Үздiк жастар анықталды

Пятница, 21 Ноябрь 2014 04:50 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4086 раз

Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда талантты жастар «Жыл патриоты-2014»  сыйлығымен марапатталды. Шараны ҚР Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды. 14 пен 29 жас аралығындағы түрлі салада жұмыс жасайтын дарынды жастарға қолдау көрсету, жетістіктерін насихаттау мақсатында өткен шарада 15 жас үздік деп танылды.

patriottarБасқарма басшысының орынбасары Болат Жанәбіл, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев білімімен, талантымен және еңбегімен ерекше көзге түскен жастарды құттықтады. Олар алдағы уақытта да талай биікті бағындыратындарын айтты.
Атап айтсақ, спортқа қосқан үлесі үшін Жазира Жаппарқұл «Жас тұлпар», Оксана Фокина «Қоғамға қызмет», жас кәсіпкер бағыты бойынша Ілияс Есжанов «Кәсібінің үздігі», денсаулық саласына қосқан үлесі үшін Даурен Кенжебаев «Өмірге үміт сыйла» аталымдарын иеленді.
«Тәуелсіздік номинациясы» Қазығұрт ауданы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сыздық Серікбайұлына берілді. Марапатталғандардың қатарында мәдениет, өнер саласы бойынша  халықаралық, республикалық айтыс додаларының жеңімпазы Біржан Байтуов, «Рысдәулетовтер отбасылық «Өркен» ансамблі бар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.