Әзiлкештер әдемi кеш сыйлады

Пятница, 16 Октябрь 2015 07:38 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4185 раз

“Шымкент жастары” КММ ұйымдастыруымен Қазақ xандығының 550 жылдығы және Қала күні мерекесіне орай Шымкент қаласы әкімінің жүлдесі үшін республикалық КТК ойындары өтті.


azilkeshter 42

Жыл сайын өтетін дәстүрлі жайдарманшылар сайысында Алматы, Ақтөбе, Орал, Аягөз, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларының үздік командалары бақ сынады.
Көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған жарыста ІІІ орынды Орал қаласының “Гранд” командасы, ІІ орынды ақтөбелік қонақтар “Фемида” командасы, І орынды жерлестеріміз, М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрамасының “Байдың балалары” иеленді. Ал бас жүлдені Шығыс Қазақстан облысынан келген “Аягөз” құрамасы жеңіп алды. Үздік ойыншы болып “Номад” (Алматы) командасының өкілі Әбдінұр Сұлтанғалиев танылды.
Жалынды жастардың жанашыры ретінде ойынды тамашалаған қала әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов сайыс соңында жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттап, алғысын білдірді.

С. АЙБАР

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.