Жаңа жыл мерекесінде 8 бүлдіршін түрлі жарақатпен, облыстық клиникалық балалар ауруханасына түскен. Оның екеуінде жарақат жеңіл-желпі болғандықтан, үйіне қайтарылыпты. Жалпы,  дәрігерлердің айтуына қарағанда, мерекені қарсы алу кезінде балалар арасында болатын мұндай жағдайлар қатары өткен жылдарға қарағанда азайып келеді.

DSC 0781Мешін жылы біраз ата-ананы әбігерге салды. Қытайдың арзанқол пиротехникалық өнімінсіз мерекенің сәні келмейтін отбасылар үшін қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Қауіпсіздік шараларына мән бермей, үлкендер жағы балаларының қолына сапасыз дүниені бір-бірден ұстатып қоятыны өкінішті-ақ. Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаевтың айтуынша, осындай жағдаймен ауруханаға алты бала жатқызылған. Оның төртеуі күйік бөлімінде, ал екеуі офтальмология бөлімінде ем алып жатыр.
Дәрігерлер жаңа жыл мерекесі қарсаңында түрлі жарақатпен келетін балалар қатарының азайғанын айтады. Мәселен, былтыр 24 бала тіркелген екен. Бұл – бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан пиротехникалық заттардың қауіптілігі туралы көптеп насихатталып, ата-аналардың да қауіпсіздікке көптеп мән бере бастағанының нәтижесі.

Мемлекеттiк кәсiпорындар бiрігеді

Пятница, 08 Январь 2016 03:56

Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болатын арнайы корпорация құрылады. Жаңа құрылымға «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары біріктіріледі.

tokyma 1Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев өзінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында мәлімдеген еді.
Азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетудің ортақ провайдеріне ғана өтініш береді. Осылайша, жұмыстың ашықтығы қамтамасыз етіліп, қажетсіз әкімшілік кедергілер және сұрау салынатын құжаттар тізімі қысқартылады. Бұл Канада мен Австралия елдерінің тәжірибесі. Қазақстан азаматтарына барлық мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуына мүмкіндік туады. Сонымен қатар үкіметтің толықтай ашық болуын қамтамасыз етеді. Үкімет мемлекеттік құпиялардан бөлек, өз қызметінің барлық мәліметтерін ұсынады. Сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдардың статистикалық мәліметтері онлайн режімде қолжетімді болады. Онда мемлекеттік қызметтер ұсынатын барлық ұйымдар топтастырылатын болады. Барлық мемлекеттік қызметтерді осы корпорация ұсынады. Азаматтар тек бір жерге барып, өзіне қажетті қызметті ала алады.

400-ге жуық сәби дүниеге келдi

Вторник, 05 Январь 2016 04:44

Мешін жылы берекесімен келді. Жаңа жылдың алғашқы күндерінде облысымызда 400-ге жуық нәресте дүние есігін ашты. Бұл перзентхана дәрігерлері үшін қауырт жұмыс күні болса, ал аналар үшін сәбилерін бауырына басып, ыстық құшағына алған бақытты күн.

9e4a0411af33af5aff314df1c2edb699

Мәселен, қаламыздағы бір ғана №2 перзентханада желтоқсанның 31-і мен қаңтардың 1-і аралығында 13 бала туылған. Олардың бесеуі ұл болса, сегізі қыз. Оңтүстік – өзге аймақтарға қарағанда халық көп шоғырланған облыс. Әрбір бесінші қазақстандықтың Оңтүстікте дүниеге келетіні тағы бар. Тұңғышын жаңа жылда босанып, қуанышы қойнына сыймаған жас ананың бірі – Ақсұлу Әдімхан. Оның айтуынша, жұбайы екеуінің ұзақ күткен перзенттері екен. Ал дәрігерлердің айтуынша, олар мереке күндері де, тәулік бойы аналар мен сәбилердің денсаулығына жауапты.

Мегаполис мәртебесіне ие болған Шымкент күн санап жаңа ғимараттармен, көпқабатты тұрғын үйлермен толығып жатыр. Қаланың осылай сәт сайын ажарланып келе жатқаны тұрғындар назарынан тыс қалған емес. Өйткені мұндағы атқарылып жатқан әрбір іс – халық игілігі үшін екені даусыз. Ескі жылды артта қалдырып, жаңа жылға жаңа қадаммен аяқ басып отырмыз. Қой жылындағы қаланың кемел келешегі үшін жасалған берекелі істердің аз болмағаны анық. Егер ой елегінен өткізсек, Шымқала әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени көрсеткіштері жөнінен өзге аймақтардан көш ілгері тұр. Мұны ешкімнен жасыра алмаймыз. Қала шаруашылығының қай саласын алып қарасақ та даму мен серпін бар, жетістіктер мен шешімін тапқан мәселелер көп. Халық саны қалай өссе, құрылыс саласы солай қарқын алып келеді. Олай болса, Шымкентте жыл басынан бері ауыз толтырып айтарлықтай жүзеге асқан мақсат-міндеттерді саралап көрейік...

Пайдалануға берiлген нысандар көп

img3

Жылқы жылынан соң уақыт ағымымен өмірге жолдама алатын Қой жылы өзінің ерекшелігімен келді. 2015 жылды өркенді өзгерістер мен еңселі межелер белесі деп айтуға негіз бар. Жаңа жылдың алғашқы айында-ақ, қалада жаңа нысандар пайдалануға беріле бастады. Мәселен, ең көрікті және көлік ағыны көп орындардың бірі дендросаябақ маңында жаңа жерасты өткелі ашылды. Ол арқылы қала тұрғындары мен қонақтары дендросаябаққа қауіпсіз түрде қатынап жүр. Жерасты өткелі Бәйдібек би даңғылында бой көтерген. Айта кетейік, Көмешбұлақ базары маңында да осындай жер өткелі салынды. Осы сияқты «Солтүстік» шағынауданында жерүсті өткелі де пайдалануға берілді. Көп ұзамай, Қытайдан газбен жүретін 200 автобус әкелінді. Сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуда тиімді қадам болды. Жалпы, қалада 86 бағыт бойынша 1250 автобус тұрғындарға қызмет көрсетуде. 2015 жылы Шымкентте жалпы қуат күші 220 кВт-тық «Бозарық» электр станциясының құрылысы басталған. Ол іске қосылған сәттен бастап, қаланың оңтүстік бөлігіндегі тұрғындар электр жарығынан тарлық көрмейді. Бұл ретте облыстық бюджеттен 6 миллиард 7 миллион теңге қаржы бөлінген. Жаңа станцияның құрылысы 2016 жылдың қараша айында аяқталады. Әкімшілік-іскерлік орталығында жуырда ғана пайдалануға берілген заманауи көркем гинастика спорт кешені талай белестерді бағындыратын чемпиондарды дайындайтын болады.

Тұжырымдама – барлық саланы
дамытуға бағытталған құжат

IMG 7373-2Жалпы, қаланың дамуына қатысты жыл басынан бері көптеген жұмыстар атқарылды. Оның ең негізгісі қараша айында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған ең үлкен әрі маңызды бесжылдық даму тұжырымдамасының қабылдануы. Оның негізінде межеленген уақыт ішінде ақжолтай жаңалықтардың орын алатыны даусыз. Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерімен бірге, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы мен сәулеті, кәсіпкерлік секілді бірқатар салалар да қарастырылған. Жан-жақты жоспарланған жоба жұрттың ертеңге деген сенімін нығайтып, қалалықтардың ғана емес, өзге өңірлердің де қызығушылығын тудырды.
Тұжырымдаманың түпкілікті мақсаты – Шымкент қаласын тұрғындарға ыңғайлы және қонақтарға тартымды етіп көрсететін республикадағы заманауи мегополиске айналдыру. Ең алдымен, қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелерді шешу, қала тұрғындары мен қонақтарына қажетті инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру, қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау және инвестиция көлемі мен туристердің санын арттыру – бұл, қала әкімдігі үлкен басымдық беріп отырған міндеттер. Бұдан бөлек, автомобиль жолдарындағы көлік кептелістерін азайту үшін бес жол айрығын салу ұсынылып отыр.

Жаңа жылда жаңа жобалар

Келешекте «Ақылды қала» жобасы бойынша дамитын Шымкент шаһарында шағын және орта кәсіп дамып, қалаға инвесторлар мен туристерді тарту бойынша жұмыстар жүргізілмек. Айта кетейік, аталған жоба негізінде әлемнің көптеген ірі қалалары жұмыс істейді. Бұл жобада тоғыз бағыт қамтылған. Шымкентте «SMART-технология» жобасы енген соң, қала жұртшылығының өмір сүру сапасы арта түседі. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттік шығындар азайып, сәйкесінше, кіріс көлемі ұлғаяды. Тағы бір айта кетерлік жағдай – ретсіз сауда нүктелері жойылып, келер жылы «Shymkent mall» сауда-ойын сауық орталығының құрылысы жүргізіледі, «Шымкент Тұлпар» базарының жаңғырту жұмыстары аяқталады. «Қазыбек» базары қаланың сыртына шығарылып, «Жоғарғы» базар атауы «Шығыс» базары болып қайта құрудан өтеді. Астана даңғылы бойынан жергілікті тұрғындардың Аллаға құлшылық етуі үшін 8 мың орындық мешіт салынады.
Қала басшылығының жоспарында жаңа заманауи іскерлік және тұрғын үй «Shymkent City» ауданын құру да бар. Ол «Тұран» шағынауданында салынады. Бес жылдан соң 56 мыңға жуық халық тұрады деп жоспарланған шағынауданда заманауи емханалар, балабақшалар, мектептер бой көтереді.

Қоныс тойы көбеймек

«Үйі жоқтың күйі жоқ» екені белгілі. Осыған орай, тұжырымдама аясында 2020 жылға дейін Шымкентте 17 мың 351 пәтер тапсырылады екен. Осылайша, баспанасыз жүрген азаматтардың түйткілді мәселесі шешілмек. Бүгінгі таңда 19 мың 722 адам үй кезегінде тұр. Оның үшеуі ҰОС ардагері, 1431-і жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, 7600-і әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендер, мемлекеттік, бюджет және әскери қызметкерлер саны – 10 мың 667-ні құраса, ал 21 адам апатты үй тұрғындары ретінде кезекке алынған. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 12 соғыс ардагеріне үй берілді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы үш үй пайдалануға беріліп, 180 салымшы баспаналы болды. Сондай-ақ, 270 жас отбасыға пәтер кілті табысталды. Ал жыл соңына дейін «ҚИК» АҚ арқылы 1080 адам үй алып, мешін жылын жаңа қоныста қарсы алады. Ал 2020 жылға қарай қазір кезекке тұрған азаматтардың барлығы баспанамен қамтылады.

Жол мәселесi шешiледi

Тұжырымдамада жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін қаладағы автобус паркін жаңарту мәселесі де қаралған. Сонымен қатар, қала жолдарын жөндеу, жолайрық пен жаяу жүргіншілер жолдары салынады. Бұл жұмыстар көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік береді. Темір тұлпар тізгіндеген жұртшылықтың діттеген жеріне кедергісіз әрі тақтайдай тегіс жолмен жетуіне жол ашылады. Қаланың бас жоспарына сәйкес, Астана, Алматы және Қызылорда қалаларының үлгісінде коммуналдық автопарк ашылады. Онда 100 автобус әкелініп, әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша тасымалдау қызметі жолға қойылады. Инвестордың есебінен қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесі енгізіледі.

Теңдесi жоқ «Диснейленд» салынады

Шымкент – инвестиция тартуға қолайлы қала. Осыған орай, қала экономикасының ең тартымды салаларына жергілікті және шетел инвесторларын тарту үшін 100 жоба әзірленген. Тұжырымдамада нақтыланған жоспарлардың орындалуы үшін қала басшысы инвесторлармен келіссөздер жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін Ғ.Әбдірахымов Түркия, Германия, Испания, Корея, АҚШ, Швейцария және өзге де елдердің инвесторларымен екі жақты кездесуінде бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізді. Мысалы, қала әкімі Түркияның Алматыдағы бас консулы Алмат Рызак Ахан Йылмаз бен вице-консул Алпер Алтай жəне атташе Осман Элгунмен кездесті. Ресми кездесуде екі ел өкілдері Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастық, өзара әріптестік қарым-қатынас жайында сөз қозғады. Белгілі болғандай, түркиялықтар Шымкент қаласының алдағы бес жылдыққа арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясына қызығушылық таныта отырып, Түркиялық бизнесмендер Шымкентте теңдесі жоқ халықаралық үлгідегі аквапарк пен «Диснейленд» жобасына өз тарапынан қатысуға дайын екендігін жеткізді. Осы жылдың өзінде 120 млрд теңге қаржы тартылса, оның 80 миллиарды жеке инвесторлардың үлесіне тиесілі.
Әрине, бұл биыл Шымкент жеткен жетістіктердің біз қағазға түсірген бір парасы ғана.
Енді есік қағып тұрған 2016 жылда да Шымкенттің шырайын келтіретін игі істер өте көп. Қалай десек те, қаламыздың өсіп-өркендеуі және келбетінің кемелдене түсуі – шымкенттіктердің игілігі үшін болмақ.

Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көркем гимнастика спорт кешені пайдалануға берілді. Елімізде теңдесі жоқ спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын «КДСМ» ЖШС-і жүргізген. Енді спорттың осы түріне қызыққан жас өрендер заманауи әрі барлық жағдайы жасалған кең ғимаратта жаттығатын болады.

12391987 1518431421817799 7960514764923432430 n

Спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов спортшылар мен облыс тұрғындарын құттықтап, алдағы уақытта облыстың әр ауданынан осындай спорт кешендерінің салынатынын айтты.
Спорт кешені 8 блоктан тұрады. Онда спорттық арена, екі көрініс алаңы және 700-ден астам көрерменге арналған трибуна бар. Сонымен қатар, 6 жаттығу залы, хореография залы мен венткамера, буфет, медпункт және егу бөлмесі, спортшылардың киім ауыстыру және жуыну бөлмесі қарастырылған. Сондай-ақ, 4 бір орындық қонақжай бөлмесі, екі орындық 6 номер, бассейн, 38 адамға арналған екі орындық жатын бөлмесі мен галерея бар.

– Облысымызда спорттың көркем гимнастика түрі бойынша 1 облыстық, 1 Шымкент қалалық және 1 Кентау қалалық балалар мен жас-өспірімдер спорт мектебінде жұмыстар жүргізіліп, дамытылуда. Онда барлығы 23 жаттықтырушы 345 балаға оқу жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Биыл облыс спортшылары көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 8 алтын, 25 күміс, 16 қола медальдарға қол жеткізген. Сонымен қатар, 2016 жылы өтетін Рио-де Жанейро олимпиадасына спортшыларымыздың 12 жолдаманы жеңіп алғандығы айқын дәлел, – деді облыс әкімі.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің №9 оқу ғимаратының жанынан «Студенттер үйі» жатақханасы ашылды. 588 орынға шақталған нысанның ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов пен өңір басшысы Б.Атамқұлов қатысып, студенттерді жаңа қоныстарымен құттықтады. Өз сөзінде облысымызға білімді мамандар қажет екенін атап өтті.


942885 952084394881777 1482099657952299561 nЖатақханаға агротехнология және жаратылыстану-педагогика факультеттерінің студенттері қоныстанады. Жалпы көлемі 9 мың 398 шаршы метрді құрайтын жаңа секциялық түрдегі 5 қабатты жатақхана жиһаздармен қамтылған. Сонымен қатар, жатақханада 6 демалыс бөлмесі, оқу залы, жабдықталған компьютерлік сынып және жаттығу залы, жуыну бөлмелері мен 10 ортақ асхана бар. Республикалық бюджет есебінен салынған ОҚМУ жатақханасы 2015 жылы Қазақстанда ашылған жатақханалардың есебі бойынша жетінші ғимарат.
Еске салсақ, 2012 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Студенттік баспана» мемлекеттік бағдарламасын бекіткен болатын. Осы жылдар ішінде жаңа жатақханалардың құрылысы Президент бақылауында болды. Бұл – министрліктің қолдауымен биыл облыс орталығында ашылған 2-ші студенттер үйі. Оның алғашқысы қыркүйек айында ОҚМПИ-да ашылып, студент жастарға 12 қабатты зәулім тарту етілген болатын. Айта кетейік, 2016 жылы елімізде тағы 4 жоғары оқу орнының жатақханасының құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Шымкент қаласы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің серпіні бойынша алдыңғы орында. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен республикалық және облыстық рейтингтік көрсеткіштердің орындалу барысын нақтылау бойынша қала басшысы Ғ.Әбдірахымовтың қатысуымен өткен мәжілісте айтылды. Сонымен қатар, салалық бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулылары талқыланып, бекітілді.

567a6a523805e

Әр саладағы рейтингтік республикалық, облыстық және қалалық көрсеткіштерді тізіп берген Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Рақымберді Мүлкеманов «Республикалық және облыстық рейтингтік көрсеткіштердің орындалу барысы» туралы баяндама жасады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, даму серпіні жағынан бірінші орынға көтерілген. Ал даму деңгейі бойынша алтыншы орында тұр. Қалалардың даму серпіні бойынша 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылдың 10 айында даму қарқыны төмендеген көрсеткіштер жағынан құрылыс жұмыстарының нақты көлемі 73 пайыз, бөлшек сауда тауар айналымының нақты көлемі 80 пайыз, негізгі капиталға салынған және инвестициялық нақты көлемі 90 пайыз, қылмыс деңгейінің өзгеруі 114 пайызды құраған. Қалада қылмыстың 25 пайызға артқанын тәртіп сақшылары қала аумағының кеңеюі себеп болып отырғанын айтты. Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов келесі жылдан бастап жергілікті полиция құрылатынын, қала көшелеріне бейнекамералар орнатылатынын, полиция қызметкерлері көліктермен қамтылатынын және қаланың түнгі жарықтандырылуына көп көңіл бөлінетінін айтып өтті. Осыған орай, қалалық ішкі істер басқармасына қылмыстық көрсеткішті төмендетуге тапсырма берілді. Мәжіліс соңында қала басшысы қалалық сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, дене шынықтыру және спорт бөлімдеріне жұмыс көрсеткіштерін бір жетінің ішінде өткізуге тапсырма берді.
Биылғы жылдың алты айында республикалық және облыстық рейтингтік көрсеткіштердің орындалу тұрғысынан Шымкент–екінші орында болып, жеті сатыға көтерілген. Өткен жылы осы мерзімде тоғызыншы орынға тұрақтаған еді. Айта кетейік, биылғы жылдың статистикалық рейтингі бойынша қорытынды 2016 жылдың ақпан айында
дайын болады.

 

Қазақстанның Тәуелсіздік туын желбіреткеніне 24 жыл! Осы уақыт ішінде еліміздің жеткен жетістіктері, алған белестері ауыз толтырып айтарлықтай. Мұның барлығы әлбетте, Елбасы Н.Назарбаевтың сара саясатының нәтижесі. Президент: «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзiнiң егемендiгi мен тәуелсiздiгi үшiн күресiп келдi. Өзiнiң ең жақсы қасиеттерiнiң: қатер төнген сәтте бiрiгiп, ұйымдаса бiлуiнiң, сондай-ақ басқа халықтармен бейбiтшiлiк, келiсiм мен тату көршiлiк жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзiнiң мемлекеттiгiн қалпына келтiре алды» деген болатын. Олай болса, Тәуелсіздікті ұғыну, түйсіну және бағалау үшін егемендікке жету жолындағы тарихымызды дәйім жадымызда ұстаған жөн. Осы ретте, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тапалов Дүйсенбек Жәнібекұлымен сұхбаттасқан едік.

 MG 9660-8– Дүйсенбек Жәнібекұлы, «Тәуелсіздік» деген ұғымның қадір-қасиетін ұғыну үшін жылына бір рет жер-жерлерде іс-шара өткізу аз болары анық. Тәуелсіздік қадіріне жете алдық па? Сіздің пікіріңізді білсек...

– Тәуелсіздік дегеніміздің өзі кез келген этностың егеменді ел құру арманынан, мұрат биігінен туындайтын көзқарас. Тәуелсіздік ғылымындағы философияның басты түйіні – мемлекет. Ұшқан құстың қанаты талатын қиырсыз кең даланың сайын сағалап, тауын жағалап, тарыдай шашылып жатқан көшпелі халқын көрнекті ел етемін деп жан алыса, жан берісе жұлқысқан Абылайдан кейін халқымыздың тағдырына зор тауқымет түскен бірнеше ғасырлық бодандық дәуірі келді. Бірақ қаһарман қазақ халқы тәуелсіздік үшін күресін бір сәтте тоқтатқан жоқ. «Қасиетті қазақ жері – ата-бабаларымыздың даңқты тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер», – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тебірене айтуы тегін болмаса керек. Халқымыздың кейінгі ұрпақтары да осы ұғымға лайық, тәуелсіздік күрескерлері бола алды. Оған тәуелсіздігімізбен қатар 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында дүниені дүр сілкіндірген оқиғамен бірге келуі кездейсоқтық емес. Жаңа жыл мерекесін Тәуелсіздіктен жоғары қоятын азаматтарға айтарым жастар да, үлкендер де арагідік тарихқа зер салып, бетке ұстар ақын-жазушыларымыздың шығармаларын көптеп оқығаны абзал. Сонда бөтеннен сығалап келген кірме мерекелер өздігінен ығыса береді деп ойлаймын.

– Тәуелсіздік туралы айтқан кезде сонау 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан оқиғасы туралы айтпай кету мүмкін емес. Қаршадай ғана қазақтың жастары Кеңес Одағының солақай саясатына қарсы шығып, қыршынынан қиылды. Тірі қалғандарының өзі кешегі күнге дейін ақтала алмай, өз елінде жетімнің күйін кешті. 13 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телеарна тілшілеріне берген сұхбатында желтоқсан оқиғасының ұмытылмайтынын, ел тарихында өзіндік орны барын атап өтті. Олай болса, желтоқсан оқиғасының астарына тағы бір үңілсеңіз...

– Кеңестік дәуірде де тынши алмай дүркін-дүркін толқын соғып тұрған ұлт азаттық қозғалыстардың ең соңғы шыңы, ақырғы, қайғылы да жеңісті көрінісі 1986 жылдың желтоқсан айына дөп келді. Кеңестік қызыл империя халықтар достығы туралы көлгірсіген бетпердесін сыпырып тастап, жыртқыштық ұсқынын ашық көрсетті. «17-18 желтоқсанда қарусыз халыққа қарсы сапер күректерді пайдаланды, көтерісшілерді итке талатты. Жараланған адамдарды машиналарға күштеп отырғызып, қала сыртына апарып тастады. «Дружиник» атын жамылған қылмыскерлер арматурадан арнайы жасалынған сойылдармен кінәсіз қазақ жастарының басын жарып, иығын сыңдырып алаңда құлатып жатты, – деп жазды осы оқиға куәгері Сабыр Қасымов. «Эй-Би-Си» бұл оқиғаны «Қазақтар коммунистік тоталитаризмге қарсы көтеріліске шықты» – деп жарияласа, Гонконгте берілген ағылшын тіліндегі хабарда «Қазақтар ұлтын сақтап қалу үшін күресуде», – деді. Ал ресми Мәскеу хабарларында «бір топ маскүнемдер мен нашақорлар, көкжалдардың ұлттық фашистік топтарының арандату үшін әдейі ұйымдастырылған тәртіпсіздіктері», – деп бағалады. Бұл шын мәнінде қазақ халқының ұлт азаттық күресінің жан кешті жалғасы еді. Мұндай оқиғалар қолдан жасалмайды, күні жетіп, айы толғанда өзінен өзі «жарылған сыздауықтай» бұрқ ете түседі. Төңкерістер туралы орыстың әйгілі философтарының бірі Франк Семин: «Халықтың төңкерісін қолдан жасау мүмкін емес, оны өмір өзінен өзі тудырады. Жер қойнауынан жасырылған бір тылсым күштің тосыннан атқылауы сияқты, халық кегі де өзінен - өзі жарылады», – деген.

1991 жылдың 16 желтоқсаны осы ұлы күрестің түйіні шешілген күн, қазақ халқы сол кезде небәрі өз Отанында 47 пайыз ғана болса, Аллаға шүкір, бүгін басына бақ қонған елімізде қазақтар халықтың басым бөлігін құрап, мемлекет құрушы ұлт болып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бұл оқиға-жаңа дәуірдің бастамасы болды. Желтоқсан – бір халықты бір халыққа емес, еркіндікке ұмтылған миллиондардың озбырлық жүйеге қарсы тұңғыш рет бас көтеруі еді. Бұл оқиға–ояна бастаған ұлттардың бұрынғы одақ көлеміндегі алғашқы демократиялық ұмтылысы еді», – деп оның маңызын дөп басып бағасын берген еді.

– Тарих беттерін парақтар болсақ, қазақ халқын желтоқсан айымен байланыстыратын бірнеше оқиғалар, деректер бар екен. «Желтоқсан – қазақ халқы үшін киелі ай» деп баға бергеніңізден хабарымыз бар. Демек, мемлекет болып қалыптасқанымызға дейін егемендік жолында сан түрлі тарихи оқиғаларды бастан кешірдік қой? Әңгімеңізді әріден бастасаңыз...

– ХХ ғасырдың басына қарай В.И.Ленин «Халықтар түрмесі» атанған Ресей империясының ең артта қалған, қараңғы түкпіріне айналған аймақ – қазақ жері еді. Көктемгі жаңа өнген көк бұтақтай енді ғана қалыптаса бастаған қазақ зиялыларының бір ғана басты арманы – Елдікті сақтап қалу болды, ерекше жаратылған, текті де бекзат, асыл сүйікті бабаларымыз Алаш қайраткерлерінің осы жолда құрбан болды. Бұл әрекеттері текке кетпей, ғасыр соңында олардың ұрпақтары отарлық бұғауды бұзып, тәуелсіздік Туын желбіретті. ХХ ғасырда қазақ елі үшін киелі сипатқа ие болған ай – Желтоқсан айы. 1905 жылы 17 қазанда бұқара халықты ашу – ызасымен патшаның демократиялық бостандықтар жариялауға мәжбүр болуы, осындағы ар- ожданы, сөз бостандығына қатысты жиналыстардың өткізілуі, түрлі ұйымдар мен одақтардың бірігу құқығы секілді мәселелерді Орта Азия халықтарының ішінде алғаш болып қазақ зиялылары қолға алды. Құжат тез қазақшаланып, көшпелі ел арасында таратылды. Орыс - славян қауымындағы түрлі саяси қозғалыстар мен партиялардың құрылуын және саяси белсенділігін байқай отырып, біздің зиялыларымыз да ұлт мүддесі үшін саяси ұйымға бірігу қажеттігін ұғынды. Қазақтың бес облысының бір топ өкілдері 1905 жылы желтоқсанда Орал қаласына жиналып пікірлесті. Бақытжан Қаратаевтың жетекшілігімен Қазақ конституциялық–демократиялық партиясын құру туралы шешім қабылданды. Бұл үлкен саяси бағыттағы тұңғыш қадам еді. Ол 1905 жылдың желтоқсанның 14 жұлдызында болған тәуелсіздік жолындағы киелі оқиға болды.
Түркістан өлкесінің мұсылман халықтарының Қоқан қаласында өткен төртіншы құрылтайы 1917 жылы желтоқсанның 10 жұлдызында Түркістан Автономиясын жариялады. Кеңес тарихында ол 64 күн өмір сүріп, осы қысқа ғұмырында тарихтың тәуелсіздік жолындағы шежіресінде мәңгі өшпестей жазылды. 1917 жылдың 12 желтоқсанда Қазақ (Алаш Орда) Автономиясы құрылды. Осы құрылтайда Қазақстанға – Орынборға Түркістан Автономиясы туралы ресми хабар әкелген осы Түркістан үкіметінің Сыртқы істер министрі Мұстафа Шоқай «Алашорда» халық кеңесінің құрамына сайланды. Алашорда басшысы Әлихан Бөкейханмен бірігіп, екі Автономияның қазақтарын жер – суымен бір шаңыраққа қосуды көздейтін мәлімдеме жасады. Ал соңғысы, әрі Тәуелсіздікке қол жеткізуге бірден-бір себеп болған Желтоқсан оқиғасы туралы жоғарыда айтып өттім. Тағы қоса кетейін, желтоқсанның киелі ай екенін айқындайтын біз үшін беймәлім болып келген дерек жақында кездесті. 1959 жылы шілдеде АҚШ конгресі қабылдаған «Езілуші ұлттар аптасы» деген маңызды Заңға сәйкес, жыл сайын 13 желтоқсан Америкада Түркістан күні деп атап, түрік ұлттарының күні аталып өтіледі екен.

– Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланғаннан соң, тәй-тәй басқан ел үшін аяқтан нық тұру оңай болған жоқ. Экономикамыз тұралап, теңгеміз құнсызданды, жұмыс орындары жабылды, айлап жалақы төленбеді. Халық «қалай күн көреміз?» деп бас қатырды. Базар жағалады. Сауданың жабайы түрімен айналысса да, әйтеуір жан бақты. Қысқасы, еліміз гүлденген болашаққа қарай дұрыс бетбұрыс жасады, солай емес пе?

– Осыдан 24 жыл бұрын біздің еншімізге ұлан байтақ жермен бірге, оның әлі анық айқындалмаған саяси жүйесі мен тоз-тозы шығуы мүмкін, ыдырау қаупі бар көп ұлтты мемлекеттік билік тізгіні тиді. Бүкіл заңдық идеологиялық мұраларымыз басқа жүйеге арналған, Конституциямыз, рәміздеріміз бен нышандарымыз атымен жоқ еді. Бәрін де тақыр жерден, тарихымызда болмаған істерден бастап, сапалы дамуға қол жеткізу арқылы елімізді нақтылы егемендікке, сыртқы дүниені тануына жол ашу керек еді. Осы жылдарда кезінде «азуы алты қарыс» Кеңес үкіметі шеше алмаған Қытай, Ресей секілді алпауыттармен, тағы басқа көршілерімізбен жер дауын, территория мәселесін түбегейлі шештік. «Жер» географиялық термин, бірақ ол мелекеттік құрылыстың негізі – саяси мәнге ие ұғым. Әрбір жаңа мемлекетке, оның халқы топтасып, құт- береке табатын өз «Жер-ұйығы» керек. Кезінде Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібектің ақылшысы болған Асан Қайғының жер-ұйық іздеуі тектен-тек емес еді. Ұлтымызды ұйытып,елімізге құт-береке әкелетін жер мәселесін арғы–бергі тарихымызда алғаш рет түбегейлі шешкен Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев екенін айта кеткен жөн. Жалпы, қай тұрғыдан алсақ та Тәуелсіздік пен Тұңғыш Президент – тең ұғым. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі-үш жылда халық жүдеді. Экономикада батыл да жүйелі, жігерлі де жедел өзгерістер қажет болды. Экономика нарықтық қатынастарға бет алып, дербес макроэкономикалық саясат жүргізуге мүмкіндік беретін ұлттық валютамыз бен банк жүйесін қабылдадық. Осының арқасында экономикамызды жоспарлы-директивалық экономиканың сарқыншақтарынан арылу батыл жүзеге асты. Шетелден инвестиция тартыла бастады, жергілікті кәсіпкерлердің жұмысын бастауға зор мүмкіндік болды. Конституциядан бастап, барлық заңдық-нормативтік жүйе, Президенттік басқару қалыптасып, реформаларымызды жеделдетудің құқықтық-саяси негізі жасалынды. Олай болса, желтоқсан рухымен айбарлана түсетін Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Страница 17 из 27