"Панорама Шымкента" газетi үздiк атанды

Пятница, 16 Октябрь 2015 07:19 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4172 раз

Журналистер арасында өткен «Оңтүстік Қазақстан облысының туризмін дамыту әлеуеті» атты байқау өз мәресіне жетті. Оны облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы 1 шілде мен 1 қазан аралығында ұйымдастырған болатын. Басты мақсат – туризмді дамыту, осы сала бойынша атқарылған жұмыстар жайлы халыққа ақпарат жеткізу.


Қазылар алқасы келген материалдарды «Ең үздік бейне көрсетілім», «Ең үздік мақала», «Ең үздік жарияланым» номинациялары бойынша саралап, жеңімпаздарды анықтады. Жүлдегерлер қатарында әріптесіміз, «Панорама Шымкента» газетінің тілшісі Бейбіт Бисенбаев та бар. Ол «Ең үздік мақала» номинациясы бойынша топ жарып,
І-орынды иеленді. Ал «Ең үздік бейне көрсетілім» номинациясы бойынша «ТВК» телеарнасының тілшісі Алексей Гончаров, «Ең үздік жарияланым» номинациясы бойынша «Тұран.тв» сайтының тілшісі Ерлан Сыздықовтың материалдары  үздік шықты. Жеңімпаздар арнайы Алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.