karta small

Қаламызға қарасты орман қоры жерінің 2,3 гектар телімі елдімекен санатына ауыстырылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен қоғамдық тыңдауда айтылды. Оған қала әкімінің орынбасары Н.Көшеров, зиялы қауым өкілдері, қалалық сәулет және қала құрылысы, қалалық жер қатынастар бөлімдерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.


Қоғамдық тыңдауда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қасымбек Сайлауов баяндама жасап, Сайрам ауданынан Шымкентке өткен «Орманшы» ауылындағы орман шаруашылығына қарасты 2,3 гектар жер телімін елдімекен санатына ауыстыру қажеттігі туындағанын алға тартты. Қоғамдық тыңдау барысында бұл мәселе жан-жақты қаралып, құзырлы мекемелердің қызметкерлері тарапынан бірауыздан келісім берілді. Қ.Сайлауовтың айтуынша, енді орман қоры жерлерін қалаға өткізу жұмыстары қолға алынады.

Айта кетейік, Шымкентте орман қорына қарасты 4 мың гектардан астам жер телімі бар.

Ширек ғасыр ақпарат айдынында

Понедельник, 07 Декабрь 2015 06:07

 MG 8662-1

Биыл «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттеріне – 25 жыл! Тарихқа зер салар болсақ, 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап қаланың бас газеттері жарық көре бастады. Ресми басылым сол жылдардағы елең- алаң заманда өз оқырмандарына түрлі тақырыптарда қалам тербеп, халықтың рухын көтеруге зор үлесін қосты. Бүгінгі күнге дейін егіз басылымды бірнеше редакторлар басқарды. Қаншама журналистер осы ұяда қаламын ұштап, түлеп ұшты. Олардың бірқатары қазір облыстық, республикалық басылымдарда еңбек етуде. Әрқайсысының газетке сіңірген еңбегі бар, оған газетіміздің тарихы куә. Олай болса, ширек ғасырдан бері қаланың тыныс-тіршілігін насихаттап келе жатқан қос газеттің өткен тарихына көз жүгіртсек...

Елдiң рухын көтерген газет

2222Газет алғашында жаршы болып шықты. Оның негізін Мәлік Абдуллаев қалаған болатын. Ал 1991 жылдан бастап газет толыққанды басылым болып жарық көрді. Газетті журналист, жазушы Жұмамұрат Тұяқбаев басқарды. Ол бас редактор болған жылдары басылым өркендеп, тек қалаға ғана емес, облысқа да тарайтын таралымы көп газетке айналды. 1993–1998 жылдары «Шымкент келбетi» газетiнiң таралымы 25 мыңды құрағанын мақтанышпен айтамыз. Облыстық ғылыми-әмбебап «Отырар» кітапханасына барып, ондағы мұрағатта сақтаулы басылымды парақтап, газеттің құрылтайшысы және шығарушысы Халық депутаттары қалалық советі мен Қазақстан Компартиясы Шымкент қалалық комитеті болғандығына көз жеткіздік. Газет аптасына бір рет, сенбі күні оқырманға тарап отырған. Алғашқы мекен-жайы сол кездегі Совет көшесі, №20 үйде болатын. Мұнан соң Курнаков және 2015 жылдың мамыр айына дейін Ленин проспектісінде – қазіргі Республика даңғылында орналасты.
Басылымның ең алғашқы санында-ақ, тілшілер өткір сын, көкейтесті мәселелерді көтеріп, түрлі салалардағы жетістіктерді қамтыпты. Мәселен, газеттің алғашқы нөмірін жасауда үлесін қосқандардың бірі – Светлана Есжанова. Ол әлі күнге дейін осы ұжымда, яғни «Панорама Шымкента» газетінде жұмыс істейді. Өткенді есіне алған ол газеттің алғашқы санында-ақ қаланың демографиялық ахуалы туралы, ер азаматтарға қарағанда әйелдердің саны басым болғаны жайлы мақала жазған екен. Бұдан бөлек, редакция ұжымы мектептердегі пара алу, ұрлық оқиғасы секілді мақалалар жарияланыпты. Алғашқы нөмір сол кезде журналистиканың ыстығы мен суығына төзген өз ісінің білгірлерінің арқасында оқырманға жол тартты.
Мұрағатта сақтаулы тұрған «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің 1991 жылғы нөмірлерін парақтай отырып, тарихына қанықтық. 12 қаңтарда шыққан 1 нөмірінде «Оқырмандарға арнау» атты мақалада қайта құру кезеңінде жұмысын бастаған газеттің жаңа жылдан зор үміт күтетіні, сондай-ақ, қалалық газет редакциясының ұжымы өте қиын жағдайда жұмыс істеп отырғаны, оқырмандардың бұл туралы білуі тиістігі айтылған. Газет ұжымы қала халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға күш салатынын жеткізіпті. Сонымен қатар, басылымның бірінші бетінде оқырмандарға сүйіншілетіп, жақсы жаңалықтан хабардар еткен. 1990 жылдың 27 желтоқсанында №451 болып, «Шымкент келбеті» қазақ тілінде шығатын газет ретінде Қазақ ССР Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы В.Набоковтың қол қоюымен тіркелген. Шығарушы – Халық депутаттары Шымкент қалалық Советі, Қазақстан Компартиясы қалалық комитеті екендігі туралы жазылған куәлік жарияланыпты. «Биылғы – 1991 жыл «Шымкент келбеті» газеті редакциясы үшін көңіл толтырарлық қуанышты жыл болды. Қазақ ССР Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті газетімізге заңды №451 тіркеу куәлігін берді. Демек, газетіміз екі тілде (орыс және қазақ тілдерінде) жарық көретін ресми газет болды» деп басылым қуанышын оқырмандарымен бөлісіпті.

Газеттiң атын өзгертпек болды

Басылымның бір жылдығына орай, 1991 жылы 6 шілдеде жарық көрген №25 санында мерекелік мақалалар жарияланған. «Басылым аты жарасымды болсын» деген тақырыппен Қуандық Тұрдалиннің мақаласы шыққан. Онда «Шымкент келбеті» газетінің атын ауыстыру туралы ұсыныстар жайлы жазылыпты. Қысқаша келтіре кетсек. «...Төтесін айтқанда қалалық, «Шымкент келбеті» газетін бұдан былай «Қошқарата сәулесі» деп атасақ қалай болар? Алдын ала айта кету керек, «Шымкент келбеті» болып шығатын бұл газетіміз аз уақыттың ішінде оқырмандардың жүрегінен терең орын алып, әсіресе, жастарымыздың құмарта оқитын басылымына айналып алды... «Келбет» деген ұғым тым сырт пішім, үстірт ұғым көрінеді. Оған қоса, Шымкенттен шығатын газетті «Шымкенттің газеті» деу еш жаңа ұғым бермеумен бірдей. Керісінше, «Қошқарата сәулесі» ұғымы бейне бір жанды құбылыс сияқты емес пе? Оның есесіне «Қошқарата» өзені барша ұлттарға ортақ табиғи байлық екені анық қой», – дей келе мақала соңында оқырмандар өз пікірлерін ортаға салып, бәлкім бұдан да басқа ат қоюға атсалысар деген оймен аяқтаған. Бірақ бүгінгі күнге дейін қаланың бас газеті өзінің атауын өзгертпей-ақ, сұранысқа ие. Газет аты да өзіне жарасымды екенін уақыт төреші дәлелдеді.

Ұлттық мүдде үнемi назарда

90 жылдары газет беттерінде естеліктер, әдебиет және өнер, шетел әдебиеті, деректі әңгімелер, очерктер, ақындардың өлеңдері жиі жарияланып тұратын. «Шешендік сөздер мектебі», «Ел аузынан», «Журналист мінбері» секілді көптеген айдарлар оқырманның талғамынан шықты. 90 жылдардағы «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» кеткен қиын-қыстау заманда, тоқырау жылдары газетіміз халықтың рухани дағдарысқа ұшырауына жол бермеуге барынша тырысты. Әсіресе, «бетің бар, жүзің бар» демей, сыни материалдар жиі жарияланған екен. Сөзіміз дәлелді болсын. 1991 жылы 1маусымда жарық көрген санында «Баламызды қазақша оқыта аламыз ба?» және «Ұлттық мәдениетіміздің көкейкесті мәселелері» деген мақалалар менмұндалап тұр. Бұдан бөлек, «Сусыз өмір...Көнбіс өмір...Қалған көңіл...» деген материалда «Қазығұрт» шағынауданындағы өзекті мәселе жазылған. Онда қазығұрттықтардың тұрмысына басшылар тарапынан тиісті дәрежеде көңіл бөлінбей келгені, халық жағдайын жақсартатындай өзгерістердің алға басуы тасбақа аяңнан аспағаны, талай есіктің қағылып, арыз-шағымдардың жазылғаны жайлы өткір баяндалған. Тіл мәселесіне қатысты өзекті материалдар саны аз болмады. «Шымкент келбеті» газетінің арнаулы тілшісі О.Бекболатов «Тұйықтан шығар жол қайда?...» деген мақаласында тіл тағдырына алаңдаушылығын жеткізген. Сонымен қатар, «Қазақ тілі қоғамын» қатаң сынға алды. Қазақ тіліне деген немқұрайлы көзқарас мәселесі көтерілген. «Қаладағы саңырау-мылқаулар мектебінде 260 оқушының 200-і өзіміздің қаракөздеріміз. Өкінішке қарай, бұлар тек қана орыс тілінде оқиды. Байқап қарасақ, бұл мектептегі 57 мұғалімнің 47-сі қазақ тілін білмейді екен. Қалалық оқу бөлімі бұл жәйтті тез арада реттемесе болмайды, – деді Абай аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Ү.Қарасаев», – делінген мақалада. Айта кетейік, ол кезде облыстық партия комитеті идеология бөлімінің меңгерушісі Оразкүл Асанғазиева болатын. Әйелдер қап арқалап, бала тәрбиесіне көңіл бөле алмай, күнкөрістің қамын күйттеп жүрген шақта, газеті қыз тәрбиесіне қатысты мәселелерді де жиі көтеретін болған. Мысалы, «Айсәуле» қыз-келіншектерге арналған ғибрат клубы болды. Бертін келе «Ақ отау» айдарында нәзік жандыларға арналған талай кеңестер жарық көрді.

Сыни мақалалар үшiн тiлшiлердi сотқа сүйредi

Әділдікті ту еткен газет ұжымының басшысы Ж.Тұяқбаев журналистерге тек шындықты жазуға кеңес берген. Сыни мақалалардан соң, газет ұжымы соттың жиі «қонағына» айналды. Ақпарат шынайы болғандықтан, көп ретте тілшілер жеңіске жететін. Сол жылдарда облыстық телеарнада журналист болған Ерсұлтан Әмірбек былай деп есіне алады: «90 жылдардың аяқ шені еді. Басылымның батыл бас редакторы
Жұмамұрат Тұяқбаев ағамыз Шымкентте бензин сатқызып, пайда тауып жүрген пысықай шенеуніктер мен қызылжағалы «крышаларын» ашық сынады. Сыналғандар журналистерді сотқа сүйреледі. Сол кездегі бастығым Байдулла Қонысбек қолдау білдірейік деп мені соттан репортаж беруге жіберетін. Айларға созылған сот Жұмамұрат ағамыздың жеңісімен аяқталды».
Әр жылдары газетті басқарып, оның өркендеуіне үлес қосқан редакторлар туралы айтсақ.
«Шымкент келбетi» газетiн Қайырғали Медет, Анар Бәкiрова, Дәрменбай Шәрiп, Захардин Қыстаубаев, Жеңiс Баһадүр, Балтабек Түйетаев, Жарқынбек Төлтебай басқарды. Ал бүгінде қос газетті ұстанымы нық бас редактор Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова басқарып отыр.
Қос басылымның қызықты шығып, оқырманның үзбей оқуына атсалысқан тілшілерді бүгінде ел таниды. Олар – Атанбек Наурыз, Ләззат Ноғайбаева, Нұрлан Кенжеғұлов, Бекзаттар Дiнәсiлов, Сабырбек Олжабай, Айгүл Мамыт, Жәмила Мамырәлi, Оралхан Дәуiт, Ғалымжан Елшiбай, Шадияр Молдабек, Мәди Манатбек, Гүлжамал
Мұсаева суретшi Суат Бегманов, фототiлшi Әбдуәлi Розметов, Фарида Шарафутдинова, Әлия Еңсебаева, Райхан Ақбердиева, Галина Хан, Ольга Каплина.
Қазір «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінде қаламы жүйрік, жалындаған жастардың қатары басым. Ізденімпаз тілшілердің арқасында газет оқырмандары әлі талай қызықты да, көкейкесті мақалалардың куәсі болары даусыз.

 

Балалар кiтап оқысын десек...

Понедельник, 07 Декабрь 2015 05:29

немесе кітаптардағы әріптер неге ұсақ?

Бүгінде қолына кітап ұстаған баланы көру үлкен бақыт. Мұның себебі де түсінікті. Өйткені, техниканың қарыштап дамыған заманында газет-журнал мен кітаптың орнын компьютер, ұялы телефон және өзге де гаджеттер алмастырған уақытта балаға «кітап оқы, кітапханаға бар» деудің өзі қиын. Дегенмен, кітапқұмар балалар жоқ емес. Бірақ олардың қатарын сиретіп алмай, арттыру үшін балалар әдебиетінің қандай болғаны дұрыс? Ал кітаптың көркемделуі мен ондағы әріптердің көлемі – баланы өзіне эстетикалық жағынан тартуы және қызығушылығын оятуы қажет. Олай болса, қазақ тіліндегі балаларға арналған кітаптардың сапасы қандай?

Қалтаға қарап көсілу

58656c7009c104e8ab648825f7742907Белгілі жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт «Балаларға арналған кітап ерекшеленіп тұруы тиіс. Ал ішіндегі әріптері сұлу болып, баланың кітап оқуға деген қызығушылығын, құштарлығын ояту керек» деп айтады. Өкінішке қарай, мұндай талаптар көп жағдайда сақтала бермейді. Оған кітапханаға барған сәтте куә болдық. Балаларға арналған бөлімдегі кітаптардың дені сапасы төмен қағазға басылып шығарылған. Ол аздай, әріптері тым ұсақ. Көзге кері әсерін тигізеді. Кітапхана қызметкерлері соңғы кезде балаларға арналған әдебиеттің осы іспеттес болып кеткеніне қынжылады. 

Ақын Қалмаханбет Мұхаметқали балаларға арнап «Күн қайдан шығады?» және «Күлкі мен түлкі» кітаптарын жарыққа шығарған. Ақынның айтуынша, кейінгісінің мұқабасы ғана безендіріліп, іші ешқандай әрлеусіз шыққан. Оның себебін былай деп түсіндіреді:
– Бұрын балалар әдебиетінің сапасына талап қоятын мемлекеттік стандарт бар еді. Қазір жоқ. Сондықтан, әркім өз қалтасына қарай көсілетін болған. «Күлкі мен түлкі» деген ертегіні өлең жанрында жазып шықтым. 500 данамен жарық көрді. Балалардың оқуы үшін қызықты болсын деп, ішін көркемдемек болғанмын. Өкінішке қарай, суретшілермен сөйлескен кезде кітаптың әрбір бетіне түсетін суретке 10-15 мың теңге сұрады. Оған менің қаржылық жағдайым сай келмеді. Менің ойымша, ғаламтордан дайын суретті алып қоя салған арзан түседі. Әріптері де майда шықты. 13 шрифт меніңше, балалар үшін тым ұсақ. Негізі, 16-дан жоғары болуы тиіс. Көрер көзге де жақсы. Баланың көру қабілетіне әсер етпейді. Кітап шығаруды тиімді бизнес санайтындар да жоқ емес. Егер тез тарап, жақсы сатылып, өзін ақтап жатса, керемет! Мұндайда жазушылар кітап шығару үшін қаржыны аямас та еді. Ашығын айтайын, қазір кітап шығарғаннан гөрі, жазушылардың шығармаларын ғаламторға жүктегені анағұрлым ыңғайлырақ.
Бүгінде кітапқа салынатын салық аз емес. Тіркелуі үшін 3 АЕК көлемінде, ал кітап шығарып болған соң, сатылымнан түскен қаржының 10 пайызын төлеуі тиіс екен. Осыдан болар, жазушылар шығармаларын жарнамалаудың оңайырақ жолын қарастырып, ғаламторға жүктегенді жөн көреді.

Қазақ тіліндегі әдебиеттер аз

58656c7009c104e8ab648825f7742907-1Қазақ тіліндегі балалар әдебиетінің аздығын кітапхана қорынан да байқауға болады. Мәселен, А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасында 447 мың кітап бар болса, оның тек 92 мың 923-і ғана қазақ тілді оқырманға арналған. Қуантарлығы, 30 мыңға жуық оқырманның басым бөлігі мемлекеттік тілде жазылған әдебиеттерге тапсырыс береді екен. Демек, алдағы уақытта балаларға арналған кітаптарға деген сұраныс артады. Сұраныс бар жерде, талаптың да қатар жүретіні анық. Кітапханашылардың айтуына қарағанда, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кітаптардың барлығы да өте әдемі безендірілген. Әріптері де ірі. Кейде, бүкіл бетті алатын суреттер де баршылық. Өкінішке қарай, тағы да сол – орыс тілінде шыққан ресейлік әдебиеттер. Мектеп жасындағы және бастауыш сынып оқушылары үшін шығарылған кітаптардың оқылымды болатыны сөзсіз. Алайда, жоғары сынып оқушыларына арналған әдебиеттерде біз байқаған олқылықтар жоқ емес. Шымкентте көше-көшені кезіп, кітап сатып жүретін сатушыларды көрмеген адам жоқ шығар. Ұсынғандары – Ресейдің өнімдері. Сыртқы мұқабасы да, ішкі мазмұны да тартымды. Байқағанымыздай, тек балалар әдебиеті ғана емес, тіпті үлкендерге арналған кітаптардың өзі суретпен көркемделіп, ірі әріптермен жазылған. Кітаптың жарнамасы мен оның сырт келбеті сатып алмасыңызға қоймайды. 

Қазіргі кезде көздері нашар көретін балалардың қатары артып барады. Облысымызда 2,5 миллионнан астам халық тұрады. Дәрігерлер соның 30 пайыздан астамының көру қабілетінде ақау барын айтады. Олар мұны экологиямен және тұқым қуалаушылықпен байланыстырып отыр. Соңғы кезде мамандар көз ауруларын өркениет ауруы дегенді жиі айтуда. Ал көзі нашар көретін балаға майда әріптермен жазылған әдеби шығармаларды оқытудың өзі обал.
Кiтап шыµаруда

Қойылатын талаптар қандай?

Қазақстанда баспа үйлеріне қойылатын талаптар бар. Ол Кеден Одағының техникалық регламентінде «Балалар мен жас-өспірімдерге арналған бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» талаптар көрсетілген. Оның ішінде нақты кітаптар мен журналдарға қатысты талаптарға назар аударатын болсақ, әріптердің көлемі баланың жасына байланысты болуы шарт. Мәселен, әдеби кітаптардың шрифті 20-дан аспауы тиіс. Әрі қарай, баланың жасына байланысты көрсетілген. 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер үшін әріптің үлкендігі 20 шрифтпен жазылуы керек. Ал 11-14 жастағы балалар үшін 10 шрифтпен жазылады. Сөз бен сөздің арасындағы қашықтық анағұрлым ашық болуы тиіс екен. 15-18 жас аралығындағы балалар үшін 10 шрифтпен жазылған әріптерге жол беріледі. Тереңінен үңіле берсек, баланың жасы, қағаздың түсі, бояудың сапасы секілді мәселелер толық қамтылған. Демек, балалардың денсаулығына кері әсер етпейтін талаптар қойылған. «Кітаптар мен журналдар балалардың денсаулығына зиянын тигізбеуі тиіс. Егер техникалық регламентке сәйкес келмесе, талаптар орындалмаса, сатушыға біздің тарапымыздан сатылымға шығаруға болмайтыны жөнінде санитарлық нұсқама беріледі. Нұсқаманың орындалуын да тексереміз. Орындалмаса, әкімшілік хаттама толтырып, ісін сотқа жолдаймыз. Біздің облысымызда техникалық регламенттің талаптары өрескел бұзылған жағдайлар әлі кездескен жоқ»,-дейді ОҚО Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы Ғалия Ахметқызы.

Оңтүстiкте балалар жазушылары бар ма?

Өкінішке қарай, шымкенттік баспа үйлерінде балалар әдебиеті шығарылмайды. Онда көп ретте, ересектерге арналған әдебиетті табуға болады. Мәселен, «Кітап» баспасында кітаптың түр-түрі басылып шығарылады. Тек осыдан 4 жыл бұрын Түлкібас ауданынан Надежда Корончук өлең түріндегі ертегі кітабын орыс тілінде шығаруға тапсырыс берген екен. Оның өзі кәсіби жазушы емес. Баспахананың өндіріс бөлімінің басшысы Гүлзира
Сәбденбекова көп жағдайда ағайындар бірлесіп шығаратын шежіре жинағы, жеке адамдар жөнінде немесе белгілі бір саланың тарихы туралы кітаптар көптеп жарық көруде.
– Осыдан екі ай бұрын «Ханқамау» деген кітап қазақ, орыс және ағылшын тілінде жарық көрді. Ол әдеби кітап емес, бірақ балаларға шахмат үйренуді ойын түрінде керемет жеткізген. Суретпен әрлеу, мұқабасын көркемдеу, қағаздың сапасын таңдау секілді жұмыстар тапсырыс берушінің еншісінде. Біз өз тарапымыздан кітаптың әдемі де тартымды болып шығуы үшін ұсыныстарымызды айтамыз. Мұнан соң, кітап шығарғысы келген адам қалтасына қарай көсіледі. Кейде ақшасын үнемдеп, сапасын төмендетіп алатындар да бар. Баспахана тапсырыс берушіден кем дегенде кітаптың 100 данасына тапсырыс алуы қажет. Енді бояу мен қағаздың сапасын айтар болсам, олар адам денсаулығына зиян болмауы керек,-дейді Г. Сәбденбекова.
Балалар жазушысы әрі журналист Есей Жеңісұлының жақында «Мынау ғазиз дүние» атты кітабы жарық көрді. Онда әріптердің үлкендігі мен әр беттің безендірілуі көңілге қонымды. Кітап лезде еліміздің түкпір-түкпіріне тарап, оны балалар оқып, бағасын беріп те үлгерді. Жазушы балалар әдебиетін шығаратын баспа үйлері қойылатын талаптарды жақсы біледі және жұмыстары да соған сай екенін айтты.
– Мен кітап бетіндегі әріптерге қатысты ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын. Қазіргі таңда «Айгөлек», «Балдырған» секілді журналдарды оқып жүрген бала «Ұлан», «Ақжелкен» газеттерін оқи бастайды. Үнемі кітап оқып жүрген бала үшін бұл қиындық тудырмайды. Мәселен, «Атамұра» баспа корпорациясы стандартқа сай кітаптарды басып шығарады. Менің жазған кітабым 3 пен 8 жас аралығындағы балаларға арналған. Ата-ана өз баласына кітап таңдап бермес бұрын, ең алдымен оның жасына сай дүниелерді оқытса екен. 3 сыныпта оқитын қызым «Менің атым – Қожа» кітабын оқып жатыр. Түсінбейтін тұстары көп болғандықтан, сұрағы да көбейді. Нәтижесінде, әлі ауырлау, қиындау екеніне көз жеткіздім. Оның жасындағы бала үшін ол кітапты оқу әзірге ертерек екен, – дейді Е.Жеңісұлы.
Ақын Иосиф Бродский: «Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті», – деген екен. Олай болса, балаларды жастайынан кітап оқуға баулыған жөн-ақ. Кітапқа деген қызығушылық ояну үшін оның сыртқы мұқабасы мен ішіндегі әріптері де тартымды болуы тиіс, деген ой салғымыз келген...

darmenovГазетіміздің 30 қазандағы №44 санында «Қалалық мәслихаттағы ең «қолжетімді» депутат кім?» тақырыбымен мақала жариялап, «Сайлаушының сауалы» айдарын ашқан болатынбыз. Мақала жарияланған соң редакциямызға хабарласушы оқырмандарымыз аз болмады. Қала шаруашылығына қатысты халық қалаулыларына сауалын жолдағандар баршылық, тіпті кезінде дауыс берген депутаттарын «еске түсіру үшін» аты-жөнін жария етуді сұрағандар да бар. Соңғыларына айтарымыз – қалалық мәслихат депутаттары туралы мәліметтерді қала әкімдігінің ресми сайтынан (shymkent.gov.kz) таба аласыздар.
Сайлаушылардан келіп түскен және журналистер дайындаған сұрақтарға жауап алу мақсатында бірқатар депутаттарға хабарласқан да едік. Әрине, бүгінде «жүрсе жұмыс өнетін» заман, яғни біз іздеген депутаттарымыздың бірі Астанада екенін айтса, енді бірі «кейін хабарласармызбен» үміттендіріп қойды. Оқырманымыздың «қолжетімді» сөзін неге қолданғанын еске түсіріп біз отырмыз. Дегенмен, сұхбатқа дайын депутаттарымыз да баршылық. Сондай халық қалаулысының бірі, ОҚО футболдан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің директоры, қалалық мәслихаттың №23 сайлау округінің шақырылым депутаты Ермек Дәрменовпен сұхбаттасқан едік.

– Ермек Аманжолұлы, сайлауалды тұғырнамаңызда қандай мәселе көтеріп едіңіз?

– Екі рет депутат болып сайландым. Төртінші және бесінші шақырылымда да жасаған бағдарламам бірдей болды. Тек кішкене өзгерістер енгізгенім болмаса. Ал жалпы айтар болсам, өзімнің сайлауалды тұғырнамамда «қандай мәселе көтеремін? Қай бағытта жұмыс істеймін?» деп біраз ойландым. 2007 жылы алғаш рет депутаттық сайлауға түскен кезімде көпқабатты тұрғын үйлерде мәселе көп болатын. Талдау жасау арқылы аулаларды, ойын алаңшаларын қалпына келтіру, әрбір үйдің подьезге кіре беріс есігін жөндеу және аулаға кіретін жолдарды жөндеу жұмыстарын бағдарламама енгіздім. Менің сайлау учаскеме 11,12,15 және 16 шағынауданның бір бөлігі кіреді. Онда тек көпқабатты үйлер орналасқандықтан, мәселе де шаш етектен еді. Мысалы, еріген қар мен жаңбыр суы үйдің жертөлелерін басып кететін. Салдарынан маса қаптады, қолаңса иіс пайда болды. Кейбір үйлердегі жылу құбырлары істен шықты. Жертөлені тазалау үшін сорғылау жұмыстары жиі жүргізілетін. Бұдан тұрғындардың мезісі шыққан еді. Сосын, жазда балалар уақытын босқа өткізбесін деп, олардың уақытын тиімді пайдалануға қатысты бір пункт енгіздім. Естеріңізде болса, 2007 жылы жас балалар арасында арақ ішу, темекі шегу және токсикомания өршіп тұрған еді. Менің қарамағымдағы 11 шағынаудан криминогенді саналатын. Оның үстіне тұрмысы нашар отбасылар, жалғызілікті аналар қатары көп болатын.

– Берілген уәде орындалып жатыр ма? Осы күнге дейін қандай жұмыстар атқардыңыз?

– Мен уәдені үйіп-төгіп берген жоқпын. Халықпен кездесулерімде ашығын айттым. Сайлауалды бағдарламаммен таныстырып, сонда көтерілген мәселелерді бірлесе шешетінімізді айттым. Халыққа қатысты мәселені мейлінше ертерек бюджетке енгізуге ықпалымды тигізетінімді айттым. Депутат – банкир немесе әкім емес. «Сіз уәде бердіңіз ғой, орындамайсыз ба?», – деп келгендер болды. Жалпы, халықтың еркін білдіру – әр депутаттың мерейлі міндеті. Сайланған соң, халықтың арыз-шағымын жинап, сессияда балалар үшін ойын алаңшаларының қажеттігін көтердім. Сөйтіп, бес аулаға ойын алаңшасын салуды бастап кеттік. Содан бері біраз уақыт өтті. Оған қоса, менің бағдарламаммен Елбасының саясаты мен қаланың саясаты дөппе-дөп келді де, мен көтерген мәселелер дөңгеленіп шешімін таба бастады. Қазір әр аулаға 5-6 миллион теңге бөлінеді. Ойын алаңшаларына қатысты жұмыстың 98 пайызы орындалды. Өзіме қарасты шағынаудандарда ауларалық 13 футбол алаңшасы бар. Тренажерлар да қойдық. Ішкі орам жолдар жөндеу көрді, арық-атыздарға бордюрлар қойылды. Бұрынғыдай жертөлеге су кірмейтін болды. Аулаларға бейнекамералар, тәртіп сақшылары отыратын дүңгіршектер қойылды. Оның бірі №40 мектептің жанына орналасты. Сонымен қатар, осы мектеп орналасқан көшеге бағдаршам жақын тұрса да, жасанды жол кедергісін қоюды талап еттік. Көшенің арғы-бергі жағына балалар көп өтетіндіктен, жол көлік оқиғасы да жиі болатын. №43 мектепке бастайтын жол да апатты еді. Асфальт жол төселіп, мекептің айналасын қоршадық. Жалпы, білім ұяларымен байланысым тығыз.

– Қазір қаланың тазалығына көп көңіл бөлініп жатыр. Аулаларға қойылған бейнекамералар арқылы бақылауға мүмкіндік туды. Шымкенттіктер WhatsApp нөмірі арқылы тазалыққа байланысты хабарлама жібере алады. Ал сіздің сайлау округіңізге қарасты аулалар таза ма?

– Қоқыс мәселесі әрқашанда өзекті. Ең қызығы, қоқыс жәшіктері тұратын алаңшалар ретке келтірілген кезде, тұрғындардың басым бөлігі қоқыс жәшігін өз ауласына жолатқысы келмейді. Ауланың сынын бұзады, қолаңса иіс шығатын болды деген сылтау көбейді. Тұрғындарға еуроконтейнерлердің төбесі жабық, қар мен жаңбыр су тимейтінін, иіс шықпайтынын айтып түсіндірдім. Ауланың тазалығы тұрғындардың өзіне байланысты екеніне көздері жетті. Үйден шыққан қоқысты ойын баласының қолына ұстатып жібереді көбі. Ал бала оны қоқысқа тастады ма? Міне, мәселе қайда жатыр? Тазалық тәрбиемен де ұштасып жатыр ғой.

– Сайлаушыларыңыз сізді таниды ма? Қарым-қатынас қаншалықты тығыз?

– Сайлаушыларыммен жиі байланыста боламын. Біразы көзтаныс болып қалған. Әсіресе, ардагерлер, үй комитеттерінің төрағалары. Қазір жас балалар да танитын болды. Әңгімеміздің басында айтып өттім ғой, балалар жазғы демалысты аулада немесе көшеде сенделіп өткізбеуі тиіс деп. Ер балаларға онсыз да көңіл бөлінген. Олар ауладағы спорт алаңшасында, стадионда доп тебеді, басқа да үйірмелермен қамтылған. Байқап қарасақ, қыздарға мән берілмеген екен. Содан олардың да бос уақытын тиімді етейік деген мақсатпен би үйірмесін аштық. Үйірмеде үйренген билерін ата-аналарына, көршілеріне көрсетіп, өзара жарысады. Мәселен, 11 шағынауданда осымен екі жыл қатарынан биден жарыс өткізіп келеміз. Ата-аналар риза болды. Жеңімпаздарды анықтап, тарту-таралғыларын үлестіріп бердік. Қыздар «келесі жылы да осындай жарыс өтсінші» деп қиылып қалды. Үй комитетінің төрағаларын жақсы танимын (күледі-автор). Әсіресе, қазір тығыз байланыстамыз, өйткені жылу маусымы басталғалы бері әдеттегідей қаламызда мәселе де арта түседі. Арнайы іздеп келетіндері бар, телефон арқылы хабарласатындары да көп. Жылына екі рет халықпен ресми түрде кездесемін. Ал бейресми кездесулерге уақыт белгілемеймін де, шектемеймін де. Әр аулаға барып, сондағы үй комитетінің төрағаларымен, қарттармен жүздесемін. Ата-әжелерді әркез туған күндерімен құттықтауға тырысамын.

– Шымкентте «қызыл сызық» мәселесі өзекті. Коммерциялық нысандар заңды бұзып, пайда тауып жатыр. Депутаттар осы тұрғыда біраз мәселе көтеріп жүр. Осыған қатысты не айтасыз?

– Сол кездегі әкімдердің атын атап, жамандамай-ақ қояйық. «Қызыл сызықтан» асқан коммерциялық нысандар өз уақытында заңдастырылып қойған. Олардың бір-екеуі сотта жеңді де. Өйткені, қолдарында мемлекеттік актісі бар, барлығы заңды. Бірақ, «қызыл сызықпен» күрес нәтижесіз деп айта алмаймын. Мәселен, «Имран» сауда үйінің алдындағы жазғы дәмхананы, Қонаев даңғылы бойында орналасқан «Имранның» бірнеше дүңгіршектерін алып тастадық. «Акация» дүкені маңында жаяу жүргіншілер жолына салынған дүкен болатын. Оны да реттедік. «Шәмші» аллеясында да дүңгіршектер көп орналасқан еді, оларды да алып тастадық. Ал «Кең бабаға» келер болсақ, жұмыс жалғасуда. Олар мемлекеттік актілерін заңдастырып алған. Салық төлеп жатыр.

– Өзіңізді белсенді депутат санайсыз ба?

– Мен үндемей қалған депутатпын деп айта алмаймын. Сессияда мәселе көтеруге тырысамын. Белсенділіктің реті осы екен деп бей-берекет сөйлей беруге де болмас. Әр нәрсенің өз жөні бар. Әсіресе, қаланың бюджеті талқыланып жатқан кезде ақшаның қайда жұмсалып жатқанын білуіміз қажет. Маңызды мәселеге көбірек назар аудару керек болады. Мысалы, 2012 жылы стадиондар туралы мәселе көтердім. Ол кезде мектеп стадиондарының топырағы шығып жататын. Балалар шаңның арасында ойнап жүретін. Ал оның денсаулыққа қаншалықты кері әсері барын айтпаса да түсінесіз. Жасанды газон төсейік деген ұсыныс айттым, әріптестерім қолдады. Қазір мектептердің 80 пайызында спорт алаңшалары салынған және жасанды газон төселген.

– Қалалық мәслихаттың кезекті шақырылым депутаты болып сайландыңыз делік, сол кезде қандай мәселе көтерер едіңіз?

– Тағы да депутаттық мандат бұйырып жатса, біріншіден, жылу жүйелерін реттеуге қатысты мәселе қозғар едім. Қазандықтан шыққан жылу пәтерге келгенше суып қалады. Өйткені, Шымкентте жылу жүйелері жердің үстімен өткен. Құбырлар қапталған жылу сақтайтын материалдар көп жерлерде жұлынып тасталған. Салдарынан көпқабатты үйлерге келетін жылу сапасыз. Екіншіден, мәдени іс-шаралардың маңыздылығына, мәніне көңіл бөлер едім. Әрбір шараның тәрбиелік мәні болуы керек. Үшіншіден, балалар арасындағы суицид мәселесін көтеремін. Қазіргі таңда бұл жағдай тек қағаз түрінде ғана жүзеге асып жатыр. Мектептегі психологтарға тапсырма береміз. Болды. Ол қандай жұмыс істеп жатыр? Балалармен, ата-аналармен қалай сөйлеседі? Онда шаруамыз жоқ. Әйтеуір, қағаз жүзінде керемет. Суицид жайы туралы екі жылдан бері мәселе көтеріп келемін. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депуаты Ұласбек Сәдібековке де айтқанмын. Мектептердегі әлеуметтік теңсіздік балалардың бөлінуіне әкелсе, ал оның салдары суицидке жетелейтіні дәлелденген. Сондықтан, осыған қатысты роликтер мен фильмдерді көптеп шығарып, мектептерде көрсету қажет. Бұл науқандық емес, күнделікті жүргізілетін жұмыс. Жалпы, жоғарыда аталған мәселелер бойынша пікір-ұсыныстарымды білдіріп жүрмін. Қаламыздың өсіп-өркендеуіне жанашырлықпен қарайтын азаматтардың бірімін.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

«Сыбайлас жемқорлықтың алдына алуда БАҚ-ның, журналистердің кинематографиялық мекемелердің, мәдениет қайраткерлерінің рөлі» тақырыбымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бейне байланыс жүйесі ашық келісім алаңы өтті. Оның мақсаты – қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен тәрбиелеуге жағдай жасау.

karupciyaІс-шара барысында ҚР кинематографиялық ұйымдардың және БАҚ-ның белсенділері сөз алды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз хатшысы А. Жумағалиев, Қазақстанның Интернет Қауымдастығының президенті Ш. Сабиров, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы С.Матаев, Қазақстан кинематографиялық ұйымының төрағасы И.Вовнянко өз пікірлерін білдірді.
БАҚ басшылары және мәдениет қайраткерлері қатысқан іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жоспары талқыланып, ұсыныстар айтылды.

Қоқыс полигоны уақытша жабылды

Пятница, 20 Ноябрь 2015 05:40

Мәртөбе ауылы маңындағы қоқыс полигоны соттың шешімімен уақытша жабылды. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше жылдардан бері жергілікті тұрғындар қоқыстың бей-берекет тасталуы мен қолқаны қабатын иістен әбден зәрезап болған еді. Қазір тұрмыстық қатты қалдықтар тасталып келген полигонның кіре берісіне бетон кедергілер қойылды.

photo 22179«Таза қала» ЖШС директорының орынбасары Данияр Утемисовтың айуынша, сот шешімі бойынша берілген уақыт ішінде полигон аймағы экологиялық талаптарға сай реттеледі. Осыған дейін 5 гектар жерді алып жатқан қоқыс полигонына Шымкенттің Қаратау ауданындағы жеке секторлардан шыққан тұрмыс қалдықтары тасталып, күніне 15-20 көлік қоқыс әкелінетін. Сайрам ауданынан қалаға өткен Мәртөбе елді мекенінің тұрғындары қоқыс алаңының жабылуын бір емес, бірнеше рет талап еткен болатын.

Журналистика және жауапкершiлiк

Пятница, 20 Ноябрь 2015 04:49

Ардагерлер үйінде «Ізгілік» сыр-сұхбаты отауының кезекті отырысы өтті. Басқосуда «БАҚ-тағы цензура және журналистің ар-ұяты» тақырыбында қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері өз ой-пікірлерін ортаға салды.


 MG 8238Журналистика және оның өзекті мәселелерін байыптауға арналған басқосуды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов ашты. Ол жиынның мән-маңызына тоқталып, түрлі оқиғалар мен жаңалықтарды халыққа жеткізуде журналистердің орны ерекше екенін атап өтті. Ал ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалының төрайымы
Айгүл Қапбарова қазіргі таңдағы қоғамдағы ақпараттық кеңістіктегі өзекті мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, жергілікті журналистикада орын алып жатқан кемшіліктер көп. Мәселен, басылымдар арасында фактілерді бұрмалау, ешбір дәлелі жоқ пікірлерді жария ету сияқты жағдайлар жиі орын алады. Сондай-ақ, блогерлер мен журналистердің ара-жігін де қамтып өтті.
– Біздің мамандықтың болмысын терең сезінген адамдар ғана журналист бола алады. Маман бойындағы дарынын кемел білімімен туған халқының игілігіне жұмсай білуі тиіс деп есептейміз. Біздің қаруымыз – Сөз. Ал, халық даналығы айтқандай, «сөз тас жарады, тас жармаса, бас жарады». Сондықтан, оны үлкен мәдениетпен пайдалана білу қажет, – деді А. Қапбарова.
Белгілі журналист
Байдулла Қонысбеков көтерілген тақырыптың өзектілігіне тоқталып, журналистердің ізденімпаздығының аз екенін, көкейкесті мәселелердің көтерілмейтінін айтып өтті.
– Қай басылым болсын, халық үшін қызмет етуі керек қой. Мәселен, басылымдар болған оқиғаны, көтерілген мәселені қалай жеткізуі керек? Қазіргі таңда көптеген ақпарат құралдары түрлі келеңсіздіктерді, адам жаны түршігетін оқиғаларды елден сүйінші сұрағандай жариялап жатады.
Бұрын баспасөз бетіндегі сын адамның ар-намысына тимейтін. Оның қызметін сынайтын. Мәселелер де тайға таңба басқандай жазылатын. Қазір басылымдардан мұндай мақалаларды көрмейміз, – деді Б. Қонысбек. Ал филология ғылымдарының докторы, профессор Мекамтас Мырзахметов қолына қалам ұстаған әрбір журналист өзін қоғамдық ой-сананы қалыптастыратын, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын адаммын деп есептеуі тиіс екенін жеткізді. Сыр-сұхбатқа қатысқан ардагер журналистер тұшымды ойлары мен пікірлерін білдірді.Сондай-ақ мұндай басқосулар бұқаралық ақпарат құралдарының сапасын арттыра түсуге септігін тигізетіні, журналистердің дүниетанымын кеңейтіп, ізденіске жетелейтіні айтылды.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Ж. Мәуленқұлов журналистерді еліміздің рухын көтеретін, елге ортақ ой салатын, құндылығы жоғары мақалаларды жариялап, әділетті, адал болуға шақырып, басқосуды түйіндеді.

Жаңа кодекс – жаңашыл көзқарас

Пятница, 20 Ноябрь 2015 04:33

Шымкентке  екі күндік жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жаңа Еңбек кодексінің нормаларын, сонымен қатар, азаматтық қызметкерлердің еңбекақы төлеу жүйесіндегі  өзгерістерді 2016-2019 жылдарға арналған еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы және әлеуметтік қамсыздандыру жайын түсіндіріп берді.

Ауруды алдын алу шараларын күшейту қажет

12243349 1501921963468745 5112942098588144546 n

Т. Дүйсенова оңтүстіктегі жұмыс сапарын Шымкенттегі медициналық ұйымдарды аралаудан бастады. Ведомство басшысы ең алдымен облыстық клиникалық аурухана жанынан ашылған саll-орталыққа барды. Өңіріміздегі 112 медициналық мекеме бекітілген орталыққа азаматтар денсаулығына қатысты арыз-шағымдарын жеткізе алады. Соның нәтижесінде тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі. 

Мұнан соң Тамара Дүйсен-ова облыстық онкологиялық диспансердің бүгінгі ахуалымен танысты. Дәрігерлермен кездесуде министр халық арасында аурудың алдын алу шараларын күшейтіп, ел ішінде насихатты көбейту керегін атап өтті. Облыстық кардиология орталығында болып, онда жүректегі ақауды емдеу үшін көптеген ота түрін жасауға мүмкіндіктері бар екеніне көз жеткізді.

Азаматтық қызметкерлердiң жалақысыкөтерiледi

12274441 1501922243468717 7365903433509092684 n

Жұмыс сапарының екінші күні министр бюджеттік сала қызметкерлерімен кездесті. Онда Тамара Дүйсенова 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі туралы айтып берді. Енді азаматтық қызметкерлерді біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай A,B,C,D деген төрт санатқа бөлу көзделген. Тарқатып айтар болсақ, A блогына – ұйымның даму стратегиясы үшін жауап беретін және басқару шешімдерін қабылдайтын басқарушы, B блогына ұйымның негізгі функцияларының іске асырылуын қамтамасыз ететін негізгі топ, C блогына – әкімшілік-құқықтық және шаруашылық функцияларын орындайын әкімшілік блогы, D блогы – қосалқы және техникалық функцияларды іске асыратын қосалқы топ кіреді. Осы жаңа үлгі енгізілген соң, біліктілігіне байланысты негізгі қызметкерлердің жалақысы артады. Мәселен, денсаулық сақтау саласында 7 пайыздан 28 пайызға дейін, білім беру саласында 15 пайыздан 29 пайызға дейін және өзге салаларда 28 пайыздан 40 пайызға дейін жалақы өседі. 

– Қызметкердің білімі, біліктілік деңгейі, еңбек өтілі, санатына және тағы басқасына қарай өсім сараланатын болады. Яғни, негізгі маман ретінде еңбекақысын алады. Мәселен, мұғалімдер туралы айтар болсақ, қазір олар жалақысының 38 пайызын маман ретінде алады, ал дәптер тексергені мен сынып жетекшілігі үшін 52 пайыз төленеді. Жаңа Еңбек кодексі бойынша, негізгі еңбекақы 75 пайыз, ал үстеме ақы 25 пайыз болады. Бұл ретте республикалық бюджеттен 273 миллиард теңге қаралып отыр. Жалпы, елімізде 1 миллион 200-ден астам азаматтық сала қызметкерлері бар,-деді министр Т. Дүйсенова.

Мүгедектердiң жаµдайы басты назарда

Министрдің «RIXOS» қонақ үйінде ардагерлермен, мүгедектермен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен өткен кездесуіне облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов та қатысты. Кездесу барысында Т. Дүйсен-ова келесі жылдан бастап зейнетақы 7 пайызға және мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен асыраушысынан айырылған отбасыларға берілетін жәрдемақы 25 пайызға көтерілетінін хабардар етті. Өз сөзінде министр әлеуметтік, білім және денсаулық сақтау салаларына республикалық бюджеттің 40 пайызы жұмсалатынын тілге тиек етті. Елімізде 625 мың мүгедек бар екен. Оның басым көпшілігінің мамандығы немесе жоғары білімі жоқ. Осы ретте жаңа Еңбек кодексі бойынша, оларды жұмысқа орналастыруға баса назар аударылады. Мәселен, осыған дейін, әр мекеме 3 пайызға дейін мүгедектерге жұмыс орнын ашуға міндетті еді. Қазір 4 пайызға артты.

«Денсаулық» жаңа мемлекеттiк бағдарламасы таныстырылды

Мұнан соң министр Т. Дүйсенова облыс әкімдігінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті. Онда 2011-15 жылдардағы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын бағамдады. Бағдарлама аясында оңтүстікте 93 медициналық ұйым күрделі жөндеуден өтіп, 304 әлеуметтік нысан салынды. Сонымен қатар, кездесуде 2016-2019 жылдарға бағытталған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы туралы айтылды. Бағдарламаның басты мақсаты – ел тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту.

Министр жаңа Еңбек кодексiн түсiндiрдi

«Karlskrona» ЖШС-де жұмыс берушілермен кездескен Тамара Қасымқызы жаңа Еңбек кодексіндегі өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Жаңа Кодексте жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы бақылау күшейтілген. Жұмысқа қабылдау, өзге жұмысқа ауысу және жұмыстан босату функциялары жеңілдетілген. Министрдің айуынша, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы мәселелерге байланысты арыз-шағымдардың көп болуы Еңбек кодексін қайта қарауға түрткі болыпты.
Аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілдерімен өткен кездесуде Тамара Қасымқызы азаматтарды еңбекпен қамту мәселелерін талқылады. Министр жергілікті атқарушы органдарға әрбір жұмыспен қамтылған азаматқа зейнетақы аударылымдарының түсіп тұруын бақылау қажеттігін атап айтты.
Еңбек кодексіндегі нормалар Президент қарауына жіберілген. Елбасы тарапынан қолдау тапса, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Кодекс өз күшіне енетін болады.

Страница 18 из 27