ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Пятница, 31 Май 2024 05:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 485 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай және Өзбекстан инвесторларымен кездесті. «Қытайдың 22-ші металлургиялық корпорациясы» АҚБ өкілдері қаламызға инвестиция салып, бірқатар әлеуметтік және спорттық нысандар салуға ниет білдірді. Сонымен қатар, «B.A.Holding» басшылығымен металлургия зауытын салу мүмкіндігі талқыланды.

Kezdesu

 

Инвесторлармен кездесу барысында қала әкімі Шымкент қаласының инвестициялық әлеуеті, мемлекеттік қолдау шаралары, инвесторларға берілетін жеңілдіктер, сондай-ақ арнайы экономикалық және индустриялық аймақ қатысушыларына қарастырылған жеңілдіктер туралы айтты.
Кездесу соңында қала әкімі әрбір инвестордың маңызды екенін айта келе, шетелдік компания өкілдеріне қаламызға қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ жан-жақты қолдау көрсетуге және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.