ХАБАРЛАНДЫРУ

Вторник, 22 Сентябрь 2015 09:34 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4799 раз

2015 жылғы 22 шілде күні облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы және «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты бұқаралық ақпарат құралдары арасында байқау жариялаған болатын.
Байқаудың мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарында Оңтүстік Қазақстан облысының туризмін дамыту әлеуетін кеңінен жариялауға ықпал ету.

Байқау:

  • еліміздің кең қауымы арасында еліміз үшін маңызды оқиғаларға қатыстылық пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға;
  • еліміз үшін қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік маңызын түсіну негізінде  халықтың туризмді дамытуға оң қатынасын қалыптастыруға;
  • туризмді дамыту үдерісіне қоғамды белсенді тартуға;
  • туризмді дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың барысы туралы қоғамды ақпарттандыруға бағытталған.

Байқау облыстағы БАҚ журналистері арасында үш номинацияда өткізіледі:

  • Баспа БАҚ-тағы үздік материал (1, 2 және 3 орын);
  • үздік ТВ материал (бейне сюжет) (1, 2 және 3 орын);
  • Интернет БАҚ-тағы үздік материал (1, 2 және 3 орын).

Әділ-қазы алқаларының дауыс беру нәтижелері бойынша Байқау жеңімпаздары Ұйымдастыру комитетінің ақшалай сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталады.
Жүлде қоры:
бірінші орын – 3 номинацияның әрқайсысында 100 000 теңгені;
екінші орын – 3 номинацияның әрқайсысында 70 000 теңгені;
үшінші орын – 3 номинацияның әрқайсысында 50 000 теңгені құрайды. Байқау шарттарымен толығырақ басқарманың сайтында www.upiirt.kz танысуға болады. Байқауға қатысуға өтінім 2015 жылғы  1 ақпанға дейін қабылданады.

sbn.kz

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.