“Мәулiт мерекесi мүбәрак болсын!”

Пятница, 30 Январь 2015 06:27 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4184 раз

Адамзаттың абзалы, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын!) туған айы – Мәуліт мерекесін атап өту үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен Шымкент қаласы “Оңтүстік Цирк” ғимаратында “Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!” атты рухани кеші өткізілді.

408531 1422094297 890 530 0Рухани кешке облыс басшылығы, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары, облыс, қала, аудан мешіттерінің имамдары мен қызметкерлері, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Осы тұста, “Оңтүстік Цирк” ғимаратының 1250 орындық залына көрермен сыймай қалды. Кешті аяғына тік тұрып тамашалағандардың санында есеп жоқ. Мұсылман жамағатының мәуліт мерекесіне деген ынта-ықыласының жыл санап артып келе жатқанын байқауға болады.
 Рухани кешті облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық діни істер басқармасының басшысы Батырбек Қаратайұлы және облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек мырзалар ашып, айтулы мерекемен құттықтап сөз сөйледі.
Құттықтау сөз алған облыс өкіл имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің мерекеге байланысты құттықтауын жеткізді.
Рухани кеште дін тұрғысындағы әндер мен жырларға да кезек берілді. Діни өлеңдер оқылып, термелер орындалды.  
Кештің әрін кіргізген елімізге белгілі өнер жұлдыздары қатысты. Атап айтқанда, айтыскер ақындар Дидар Қамиев пен Мейірбек Сұлтан мәуліт туралы толғап, тыңдарманын тәнті етсе, Алматы қаласынан арнайы келген белгілі әнші Сержан Әли иләһи әндер айтты. Ал облыстық әзіл-сықақ сатира театрының өнер жұлдыздары “Адасқандар” атты сахналық қойылым қойып, өнерлерін ортаға салды.
 Сондай-ақ, “Шымкент” медресесінің шәкірттері пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын!)-ға салауат айтып, арнайы Мәуліт хұтбасын оқыды. Қатысушыларға Діни басқарма жанындағы сараптау комиссиясының мақұлдауынан өткен діни әдебиеттер тегін таратылды.
Жалпы, қатысушылар жоғары деңгейде ұйымдастырылған кештен үлкен рухани ләззат алып, ризашылықтарын білдірді.
Бұл іс-шара облыстағы барлық аудан, қала мешіттерінің ұйымдастыруымен бір ай бойы жалғасын тауып келеді.

Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.