Жалпыұлттық акцияға «AMANAT» партиясы атсалысып, өз үлесін қосып жатыр.
Атап айтқанда бүгін республикалық «Таза бейсенбі» акциясы Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағынауданында өтті. Бос жатқан 15 гектар жердің тазалық жұмысына Қаратау ауданының әкімі мен белсенді жастар, сондай-ақ, «Аманат» партиясының депутаттары қатысып, көше бойларын тазалау, қураған шөптерді жұлу, қоқыстарды шығару жұмыстарына атсалысты.
Қаратау ауданының құрметті азаматтары мен ақсақалдары да іс-шарада бой көрсетті. Қаратау аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пердеш Есембекұлы бата беріп, өңір тазалығын сақтауға үлес қосқан жастарға алғысын жеткізді.
Шымкент қаласы Аманат партиясының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыханов, партия мүшелері әр апта сайын, бейсенбі күндері, бекітілген аумақтарда тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ететіндігін айтты.
- Партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасында өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға арналған ауқымды міндеттер тұр. Бүгінде аумақтарды, өзен-көлдердің жағалауларын тазарту, қаланың көшелерін көгалдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Алдыңғы бейсенбілікте 13 гектар жерді, бүгін 15 гектар жерге тазалық жұмыстары жүргізілді. Тек тазалық ғана емес, жастардың ауызбіршілігі, ұлттық сана-сезімі арта түскен акция жыл бойына жалғасын табады», – деді Мұрат Жолдыхожаев.
Сонымен қатар, тұрғындарға ауланы таза ұстау, көше бойына қалдықтарды тастамау бойынша түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 15 ГЕКТАР ЖЕР ТАЗАЛАНДЫ Избранное
Четверг, 25 Июль 2024 06:46 Автор Редакция Опубликовано в Қала Прочитано 753 разҚР Президентінің бастамасымен қолға алвнған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы Шымкент қаласын кең ауқымда жалғасын тауып жатыр. Бұл акция жаңа экологиялық мәдениетті және азаматтардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Редакция
Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.