БАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ Избранное

Среда, 24 Июль 2024 05:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 560 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте жылу маусымына дайындық, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерде, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері қаралып, мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылаудың қорытындысы талқыланды.

2 барлық саладағы жұмыстар

 


Жиында энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұлов жылу маусымына дайындық жұмыстарын баяндады. Оның айтуы бойынша бүгінде бөлек орналасқан 26 жылу қазандығының 13-і жылу маусымына дайын тұр. Сонымен бірге орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясының дайындық жұмыстары аяқталған болса, қалған 7 нысанда жұмыстар жалғасып жатыр. Қазіргі таңда жылыту маусымына әзірлік шаралары қала аумағындағы көпқабатты 2 107 тұрғын үйде, 469 бюджеттік мекемеде жүргізілуде.
Баяндаманы тыңдаған қала әкімі сала және аудан басшыларына жылу маусымына дайындық жұмыстарын сапалы атқарып, 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар халықты үздіксіз, сапалы жылумен қамту үшін өзекті мәселелерді ашық жеткізіп, дер кезінде шешім қабылдауды ескертті.
Одан әрі қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгерім Жұмақұлова мемлекеттік органдардың қоғаммен байланыс мәселелері бойынша баяндама жасады. Қала басшысы мәжіліске қатысып отырған аудан әкімдері мен басқарма басшыларына азаматтармен кері байланысты күшейтіп, түсіндірме жұмыстарын сапалы, шұғыл, әрі жүйелі түрде жүргізуді қадағалауды тапсырды.
Ал, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы Артур Датқаев жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау шараларын қорытындылады. Оның айтуы бойынша қала әкімі аппараты және қала әкімдігіне қарасты аудан әкімі аппараттары мен басқармалары тарапынан 172 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Қала басшысы жауаптыларға құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, халыққа адал қызмет көрсетуді ескертіп, нақты тапсырмалар берді.
Жалпы жиын барысында аудандар мен барлық салада атқарылып жатқан жұмыстар пысықталып, өзекті мәселелердің шешімі қарастырылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.