№90 мектеп ұжымы – фестиваль жеңімпазы

Среда, 06 Апрель 2016 05:50 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 6664 раз

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты мектепаралық өнер фестивалінің қорытындысы Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында түйінделді. Өнерлі өрендер ән, би, қолөнер, тағы басқа өнер түрінен сынға түсіп, бақ сынады. Екі айға жалғасқан бұл фестивальге қаладағы 124 білім мекемесінен 10 мыңға жуық оқушы қатысты.

vlcsnap-2015-08-28-18h02m59s62– Бұл фестифаль мектеп оқушылары арасында 1 ақпаннан басталған болатын. Мақсатымыз – оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану бағытында жұмыс істеп жатқан үйірмелердің жетістігін көрсету, дарынды ұл-қыздарды анықтау. Осы мақсатта біз екі ай бойы жұмыс істедік, – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиев.
Байқау қорытындысы бойынша әділқазылардың шешімімен №90 мектеп ұжымы үздік шықты. «Байқауда жеңіске жетуде мектеп ұстаздарының еңбегі ерекше болды. Біздің мектепте әрбір оқушы өнер немесе спорт үйірмесіне міндетті түрде қатысу керек деген қағида бар. Соның нәтижесі деп ойлаймын», – дейді №90 мектептің директоры Арман Орынбеков.
Үздік шыққан оқушылар мен білім мекемелерінің басшыларына арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.

Последнее изменение Среда, 06 Апрель 2016 08:33
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.