«Egemen Qazaqstan»-нан «shymkent» қосымшасы шығады
Пятница, 08 Ноябрь 2019 06:17 Автор Нұрлан БЕКТАЕВ
Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің басшылығы мен ардагер тілшілер Шымкент қаласының оқырмандарымен жүздесті. Танымал қаламгер Мархабат Байғұт айтқандай, «Байтағымыздың бас газетінің» 100 жылдығына арналған кездесу «Отырар» кітапханасында өтті.
Және он саусақтан тамған тамшы Үшінші мегаполисте еліміздегі өнерлі оқушылар қолөнер бұйымдарын жасаудан бағын сынады. «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты өлкетану сәндік қолтаңбалы шығармашылық байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Шағыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының жас…
Түркістан өлкесінің қос тумасы Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұлов бір жылда дүниеге келіп (Сұлтанбек – 1894 жылдың күзінде, 10 қыркүйекте, Қаратау баурайындағы Ақсүмбеде, ал Тұрар сол жыл аяғында, 26 желтоқсанда, Алатау баурайындағы Бесағашта туған еді), дүниені дүр сілкіндірген өзгерістер заманында ұлт болашағын күйттеген күреске толы…
Қазақта «Тозатыныңды тоздырмайтынға, жоғалатыныңды жоғалтпайтынға бер» деген сөз бар. Көрме орталығында сол жоғалатынды жоғалтпайтындарға беріп кететін «Дәстүрлі қолөнерді қолдайық!» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өткен еді.
Миллионды қаланың балғындары көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. «Шымкент цирк» ұжымының өнерпаздары мен қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасын қолдау мақсатында қайырымдылық қойылымын ұсынды.
...Жырларың ақ қайнардың бұлағындай,Атың да Алты Алаштың ұранындай.Мен сені Хан Ханбибі көргенімде,Қыз едің ақмаралдың Лағындай!..
Үшінші мегаполисте алғаш рет ұлттық киім тігетін жас дизайнерлер арасында «Алтын қайшы» байқауы ұйымдастырылды. 50-ден аса үміткер өтініш білдірген байқауда ұлттық мұрамызды заманға сай үндестіре білген сегіз жас дизайнердің топтамасы сынға түсті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Шымкент филиалы мен Халықаралық SilkWay университеті бірлесіп ұйымдастырған «Достық керуенінің» Өзбекстандағы сапары аясында шымкенттік делегация Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дархан Сатыбалдының қабылдауында болды.
Мәлім де беймәлім Өзбекстан туралы әртүрлі әңгімелер айтылады. Тарихы терең Ташкент, сырлы Самарқанд, бақ қонған шаһар Бұхара сынды үш көне қаланың әрқайсысы тұла бойы тарих пен тағылым тұнған жерлер. «Мың естігеннен бір көрген артық» дейді атам қазақ. Жуырда «Достық» керуенімен көрші елдің көрнекті үш шаһарын…
«Шырайлы Шымқала – жастардың көзімен». Дәл осы тақырыпта «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ, «Шымкент қаласы, Түркістан облысы Жайдарман» филиалдарының және Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «JAIDARMAN» ойындарының Шымкент қаласындағы кезекті маусымы бастау алды. Фестивальге 28 жайдарман тобы тіркеліп, іріктеуден 18 команда…