"ТАЗА ҚАЛА – ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ" АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Пятница, 06 Октябрь 2023 04:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 524 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың бастамасымен 7 қазан күнінен бастап "Таза қала — өзіңнен басталады" атты акциясы аясында жалпықалалық сенбіліктер басталады. Бұл акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасады.

 

Акция аясындағы алғашқы сенбілік барысында Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық басқармалары және аумақтық органдары тазалық жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізеді. Ал, аудан әкімдіктері қоқыс жинақталған орындар мен Бадам өзенінің жағалауын тазалауға жауапты болады.
Құрметті қала тұрғындары, кәсіпкерлер, қоғам өкілдері, мемлекеттік және жекеменшік мекеме қызметшілері, еріктілер мен белсенді жастар!
Бәріміз бірге өз қаламызға жанашырлық танытып, сенбілікке біркісідей қатысайық!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.