«ЖОБАЛАРДЫҢ САНЫ ЕМЕС, САПАСЫ МАҢЫЗДЫ» Избранное

Пятница, 31 Май 2024 05:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 435 раз

Еліміздің үшінші мегаполисінде «Shymkent Invest» фронт-офисі ашылды. Ұйым инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын жергілікті және шетелдік инвесторларға жоба идеясы басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін қолдау шараларын жүргізіп, экспорттау, дамуды қаржыландыру бойынша қызметтер көрсетеді. Кеңсенің ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен қала прокуроры Ғабит Мұқанов қатысты.

OFisss

 

Инвесторлар тарту және оларды қолдауға қатысты мемлекеттік қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Фронт-офиспен танысқан қала әкімі бүгінде елімізде инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғанын, Мемлекет басшысының Жарлығымен инвестициялық штаб құрылғанын атап өтті.
«Инвесторлармен тиімді жұмыс жүргізу, сондай-ақ сала бойынша нақты бағдарлама әзірлеу қажет, ең бастысы енгізіліп жатқан жобалардың саны емес, сапасы маңызды», – деді Ғабит Әбдімәжитұлы.
Айта кетейік, «Shymkent Invest» ЖШС қала әкімінің бастамасымен құрылған. Мұнда ұйым қызметкерлері инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетумен қатар құжаттарды дайындауға, жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беруге көмектеседі.
Сонымен бірге, «Shymkent Invest» ЖШС мен Шымкент қаласының прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық аясында инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешу мақсатында кеңсеге тұрақты түрде инвесторларға тікелей қолдау көрсететін прокуратура қызметкері бекітілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.