Балаларға тарту жасады

Пятница, 14 Ноябрь 2014 06:28 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3813 раз

“Оңтүстік - Цирк” директоры Арман Махмұтұлы цирк әртістерімен бірге № 2 Төлеби балалар үйінде болды. Балғындар Шымкенттен арнайы келген цирк ұжымының өнерін тамашалады.

cirkСайқымазақтар балаларды күлкіге кенелтсе, акробаттар таңғажайып қойлымдарымен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Өз кезегінде балалар да әртістерге өнер көрсетті. Әннен шашу шашып, би көрігін қыздырды. Сондай-ақ цирк басшысы тәрбиеленуші 80 балаға Ресейдің "ЕУРОЦИРК" циркінің жаңа бағдарламасына шақырып, билеттер ұсынды.
Шараның өткізілуіне белгілі айтыскер ақын Ақмарал Леубаева мен журналист Берік Сұлтан мұрындық болды. Осылайша төлебилік балғындар цирк өнерінің қыр-сырымен танысып, қуанышқа кенелді.
Акция Арыс балалар үйінде жалғасады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.