Өмірге құштар жастар

Пятница, 14 Октябрь 2022 04:57

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 25 қазан – Республика күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисі мен шахмат ойындарынан арнайы жарыс өтті.

354

ЗОРЛЫҚ ТҮБІ – ҚОРЛЫҚ

Среда, 12 Октябрь 2022 05:43

Мемлекет басшысы 2022 жылдың кыркүйек айындағы Жолдауында «Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр… қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды» деп қоғамдағы зорлық-зомбылыққа алып келетін әрекеттермен күресу қажеттігін нұсқаған болатын.

414

Қазақ театрының тау тұлғасы

Среда, 12 Октябрь 2022 05:21

Жуырда Ж.Шанин атындағы қалалық академиялық қазақ драма театрында көнекөз ақсақалдармен кездесу өтті. Қазақтың тұңғыш театрының негізін қалаушы Жұмат Шаниннің 130 жылдығына орай ұйымдастырылған басқосуда ұрпағы, осы театрда қызмет еткен Қасымхан Шаниннің көзін көрген өнер саласының ардагерлері қатысты.

402

Бақтың барар жері – ынтымақ

Пятница, 07 Октябрь 2022 04:55

yntymak

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары мен қызметкерлері, Абай ауданы әкімінің орынбасары мен жауапты мамандар, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Басқосуға қатысқан Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов жалпыұлттық бірлік тақырыбындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттеріне тоқталып, азаматтық қоғам өкілдерін халық пен билік арасындағы ықпалдастықты нәтижелі арттыруға шақырды.

– Бүгінде Жаңа Қазақстанды құрудың алғышарттарын саяси тұрғыда бекітіп, жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Осыған байланысты міндеттер ассамблеяға да жүктеліп отыр. Межелі міндеттерді табысты орындау үшін мемлекет пен қоғам бірлесе жұмыс істеуі қажет. Сонда ғана біз халқымыздың береке-бірлігін сақтап, мемлекетімізді нығайта аламыз. Біздің кеңеске артылған маңызды міндеттердің бірі – ішкі бірлікке сызат түсетін жағдайлардың алдын алу, мәселелерді шешуге қатысты ұсынымдар беру. Бірлігімізді бекемдеуге үлес қосып, оған кері ықпал ететін жағдайларды анықтап, оның оң шешілуіне жәрдемдесу,- деді ол.

Белгілі қоғам қайраткері, кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиевтің жетекшілігімен өткен жиында тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі қаралды.

– Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу кезегінде 49 840 азамат тіркелген. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезекте тұрғандардың біріңғай республикалық электрондық дерекқорының kezekte.kz сервисі қолданылуда. Осы сервис арқылы азаматтардың кезектілік тізіміне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтар бойынша иелігінде тұрғын үй тіркелген, басқа елді-мекенге қоныс аударған, санатын жоғалтқан, қайтыс болу және тұрғын үймен қамтылу себептерімен 2 040 азамат тұрғын үй кезегінен шығарылды. 2022 жылға 1605 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланған. Жұмыс істеп жүрген 29 жасқа дейінгі жастарға сатып алу құқығынсыз тұрғын үй бойынша 211 пәтерге конкурс және тұрғын үй комиссиясы өткізіліп, қазан айында жалдау келісім шарттарын беру жұмыстары жүргізіледі, - деді Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшы орынбасарының міндетін атқарушы Жұлдызай Сәрсенбайқызы.

Оның айтуынша бүгінгі күнге дейін 124 өтінім түскен, оның ішінде 45 өтінім мақұлданып, 32,9 млн. тг тұрғын үй сертификаттары берілді.

Сонымен қатар кеңес отырысында Абай ауданы әкімдігінің этносаралық саясатты ілгерілетудегі жұмыс барысы да сараланды.

– Қоғамдық келісімді сақтау және этносаралық даулардың алдын алу мақсатында ақпараттық насихаттық топ құрылған. Оның құрамында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Башенов, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары және басқа да қызметкерлер енгізілген. Биыл медиация туралы заңын тұрғындар арасында насихаттау бойынша Қатынкөпір, Қызылжар, Қазығұрт шағын ауданында үш кездесу өткізіліп, 200 ден астам тұрғындар қамтылды, - деді Абай ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Көшікбаев.

Ғалымжан Көшікбаевтың айтуынша, биыл 3000-ға жуық осал топқа жататын отбасыларға демеушілер есебінен көмек көрсетілген. Оның ішінде этнос өкілдерінің қатысуымен қайырымдылық акциялар ұйымдастыруды қолға алды. Аудан бойынша кәсіби емес 8 медиатор тіркелген болса, олардың сотқа дейін 36 дауы шешімін тапты. 6 этносаралық дауға жол берілмей, ауқымды жұмыстар жүргізілген.

Айта кетейік, биыл кеңес тарапынан мекемелерге 18 ұсыным берілді. Аудандық деңгейдегі кеңес мүшелері этнос өкілдері жинақы қоныстанған аумақтарда өткен 31 кездесуге қатысып, берекелі бірліктің мән-маңызын жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарына жұмылдырылды.

Аңызға айналған «Дос-Мұқасан»

Пятница, 07 Октябрь 2022 04:15

1661074152 news b

Қазақ музыка өнерінде орны ерек «Дос-Мұқасан» ансамблі туралы  көркем фильм жарыққа шықты.  Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына биыл 55 жыл толып отыр. Осыған орай Шымкент қаласы Nauryz Park сауда, ойын-сауық орталығының кинозалында  «Дос-Мұқасан» фильмінің тұсаукесері өтті. Премьераға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, зиялы қауым өкілдері, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Айдын Сахаманның режиссерлігімен түсірілген бұл фильмде талантты жастардың өнер жолындағы қиындығы мен қызығы қатар суреттелген. Алматыға арман қуып келген студенттердің достығы шебер сомдалып, алғашқы махаббаттарын сол мекенде кездестіргені бейнелеген. Тіпті, актерлердің түр-тұлғасы да шынайы оқиға кейіпкерлеріне өте жақын.

dos-mukasan 2

– «Дос-Мұқасан» фильмінің сценарийін жазған – Ефрат Шәріпов. Өте керемет жанрда жазылған кино болғандықтан режиссерлікке бас продюсердің өзі шақырды. Кастингте  Қазақстанның белгілі театр әртістері іріктеліп, дайындықты 2020 жылдың  қысында  бастадық. Алматы облысы, Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан өңірінде түсірілген  киноны дайындауға 3 жыл уақыт кетті. Фильм қазір бірқатар фестивальге қатысып, көптеген кино өнерін бағалаушы тарапынан оң бағаға ие болып үлгерді,- деді қоюшы режиссер Айдын Сахаман.

Актерлік құрам да портреттік ұқсастық бойынша  сәтті таңдалыпты. Басты рөлдерде – Мейірғат Амангелдин, Мақсат Сәбитов, Елдос Шайкенов, Саят Мақұлбаев,Айғаным Сағынбаева,  Никита Погодаев, Нұрғиса Қуанышбайұлы, Әбілмансұр Серіков, Артур Асқарұлы, Зухра Сайпи сынды танымал әртістер бар. Жобаға 60-тан астам маман мен 50-ге жуық актер тартылған. Жылдың ең көп күттірген  фильмі көрерменге ұсынылмай жатып ақ, оң пікірге ие болып үлгерді. Сонымен қатар аталмыш туынды биылғы Байқоңыр халықаралық кинофестивалінің шымылдығын ашқан болатын.

 – «Дос-Мұқасан» ансамблінің 55 жылдығы қарсаңында осындай үлкен жоба түсірілді. Алғашқы тұсауы Астанада қаласында өтті. Одан кейін Алматы, бүгін міне, Шымкент қаласында өтіп жатыр.  Осындай мүмкіндікті берген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке шығармашылық топтың атынан  ризашылығымды білдіремін, - деді фильмнің бас продюссері Айгүл Байбек.

dos-mukasan 1

Фильмнің өмірге келуіне «Богемская рапсодия» деген кино сеп болған. Осы себепті  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен,  «Дос-Мұқасан» фильмі көрермендерге жол тартты. Шынайы оқиғаларға негіздерген туындының бас кеңесшісі Досым Сүлеев пен Мұрат Құсайынов болды. Сондықтан бұл түсірілім отандық кино индустриясында ең бірінші тарихи музыкалық туынды ретінде қалады. 

– «Дос-Мұқасан» тек қана ансамбль емес, қазақ музыка өнерінің тарихы.   «Дос- Мұқасаннан» тек топтың емес, сол кезеңдегі қазақ жастарының тағдырын көруге болады.  Әртістер аға-буынның тарихын, тағдырын өте шынайы, таза қалпында сомдап шыққан.  Бұл фильм жастар арасында ұлттық музыкаға деген сүйіспеншілікті арттырары сөзсіз. Қазақ киноиндустриясына осындай шоқтығы биік туынды сыйлаған ұжымға шымкенттіктердің, көзі қарақты көреремендердің атынан алғыс білдіремін! - деді қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан фильмнің тұсаукесірнен соң. 

«Дос-Мұқасан» фильмін көрермендер ыстық ықыласпен қабылдады.

ҚР Президентінің Жолдауы аясында зорлық-зомбылықтың алдын алу жобасы іске асырылуда. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен Шымкент көпсалалы колледжінің студенттерімен «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында кездесу өтті.

350

Ұлттық театр – Шымкент төрінде

Среда, 28 Сентябрь 2022 04:38

М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры Шымкентке гастрольдік сапармен келді. М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек және М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының әртісі, ҚР «Серпер» жастар одағы сыйлығының иегері Алмас Шаяхметов Ақпараттық-коммуникациялық орталығында БАҚ өкілдерімен кездесіп, гастрольдік сапардың жоспарымен таныстырды.

251

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Среда, 28 Сентябрь 2022 04:36

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры халықаралық «Ассалаумағалейкум-VI» қуыршақ театрларының фестиваліне қатысып, жүлдемен оралды. Ақтөбе облысының әкімдігінің қолдауымен және облыстық «Алақай» қуыршақ театрының ұйымдастыруымен өткен байқауда 6 мемлекеттен келген 14 театр ұжымы бақ сынаған.

250

Страница 8 из 10