Шымкенттің еңбекқор азаматтары анықталды

Пятница, 17 Октябрь 2014 08:07 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3397 раз

Қала күніне орай Шымкентте «Жаңа дәуір» қоғамдық бірлестігі мен ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында «Еңбекқор» атты шығармашылық байқауы өтті. Аталған шара қаланың көркеюіне үлес қосып жүрген түрлі саладағы еңбек адамын дәріптеуге, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға арналды.

Шығармашылық байқауға қатысқан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен 30-ға жуық жарияланымдар мен бағдарламалар (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио материалдары) келіп түсті. Байқаудың ережесіне сәйкес, журналистердің ұсынылған матераиалдарында Шымкент қаласында тұратын еңбек адамы, оның өнегелі еңбек жолы, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытып жұмыс орындарын ашқан, жалпы еңбекқорлығымен танылған азаматтар туралы жан-жақты көрініс табуы тиіс. Байқау комиссиясының құрамында үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, БАҚ, өкілетті орган өкілдері болды.
Марапаттау рәсімінде «Жаңа дәуір» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Т. Молдахметова және ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалының төр-айымы Айгүл Қапбарова байқауға қатысқан барша қаламгерлерге алғысын білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша Шымкент қаласын көркейтуге үлес қосып жүрген еңбек адамы туралы үздік сюжеті үшін ТVК телеарнасының тілшісі Дәурен Дүйсебаев І дәрежелі дипломмен марапатталып, оған ноутбук тарту етілді. Облыстық «Южный Казахстан» газетінің тілшісі Оксана Алексеева үздік мақаласы үшін ІІ дәрежелі дипломмен және теледидармен марапатталса, қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Құттыбике Нұрғабыл ІІІ дәрежелі дипломның және ұялы телефонның иегері атанды. Атап өтерлігі, байқауда журналистермен қатар, шығармашылық жұмыстардың негізгі кейіпкерлері де арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтарға ие болды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуына, қаланың көркеюіне үлес қосып жүрген еңбек адамдарын насихаттаған тілшілер де марапатталды. Бұл орайда «Шымкентте шығарылған» номинациясымен облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Серікқали Жексенбаев; «ЭКСПО-ға бір қадам» номинациясымен «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының тілшісі Гүлмира Оңласбек және «Жас кәсіпкер» номинациясымен «Замана» газетінің тілшісі Сапарайым Кенжалиева марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Сәбит ТАСТАНБЕК.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.