ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МЕН СТАНДАРТТАУ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ Избранное

Пятница, 06 Октябрь 2023 04:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 619 раз

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында техникалық реттеу мәселелері бойынша көшпелі кеңес ұйымдастырылды. Оған ҚР Техникалық реттеу және метрология комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық кәсіпорны Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы, сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

261

 

Кеңесте Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері және техникалық реттеу саласындағы инновациялар бойынша қазіргі ахуалы талқыланды. Сондай-ақ, ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы өзгерістер мен жоспарлар айтылды.
Жиын барысында «Қазақстан стандарттау және метрология институты« РМК Түркістан облысы және Шымкент қалалары бойынша филиалының директоры Сәкен Бейсеев өз баяндамасында жаңа регламенттерді айтып өтті.
Кеңес барысында құрылыс компанияларының өкілдері, құрылыс өнімдерін сатушылар үшін техникалық реттеу, өнімді айналымға шығару кезінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау, стандарттау саласындағы аккредиттеу, бағалы металдар мен асыл тастарды сату кезіндегі заңнама талаптары туралы айтылды. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін қызықтыратын мәселелер де талқыланып, сауалдарға жауап алынды.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.