Велосипедші ақсақал 2

Шымкенттік зейнеткер Түркістан қаласына экологиялық таза көлікпен жетпек. 81 жастағы
Кеңесбек Сейдінбекұлы бұл сапарын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отыр. Белсенді ақсақалды перзенттері, немере-шөберелері мен қалалық спорт басқармасының өкілдері, жастар шығарып салды.

Зейнеткер Түркістан қаласына Темірлан, Қызыл көпір, Шәуілдір елдімекендері арқылы жетуді жоспарлаған. Жолай Қажымұқан кесенесіне соғып, жергілікті тұрғындармен жүздеспек. Осылайша 220 шақырым жолды велосипедпен басып өтіп, Түркістан қаласына сенбі күні жетуді көздеп отыр.
– Велосипед теуіп келе жатқаныма 70 жылдан асты. 10 жасымда әкемнің інісі Жолымбек велосипед сыйлап, ақ батасын берген еді. Содан бері салауатты өмір салтын ұстанамын. Жастар да белсенді болса екен деймін. Ал басты тілегім – Шымкент сияқты ірі қалалардың халқы жергілікті басшылардың бастамасымен әр жексенбіні велосипедке арнап, бұқаралық спортпен айналысса, – дейді Кеңесбек ақсақал.
Жиһанкез ең алғашқы алыс сапарына 2001 жылы шыққан. Түркістанның 1500 жылдығына орай Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Ирак, Кувейт арқылы Мекке-Мәдинаға 63 күнде жеткен. 2003 жылы Қазақстан-Ресей жылына орайластырып Шымкенттен Мәскеуге барса, 2016 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Шымкенттен Ауғанстан астанасы Кабулға екі дөңгелекті көлігімен жеткен екен. Ал 2017 жылы «ЭКСПО» құрметіне Шымкент–Астана бағытын бағындырған.
Нұрлан Бектаев

Бүлдіршіндер ертегілер елінде

Пятница, 15 Октябрь 2021 06:26

ертегілер елінде садик

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мегаполис театрлары бүлдіршіндерді қуантуға кірісіп кетті. 13 қазан күні «Ертегілер еліне қонақта» іс-шарасының аясында Шымкент қалалық орыс драма театры, әзіл – сықақ және сатира театры, қуыршақ және жасөспірімдер театрының өнерпаздары балабақшаларға барды.

Шымкент қалалық әзіл – сықақ және сатира театры «Ақзия» балабақшасының бүлдіршіндеріне С.Алтаевтың «Көңілді көбелектер» спектаклін тарту етті. Көбелектердің дәстүрлі өмір сүру салтын сақтап, өз тіршілігін қорғау жолында сиқырлы, әрі жағымсыз кейіпкер Эйбен жіберген зұлымдықтың бәрін жеңіп шығуы бүлдіршіндерге жақсы мен жаманды ажыратуға көмектессе, аралар арасындағы арпалыс, қалпақты адамның көмегі, дәрігер Дәруменнің әрекеті олардың ертегілер еліне саяхаттауына мүмкіндік берді. Балабақшаның «Құлпынай», «Кәусар», «Қарлығаш», «Күншуақ» топтарының тәрбиеленушілері ерекше қуанды.
Ал, қалалық орыс драма театры «Дария Марс» балабақшасының тәрбиеленушілерін В.Зиминнің «Жила-была Сыроежка» ертегісімен қуантты. Қоюшы режиссер А.Петриченконың спектаклі балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шараға Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры да атсалысты. Олар «А-Айналайын» балабақшасында достық пен татулықты дәріптейтін М.Абай-Ділдәнің «Туған күн» ертегісін сахналаса, «Арнаулы мектеп-интернат» оқушыларына өрт қауіпсіздігі мен жол ережелеріне арналған Ә. Файзуллаұлы «Өрт» ертегісін тарту етті.
Бұл ертегілердің әрқайсысы бүлдіршіндер мен оқушылардың жақсылық пен жамандық, әділдік пен адамгершілік туралы алғашқы көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған.

З.КЕНБАЕВА

Таланттарды танытуға мол мүмкіндік

Пятница, 15 Октябрь 2021 06:23

21d168e8-7232-4dc6-a6c8-e06a8dae9e7f

Шымкентте қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік құрдастары» атты жас суретшілер көрмесі ашылды. Кескіндеме өнеріндегі келісті туындылар топтастырылған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.

Кештің ашылуында сөз алған кітапхана директоры Нұрила Жұманова аталған көрме жас суретшілердің туындыларын танытуға септігін тигізетінін жеткізді. Ал Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі директорының орынбасары Досжан Жұмабаев осындай көрмелер жас қылқалам шеберлерінің жаңа шығармаларды дүниеге әкелуіне ынталандыратынын тілге тиек етті.
– Мегаполис жастарының тәуелсіздіктің мерейтойына деген сый-таралғысын жасап жатыр. Жас қылқалам шеберлері он саусақтың құдыретімен еліміздің төл тарихын, бүгінгі жеткен жетістіктерін бейнелеп, көпке ұсынуға көшті. Іс-шараның негізгі мақсаты – іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан дарынды жастардың шығармашылық өнерін насихаттау, жаңа есімдерді қалың жұртшылыққа таныстыру және елдің мәдени дамуына қомақты үлес қосатын жас өнерпаздардың бастамаларына қолдау көрсету. Ұсынылған жұмыстар ұлттық көріністерді қамтып, мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттайды, - деді Н.Серікбайқызы.
Көрмеде С. Абдураимова, А. Бұхарбаева, А. Тасболатова, Ж. Абдалимова сынды жас қылқалам шеберлері өз шығармаларында тәуелсіздікті басты тақырып етіп алғанын айтып, өз ойларын ортаға салды. Жалпы, көрмеге 30-ға жуық картина ұсынылған. Мұнан бөлек, «Қазақ бейнелеу өнерінің бүгіні мен ертеңі» атты кітап сөресі жасақталған. Онда Т.Батанов, Е.Төлебай, С.Алжан, Р.Юсуповтардың авторлық еңбектерімен танысуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, кешке жиналғандарға «Ә.Қастеев – қазақтың тұңғыш суретшісі» деректі фильмі ұсынылды.
Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары жас суретшілердің туындыларын 31 қазанға дейін «Абай» атындағы орталық кітапханадан тамашалай алады.

А.ЖАППАР

Кейіпкер киімін көремін десеңіз...

Пятница, 15 Октябрь 2021 06:11

көрме 1

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мегаполистегі театрларда «Қойылымдық костюмдер көрмесі» өтті. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада театр ұжымдары ең таңдаулы қойылымдардың сахналық киім үлгілерін ұсынды.

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры Мысыр елін билеген, Қыпшақ даласының ұлы қаһарманы Сұлтан Бейбарысқа арналған Р.Отарбаевтың «Сағыныш шөбі», Б.Пармановтың «Алпамыс» және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай сахналанған А.Алтынбековтың «Дара тұлға» поэтикалық драмасының сахналық киімдері мен кейіпкер қуыршақтардың көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрме қала тұрғындары мен қонақтарының театр тынысымен танысып, асыл өнерге бір табан жақындауға мүмкіндік берді.
Ал, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры көрмеге американдық драматург Нил Саймонның әлем әдебиетінің інжу-маржанына айналған «Әумесерлер» комедиясындағы қойылымдық киімдерін қойды. Спектакль қазақ тілінде тұңғыш рет Фархадбек Қанафиннің режиссерлігімен сахналанған болатын. XX ғасырдың 80 жылдарында жазылған пьеса тақырыбы күні бүгінге дейін өзінің өзектілігін жойған емес. «Әумесерлер» комедиясында көрініс желісі бір-бірімен ширыға өрбіп, соңында білімнің күші махаббатқа ұласып, әумесер кейіпкерлер сау адамға айналады.
Бекзат өнер ордасы Шымкент қалалық опера және балет театры репертуардағы ең қызықты костюм үлгілерін ұсынды. Қазақ опера жауһарларынан М.Төлебаевтың «Біржан Сара», Т.Жармұқамедтің «Домалақ ана», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» және шетел классиктерінен Дж.Вердидің «Риголетто», Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз», П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» қойылымдарындағы киімдердің эскиздері қоса ұсынылды.
Аталмыш көрме 12-18 қазан аралығында әр театрдың ғимаратында өтеді.

З.БЕРДІБЕКҚЫЗЫ

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға кім өтініш бере алады? Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері атап өтті. Мұны екі жолмен жүзеге асыруға болады: eGov порталы немесе ХҚО-ға жүгіну арқылы.

 

tson

 

Мемлекеттен төлемдерге өтінішті 20-ға жуық арнайы санатқа жататын азаматтар бере алады. Бүгінде бұл жәрдемақыны төмендегі санаттағы азаматтар алуда:

- ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;
- қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері;
- Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан әскерилердің отбасылары;
- қоршауда қалған Ленинград тұрғындары;
- кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары;
- Чернобыль АЭС-дағы және басқа да апаттың зардаптарын жоюға
қатысушылардың отбасылары және басқалары.

Жәрдемақыны ХҚО немесе eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы алуға өтініш беру үшін мына құжаттарды ұсыну қажет:

* белгіленген үлгі бойынша өтініш;
* жеке басын куәландыратын құжат;
* банк шоты бойынша мәліметтер;
* жәрдемақыны алу құқығын растайтын құжат.

Еске сала кетейік, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жәрдемақы алу үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда ХҚО қызметкерін үйге шақыру қызметі бар. Ол үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалып, сұраныс қалдыру қажет. ХҚО қызметкері өтініш берушімен байланысады және клиентке бару үшін қолайлы уақытын келіседі.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері Қазақстаннын тыс жерде жүріп, паспортқа қалай өтініш беріп, рәсімдеу керегін айтты. Бұл жағдайда ауыстыру мерзімі 80 күнге дейін артады.

Паспортты жоғалту - келеңсіз жағдай. Әсіресе, егер сіз шетелде болсаңыз. Бірақ бұл жағдайда да паспортты қалпына келтіруге болады, дейді мамандар.

Ол үшін өзіңіз тұрған елдегі ҚР елшілігіне немесе консулдығына барып, төмендегі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
* өтініш;
* жеке басын куәландыратын құжат:
- паспортты ауыстыру үшін - ҚР азаматының паспорты;
- 16 жасқа толмаған болса - туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты;
* өлшемі 3,5х4,5 түрлі-түсті 4 фотосурет;
* тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, медициналық анықтама (түпнұсқа және көшірме);
* консулдық төлем түбіртегі.

Басқа елде жаңа құжатты рәсімдеу үшін 80 күнтізбелік күн қажет.

Анықтама: 2021 жылдың басынан бастап Шымкент қаласының ХҚО-лары арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына 105 500 мың паспорт пен жеке куәлік берілді.

Биыл қазақтың әйгілі күйші композиторы Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толып отыр.Осы орайда, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында «Күй анасы - Дина» атты әдеби-сазды кеші өтті.

952

Аты-жөнімізді ХҚО арқылы қалай өзгертеміз

Понедельник, 11 Октябрь 2021 03:23

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметіне өтінішті ХҚО арқылы қалай рәсімдеуге болатынын айтты.

ҚР әр азаматы атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге құқылы. Оған кез келген себеп болуы мүмкін: біреулер отбасылық жағдайына байланысты өзгертіп жатса, басқалары – жеке көңіл қалауымен.

Аты-жөніңізді, сонымен қатар азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу қызметін eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеп, уақытты үнемдеуге болады. Сондай-ақ, сіз бұл қызметті АХАЖ бөлімдері мен жергілікті әкімдіктер арқылы да рәсімдей аласыз.⠀

Ол үшін қажет құжаттар тізімі:
• белгіленген үлгідегі өтініш;⠀
• жеке басын куәландыратын құжат;⠀
• 2 дана 3*4 өлшеміндегі фотосурет.⠀
Мелекеттік баж көлемі:⠀
• аты-жөнін өзгертуді тіркеу – 2 АЕК ⠀
• аты-жөнін өзгерту актісі жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге куәлігі үшін – 0,5 АЕК⠀
Қажет болған жағдайда АХАТ бөлімінің қызметкерлері қосымша құжаттар талап етуі мүмкін.⠀

Жеңілдігі бар жекелеген санаттағы азаматтар мемлекеттік баж төлемінен босатылады. ⠀

Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.⠀

2021 жылдың басынан бастап Шымкент қаласының ХҚО-лары арқылы аты-жөнін өзгерту үшін 3 мыңға жуық өтініш қабылданды.

Страница 10 из 506