшы режиссер  Қайрат Құлыншақовтың айтуынша, сахналық қойылымға біраз жұмыс жасалған. Кейбір тұстары өзгертіліп, кейбір рөлдер біріктірілген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.