КЕЛЕШЕК ЖАС МАМАНДАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
Среда, 12 Октябрь 2022 05:37«Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен ҚР Президентінің Жолдауы аясында «Университеттердің білім беру бағдарламаларында STEM пәндерін ілгерілету» тақырыбында кездесу өтті. Жиынды ОҚМПУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев жүргізіп отырды.
Ерекше балаға ерекше қамқорлық қажет
Среда, 12 Октябрь 2022 05:34«Қазақстанда 742 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның ішінде 175 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар. Статистика бойынша оның небәрі 99 мыңы ғана ресми тіркелген. Ал, 76 мыңға жуығына статус берілмеген, өз проблемасымен өзі, ата-анасы күресіп жүргендер». Бұл туралы «Ерекше балалары бар ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Рауана Сағадиева Шымкент қалалық филиалының таныстырылымы барысында мәлімдеді.
ҰРПАҚ САУЛЫҒЫ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ
Понедельник, 03 Октябрь 2022 05:33Перинаталдық орталық озық реанимациялық жабдықпен қамтылды
Ұлт саулығы ұрпақ саулығынан бастау алатыны сөзсіз. Ұрпақ саулығының сапасын арттыру мақсатында еліміздегі перинаталдық орталықтарды гипотермия аппаратымен жабдықтау жалғасып жатыр. Күні кеше Шымкент қалалық перинаталдық орталығына нәрестелердің шетінеуін азайтып, мүгедектігінің алдын алуға арналған заманауи медицина жабдығы салтанатты түрде тапсырылды. Бұл кешенді жабдық босану кезінде кездесетін ауыр және орташа асфиксияға ұшыраған сәбилердің өмірін сақтап, денсаулығын тұрақтандыруға арналған.
АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ
Понедельник, 03 Октябрь 2022 05:32«Шымкент қаласында 84 844 зейнеткер бар. Оның 5-еуі Ұлы Отан соғысы ардагері болса, 2390-ы тыл ардагері. Сонымен қатар, қаламызда 55 859 көп балалы ана тұрады. Оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісінің иегерлері 11 266-ны құрап отыр». Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова халықаралық қарттар күні қарсаңында өткен брифингте мәлімдеді.
6 ЕМХАНА, 1 ПЕРЗЕНТХАНА САЛЫНАДЫ
Понедельник, 03 Октябрь 2022 05:28«Абай ауданына қарасты 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауызсумен қамтылған. Ал, электр жарығы 31 елді мекенде толық жүргізілген. Жыл соңына дейін Абай ауданына қарасты елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен және электр жарығымен қамту көзделіп отыр». Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясында Абай ауданының әкімі Б.Парманов мәлімдеді.
ҚАЛАМЫЗ ҚОҚЫСТАН ТАЗА БОЛСЫН ДЕСЕК...
Среда, 03 Август 2022 05:22Бүгінде қоршаған ортаның тазалығын сақтап, өзіңе де, қоғамға да зиян келтірмеу өзекті мәселеге айналып отыр. Мамандар республикалық маңызы бар қалада бұл түйткілдің түбегейлі шешілмеуінде тұрғындардың үлесі бар екенін алға тартуда. Көше, қоғамдық орындардың тазалығын бір жүйеге келтіргенмен, тұрмыстық қалдыққа арналған орындарға құрылыс заттарынан бастап, жарамсыз жиһаз, автокөлік бөлшектеріне дейін қалдырып кететіндердің қарасы азаймай тұр.
«УАҚЫТ ӨТСЕ ДЕ, КІТАПХАНАШЫ БЕЙНЕСІ ӨЗГЕРГЕН ЖОҚ»
Пятница, 29 Июль 2022 05:15Философияда «Өркениеттің дамуы — руханияттың құлдырауына әкеледі» деген тәмсіл бар. Алайда, өркениет пен руханият арасындағы тепе-теңдікті сақтап тұратын орта кітапхана десек қателеспейміз. Бүгінде руханият қазынасының қарашаңырағында отын сөндірмей, түтіні түзу шығу үшін бар күш-жігерін жұмсап жүрген өз ісінің мамандары жетерлік. Біз осындай ортаның бірегейі қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасына барып, директоры Анар ЖАППАРҚҰЛОВАМЕН сұхбаттасқан едік.
БІЛІМ: саннан сапаға қарай...
Среда, 27 Июль 2022 06:04Елімізде 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйымда 1 миллионға жуық бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Мұндағы 500 мыңға жуық бала 5834 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға тіркелсе, 450 мың бала 5205 жекеменшік балабақшаға барып жүр. Алайда, білім саласында атқарылар іс көп. Ең әуелі, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, араға 10 жылдан астам уақыт салып, балабақшаларды лицензиялау тетігі қарастырылып жатыр. Яғни, білім саласы саннан сапаға қарай бағыт алды. Жаңа оқу жылына дайындық барысы мен саладағы бірқатар өзгерістер жайлы айтар болсақ...