Қоқыс полигоны уақытша жабылды

Пятница, 20 Ноябрь 2015 05:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3501 раз

Мәртөбе ауылы маңындағы қоқыс полигоны соттың шешімімен уақытша жабылды. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше жылдардан бері жергілікті тұрғындар қоқыстың бей-берекет тасталуы мен қолқаны қабатын иістен әбден зәрезап болған еді. Қазір тұрмыстық қатты қалдықтар тасталып келген полигонның кіре берісіне бетон кедергілер қойылды.

photo 22179«Таза қала» ЖШС директорының орынбасары Данияр Утемисовтың айуынша, сот шешімі бойынша берілген уақыт ішінде полигон аймағы экологиялық талаптарға сай реттеледі. Осыған дейін 5 гектар жерді алып жатқан қоқыс полигонына Шымкенттің Қаратау ауданындағы жеке секторлардан шыққан тұрмыс қалдықтары тасталып, күніне 15-20 көлік қоқыс әкелінетін. Сайрам ауданынан қалаға өткен Мәртөбе елді мекенінің тұрғындары қоқыс алаңының жабылуын бір емес, бірнеше рет талап еткен болатын.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.