Патриоттық әндер әуеледi

Пятница, 07 Ноябрь 2014 03:35 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5921 раз

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар, байыпты бастамалар жер-жерде өтіп жатыр. Облыстық филармонияда басталған ардагерлер арасындағы «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» облыстық фестивалінің жастарға берер тағылымы мол.

DSC 0916Патриоттық әндерге сусаған қала тұрғындары таңертеңнен облыстық филармонияға жиылды. 40- жылдардағы өршіл рухты әуендерді есіте бермейтініміз анық. Түрлі ұлт өкілдері соғыс жылдарындағы танымал әндерді әуелетті.
Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық ардагерлер кеңесі бірлесе ұйымдастырған фестивальге облыстың барлық аудан, қалалардың өнерпаздары қатысты. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдерді патриоттыққа тәрбиелейді. Отанын сүюге жетелейді. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков мәдени іс-шараға қатысушыларды құттықтады.
Ардагерлердің орындауындағы патриоттық әндер фестивалі бүгін де жалғасып, жеңімпаздар мен жүлдегердің есімі анықталады.

 



Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.